Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

12. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

  • Пневмония бұл өте ауыр өкпе ауруы.

  • Пневмониямен тек сәбилер ауырады.

  • Пневмония дұрыс тамақтанбаудан пайда болады.

  • Пневмония кезінде тыныс алу жиілейді.

  • Дер кезінде емдей бастаған жағдайда қабыну процесін асқындырмауға болады.

  • Аурудың меңдеу кезеңінде дене қызуы болмайды.

  • Аурудың қайталануы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті.

  • Пневония кезінде науқастың жүрегішаншиды.

13. Мәтін бойынша науқас баланың анасының жауаптарына дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.

–______________________?

– Қатты тұмауратып жатыр, жиі түшкіреді.

–______________________?

– Қызуы 39-40 С-қа дейін көтерілді.

–______________________?

– Мұрнымен тыныс алуға қиналады.

–______________________?

– Иә, жөтеледі.

–______________________?

– Жоқ, қақырық түспейді.

–______________________?

– Тәбеті жоқ.

–______________________?

– Түнімен мазасызданып ұйықтай алмады.

14. Науқас жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз (аты-жөні, баланың жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

15. Науқасқа дәрігердің атынан ем тағайындаңыз(мәтін бойынша).

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар

1. Мәтін туберкулез туралы болса, онда қандай мәселелер жайында айтылуы мүмкін? Болжам жасаңыз.

2. Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

Жұғу... негізгі көзі

Зиян... әдеттер

Диагнозы анықталған... кейін

Нығайту... болады

Міндет... түрде

Науқас... ыдысын

Туберкулез... шалдыққан адам

Көбінесе өкпе... мекендеу

Еліміз... алаңдатып отыр

Кеуде қуысы... ауыруы;

Туберкулез... белгілері

Ми қабығы...зиян келтіру

Туберкулез

Туберкулез – жұқпалы ауру, бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш – микобактериясы енгенде пайда болады.Туберкулезлатын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді, қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох ашты (1882 ж.). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.Жұғудың негізгі көзі – науқас адамдар. Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады. Адамның ішкі құрылысына енген туберкулез таяқшасы көбінесе өкпені мекендейді. Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады:

  • ұзаққа созылған жөтел;

  • салмақ жоғалту;

  • кеуде қуысының ауыруы;

  • тұрақты дене қызуы;

  • түнгі уақыттағы терлеу;

  • әлсіздік пайда болу;

  • қан аралас қақырық түсу.

  • қатты шаршау;

  • тəбеттің төмендеуі.

Егер уақытылы емделмесе,мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Туберкулез адам ағзасының кез келген мүшесін зақымдай алады. Бұның нәтижесінде өкпе, бронх, сүйек-буын, бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады. Әр түрлі лимфа жолдарына, көз, ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін. Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек. Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал,жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.

Ауруды анықтау түрі:

  • манту реакциясы,

  • тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру;

  • қақырықты зерттеу;

  • флюорография немесе рентгенография

Қазіргі кезде туберкулездіңкең таралуы бүкіл елімізді қатты алаңдатып отыр. Туберкулез ауруы анықталған адам ең басты екі мәселені – санитарлық және емдік шараларды мұқият орындап отыруы керек.

Санитарлық шараларға тазалық, жеке бастың гигиенасын сақтау жатады. Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек. Терезенің желдеткішін жиі-жиі ашып, ауасын тазартып, бөлмеде шаң-тозаң болмауына көңіл аударған жөн. Ауру жататын бөлмеге артық зат, бұйымдар, кілем ілудің қажеті жоқ. Науқастың ыдысын отбасындағылардың ыдысымен араластырмай, бөлек ұстап, қайнатып тұрған дұрыс.

Емдік шаралары аурудың сауығуын қамтамасыз етеді. Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.

Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақытында құнарлы, витаминдерге бай азық- түліктерді пайдалану керек, ұйқы мен серуендеуарқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады. Зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі, есірткіден аулақ болған жөн.Cанаторийлерде емделу өте пайдалы. Жеке бас гигиенасын сақтау және уақытында туберкулезге қарсы егулерді қабылдау керек.