Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

20 тақырып: Жоғарғы тыныс алу мүшелерінің аурулары

Есімдік

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Жоғарғы тыныс алу мүшелерінің аурулары

Есімдік

2. Мақсаты: Есімдік түрлерін практикалық жолымен меңгерту; мәтінде кездесетін медициналық, терминдердің мағынасын түсіндіріп, мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. Медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұнын айтуға баулу.

3. Міндеті: Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Когнитивті – білім компетенциясы:

Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге үйрету; сөйлеу барысында есімдіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру; есімдіктердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.

Операционалды – дағды компетенциясы: сөздік қорын байытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқыған мәтіннің мазмұнын жан–жақты талдау арқылы студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Коммуникативті компетенция: тілдік категорияларды дұрыс қолданып, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

4.Негізгі ұғымдар: тұмау, қоздырғыш, мұрын бітелу, мұрын қуысының шырышты қабаты, жедел, созылмалы, баспа, асқыну, бұлшық ет, бауыр, бүйрек.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі: Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар: Жоғары тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған кесте, есімдіктің түрлеріне арналған кесте, үлестірмелі карточкалар, буклеттер.

9.Тапсырмалар

Жаңа сабақ

Есімдік

Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

Сілтеу есімдіктері: осы, сол, бұл, осында, мұнда,

Өздік есімдіктері: өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі.

Белгісіздік есімдіктер: әрбір, кейбір, біреу, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, бірдеңе

Болымсыздық есімдіктер

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Бұлардың ішінен заттық ұғым білдіретіндері - ешкім, ештеңе(ештеме), ешқайсы дегендер. Ешбір, ешқандай дегендер - аттрибутивтік ұғымдағы сөздер.