Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

13. Науқас адамға дәрігердің атынан кеңес беріңіз.

а. Рецепте тағайындалған дәрі-дәрмектерді көрсетілуі бойынша қабылдаңыз.

ә. ____________________________________________________________________

б._____________________________________________________________________

в._____________________________________________________________________

г._____________________________________________________________________

14. Науқас адам жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз(аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

15. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз немесе консилиум жүргізуге дайындалыңыз.

Жедел жәрдем арқылы жеткізілген 68 жастағы науқастың асқазаны ұдайы сыздап ауырады, жүрегі айниды, жиі кекіреді, тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан соң ауру оң жақ белге беріледі. Науқасқа алғашқы көмек көрсетілді, қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Бірақ науқас тағайындалған антибиотиктерді қабылдаудан бас тартты.

Төмендегі сұрақтарға өз болжамыңызды білдіріңіз:

а) Науқастың неге дәрі қабылдағысы келмеді?

ә) Басқа қандай көмек көрсетеміз?

16. Сауалнамаға жауап беріңіз.

Сұрақтар

А

ә

б

1

Күніне қанша рет тамақтанасыз?

3-4 рет

2-3рет

1 рет

2

Тамақтануға қанша уақытыңыз кетеді?

30 минут

10-15 минут

5 минут

3

Қуырылған, майлы тамақтарды жиі жейсіз бе?

Сирек

жиі

үнемі

4

Асқазаныңыз жиі ауыра ма?

Ауырмайды

кейде

жиі

5

Темекішегесізбе?

темекішекпеймін

кейде

темекішегемін

6

Спортпен айналысасыз ба?

Көп қимылдайсыз ба?

Иә

кейде

жоқ

7

Жылына дәрігерге

қанша рет көрінесіз?

1 рет

ауырғанда

дәрігерге көрінбеймін

а – 2 ұпай, ә – 3 ұпай, б – 4 ұпай

1-14 – Гастрит болу қауіпі аз. Өзіңізді үнемі осылай ұстаңыз.

15-21– Гастрит қатерінің деңгейі орташа. Дәрігерге жиі көрініп, өзіңізді күтуді жақсылап қолға алыңыз.

22-28– Гастрит қауіпі өте жоғары. Оның алдын алу жолдарын қарастырып, дереу дәрігерге көрініңіз.

Өт жолдарының аурулары

Өттің құрамындағы холестериннің көбеюі тастың пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ, өт жолдарының қабынуы да оның пайда болуына бірден-бір себеп. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр-бұжыр немесе тегіс, жылтыр болады. Олар өт жолында, өт қабында, кейде екеуінде де болады. Өт жолдарында пайда болған тас ауруы көп жағдайда белгісіз дамып, жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүмкін. Оның негізгі және алғашқы белгісі – оң қабырғаның асты бірден шаншып ауыра бастайды. Бұл шаншу көбінесе майлы, сүр ет, қуырған тамақ немесе жұмыртқа жегеннен кейін басталады. Шаншу күні уақыт өткен сайын күшейе түседі, оң жауырынға беріледі. Бірнеше рет жүрегі айнып, құсады. Кейбір науқастар біресе тоңып, біресе қызуы көтеріліп мазасы кетеді, шөлдеп, ауызы құрғап, әлсірейді, жағдайы мүлдем нашарлайды. Өт жолы немесе бауыр ішіндегі өт жүретін жолдары таспен жабылып қалғанда, адам денесі, көзі сарғая бастайды. Ол, көбінесе, екі-үш күннен кейін байқалады. Кіші дәретінің түсі қоңырланып, кейде ағарып кетуі мүмкін. Өт жүретін жолдарда іріңді қабыну басталады (халангит), өттің айналасында түйін пайда болады, сары сулы сұйықтар (перитонит) шыға бастайды, осының әсерінен адам сарғайып кетеді. Себебі өт жолын ішіндегі тас (тастар) жауып, өттің қанға таралуына жағдай туғызады. Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады. Өт жолдарындағы қысымның артуына және қабынудың күшеюіне байланысты өт қабы жарылып, ішіндегі өт және іріңді сұйық құрсақ қуысына төгіледі. Мұндай кезде науқастың өміріне қатер төнеді, шұғыл түрде ауруханаға жатқызып, сырқатқа қолма-қол ота жасап, емдеу қажет.

Холецистит грек тілінен алынған, chole – өт, kystіs – қап және іtіs – қабыну, яғни өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иықтан сезіледі. 2-3 күннен кейін терісі, көздің ағының сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.

Емі: Холециститтің жедел түрінде диета сақтап, артық салмақ қоспауға тырысу керек, дене шынықтырумен шұғылданған жөн, ал аурудың созылмалы түріне ота жасалынады. Арнайы санаторийлерде холециститке себеп болған аурулар емделеді.

Халангит грек тілінен алынған, chole – өт, angeіon – тамыр және іtіs– қабыну, яғни өт жолының қабынуы. Холангиттің негізгі себебі – өтте тас байлану. Көпшілік жағдайда холангит өт жолына бактериялардың түсуінен дамиды. Аурудың қоздырғыштары: ішек таяқшасы, энтерококкпротейстафилококк, т.б. Холангиттің жедел түрі асқынғанда, созылмалы холангитке айналады. Холангиттің созылмалы түрі орта жастағы адамдарда жиі кездеседі. Созылмалы холангит кезінде өт жолы склерозға шалдығады да, бірте-бірте бауыр беріштенеді. Холангит кейде ұйқы безін зақымдайды. Холангит кезінде науқас адамның ас ішуге тәбеті болмай, жүрегі айнып, оң жақ қабырға асты ауырады. Дене қызуы көтеріледі, кейде құсады, денесі қалтырайды, эритроциттердің тұнбаға түсуі жылдамдайды, т.б. патологиялық жағдайлар байқалады. Емі: әр түрлі антибиотиктер беру, ауру асқынғанда хирургиялық операция жасайды.