Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

30 тақырып Аралық бақылау

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Аралық бақылау

  1. Мақсаты: Өткен лексикалық және грамматикалық маериалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.

3. Міндеті: Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.

Когнитивті – білім компетенциясы: сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата отырып, алған білімдерін тексеру, лексикалық материалдар бойынша тілін дамыта отырып, өз бетінше баяндауды, медициналық термин сөздердің аудармасын беріп жазылуын үйрету.

Операционалды – дағды компетенциясы: сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштарының жасалуына мысалдар келтіре отырып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету.

Коммуникативті компетенция: өз ойларын қорытып, жүйелей білуге дағдыландыру, аударған сөздер мен сөз тіркестерін өмірде қолдана білуге баулу.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау, аударма жұмыстары т.б.

Сабақтың әдістері: коммуникативтік қарым-қатынас, жаттығу, салыстыру, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру.

4. Өткізу түрі: бақылау

5. Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:

1.Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?

2.Валеология қандай ғылым?

3.Құлақ аурулары неден пайда болады?

4.Тірек-қимыл жүйесінің зақымдануына қатысты қандай ауруларды білесіз?

5.Емдеу-сақтандыру мекемелерінің түрлерін атаңыз.

6.Емдеу бөлімшелеріне қандай бөлмелер кіреді?

7.Ағзаны шынықтыру деген не?

8.Ағзаны калай шынықтыруға болады?

9.ЖИТС (СПИД) ауруы қандай ауру?

10.ЖИТС ауруының жасырын кезеңі қалай басталады?

11.ЖИТС (СПИД) ауруының белгілері қандай?

12.Сіңірдің созылуы неден пайда болады?

13.Аурудың қозуына не әсер етеді?

14.Ағзаны шынықтырудың жолдары қандай?

15.Аурулардың қоздырғыштары қалай жұғады?

16.Дәрігер этикасы дегенді қалай түсінесіз?

17.Дәрігердің негізгі міндеттері қандай?

І нұсқа

1-тапсырма. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің қандай түрлері бар? Мысалдар келтіріңіз.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыз.

1. Қуық жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан.

2. Тұңғыш рет мерездің белгілерін 1494 жылы Испания дәрігерлері ашқан.

3. Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан.

4. Тер бездері ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады.

3-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады? Мысалдармен дәлелдеңіз.

4-тапсырма. Шартты бағыныңқы, мақсат бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдерге ажыратып, түрлерін анықтаңыз.

  1. Аурудың созылмалы түріне айналмасын деп, науқас ауруханада емделді.

  2. Денеге суық тигізіп алсаңыз, дереу дәрігерге көрініңіз.

  3. Дәрілік шөптерді көп қолданғанмен, аурудан тез жазылып кетпеді.

  4. Тері ауруын емдету үшін, Айжан емханаға барды.