Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

25 тақырып: Тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы.

Салалас құрмалас сөйлем, түрлері.

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы.

Салалас құрмалас сөйлем, түрлері.

2. Мақсаты: Студенттерге салалас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беру, салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін практикалық жолмен меңгерту, тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы туралы мәлімет беру, мәтінде кездесетін медициналық терминдердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру

3. Міндеті: Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Когнитивті – білім компетенциясы: тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы туралы мәлімет бере отырып, салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту.

Операционалды – дағды компетенциясы: мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұндауға, грамматикалық тақырып бойынша түрлі жаттығу жұмыстарын орындауға үйрету, медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Коммуникативті компетенция: тілдік материал бойынша жаттығу жұмыстарын сауатты орындауға баулу, мәтінге берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру, студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, бұрынғы алған білімдерін жетілдіре отырып ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

4.Негізгі ұғымдар: сіңірдің созылуы, сүйектің сынуы, остеомиелит, жабық сынық, зақымдану, ескірген шығу, салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас. сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, аударма жұмысын жасату.

8. Көрнекі құралдар: «тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы» тақырыбына арналған бүктемелер, салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар.