Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Дене тәрбиесі – дәрісіз ем

Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын – қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз – дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет.

Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айырықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең бастысы көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.

Спорт – салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни, өмірді сүйіп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.

(Қ.Байдосов. «Денсаулық» журналы. 1991, №5.)

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. А., 2001. 130 -б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А.,2010. 128-129 б.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 310-313 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.130-б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.172-б.

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

26 тақырып: ЖИТС - ғасыр дерті

Сабақтас құрмалас сөйлем. Мезгіл бағыныңқылы және мақсат

бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Сабақтың тақырыбы: житс - ғасыр дерті

Сабақтас құрмалас сөйлем. Мезгіл бағыныңқы және мақсат

бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2.Сабақтың мақсаты: сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беру, сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын, құрылысын, оның жай сөйлемнен айырмашылығын практикалық жолдармен меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы сөйлем құрауға дағдыландыру, мәтінде кездесетін жаңа терминдердің мағынасын түсіндіру.

3. Міндеті:Мәтіннің мағыналық бөлшектерінен өз ойын айта білу, берілген тақырып бойынша логикалық түрде айта алу өз пікірін бірізді, дәйекті түрде дәлелдеп жеткізу.

Когнитивті – білім компетенциясы:

тілдік құбылыстарды игертуде айқындалған мақсат негізінде дидактикалық ұстанымдарды жетілдіру; жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге, грамматикалық тұлғалар мен категорияларды дұрыс қолдануға үйрету.

Операционалды – дағды компетенциясы:

өзіндік ой-пікірін дәйекті жеткізуге, жүйелі айта білуге дағдыландыру.

Коммуникативті компетенция: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы:

мәтінді өз бетінше баяндауға үйретіп, ой – өрісін дамыту, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру; жаңа ақпараттар арқылы өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру; дамыта оқытудың жаңа технологиясын игертуге негіз болатын қатысымдық тұлғаларды (сөйлем, мәтін) дұрыс қолдана білу.