Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Коммуникативті компетенциябойынша

Е) Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Эндокринология қандай ғылым?

Ағзадағы барлық жүйелер арасындағы мәлімет алмасу нелер арқылы жүріп жатады?

Без деген не?

Бездер нешеге бөлінеді?

Сыртқы секреция бездері деген не?

Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады?

Гормон деген не?

Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай?

Гипофиздің қызметі қандай?

Қалқанша без қайда орналасқан, қызметі қандай?

Ұйқы безінің қызметі бұзылса не болады?

Бүйрек үсті бездерінің салмақтары қанша? Қызметі қанай?

Айрықша бездің қызметі қандай?

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Ж) Сөйлемдерді бастаңыз.

  • ... ішкі секреция бездерінің физиологиясы мен патологиясын зерттейтін ғылым.

  • ... адамағзасында арнаулы заттар – секреттер бөліп шығаратын мүшелер.

  • ... дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлық, яғни психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады.

  • ... деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады.

  • ... ішкі секреция бездерінің орталық безі деп атайды.

  • ...аралас безге жатады, себебі эндогендік те, экзогендік те секрециялық қызмет атқарады.

  • ... мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан, салмағы 20-30 гр.

З) Екі бағанды мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Бездер өздерінің атқаратын қызметіне қарай сыртқы – экзокринді секреция бездері

жыныс бездері кеш жетіледі, ақуыз, май, көмірсу алмасуы нашарлайды.

Адамның тіршілік етіп, өсіп дамуына

салмағы 20-30 гр., адам қартайғанда оның салмағы кішірейеді.

Гипофиздің қызметі бұзылса, бала өспей қалады,

және ішкі – эндокринді секреция бездері болып бөлінеді.

Қалқанша без мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан,

және жыныс бездері қызметімен тығыз байланысты.

Айрықша без денеде кальций алмасуын реттеуге, бейімделуге қатысады, иммунды-қорғаныс

ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше.

И) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

  • Эндокринология ішкі секреция бездерінің физиологиясы мен патологиясын зерттейтін ғылым.

  • Бездер адамағзасында арнаулы заттар – секреттер бөліп шығаратын мүшелер.

  • Сыртқы секреция бездерінің сөл бөліп шығаратын өзектері жоқ.

  • Сыртқы секреция бездеріне қалқанша без, ұйқы безі, бүйрек үсті бездері жатады.

  • Гормон – ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын биологиялық заттары.

  • Гипофиздің қызметі бұзылса, бала өспей қалады.

  • Қалқанша без бауырдың қасында орналасқан.

  • Ұйқы безінің қызметі бұзылса, қант диабеті пайда болады.

  • Айрықша без денеде темір алмасуын реттеуге қатысады.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

К) Төмендегі жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлемдер құрыңыз.

  • Сыртқы секреция бездерінің сөл бөліп шығаратын өзектері бар. Ішкі секреция бездерінде түтікше болмайды, олар сөлін қанға бөледі.

  • Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларға әсер етеді. Ол жүректің жұмысын жылдамдатады.

  • Қалқанша без гормондары жетіспеушілігінен жүйке жүйесінің қалыпты жағдайы бұзылады. Балалардың ақыл-ойы, санасының жетілуі нашарлайды.

  • Гормондар қан арқылы бүкіл денеге таралады. Барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді.

  • Гипофиз мидың түп жағында орналасқан, салмағы 0,5-0,6 гр. Қалқанша без мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан, салмағы 20-30 гр.