Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

1. Келер шақты көрсетіңіз.

а) сен зертханаға барасың

ә) ол дәріханаға бара жатыр

б) ол дәріханаға барды

в) ол дәріханадан шықты

2. Қай сөзде болжалды келер шақ бар?

а) Сабақтан келерсің.

ә) Ауруханада жатыр.

б) Кітап оқыдым.

в) Ол әкесімен келді.

3. Келер шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) Қаламмен жазды.

ә) Кітап оқыды.

б) Дәптерді аларсы.

в) Үстелге отыр.

4. Мақсатты келер шақты көрсетіңіз.

а) Мен бүгін үйден тамақтанармын.

ә) Мен бүгін үйден тамақтандым.

б) Мен бүгін үйден тамақтанып отырмын.

в) Мен бүгін үйден тамақтанбақпын.

5. Ауыспалы келер шақты көрсетіңіз.

а) Ол ертеңгі пойызға отырды.

ә) Ол ертеңгі пойызбен келді.

б) Ол ертеңгі пойызбен бармақ.

в) Ол ертеңгі пойызбен келмек.

6. Етістігі келер шақ формасындағы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қасен қазір келіп қалар.

ә) Әзімбек ертең жол жүрмекші.

б) Нәзира бүгін келген жоқ.

в) Мәтіннің кеше аударып біттім.

7. Болжалды келер шақта жіктелген етістіктерді көрсетіңіз.

а) Мен барамын.

ә) Сен оқырсың.

б) Сіздер білмейсіздер.

в) Олар келмес

8. Сөйлемді аяқтайтын сөздерді көрсетіңіз.

Біз олармен ... .

а) жолығыстыңдар

ә) сөйлестік

б) кездестіңіз

в) таныстық

9. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) университетті барды

ә)... көрді

б) жазып отыр

в) ауруханадан сурет салды

10. Қай сөз тіркесі дұрыс.

а) сіз отырсың

ә) ол кешіктім

б) мен ұйықтадық

в) сен жаттамақсың

11. Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 110-112 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1. Сабақтың тақырыбы: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы

2. Мақсаты:

- Жыл сайынғы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы туралы мағлұмат беру

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы туралы мағлұмат беру

мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту

3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

4. Негізгі ұғымдар:

- Жыл сайынғы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы туралы мағлұмат

- 2011 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы туралы мағлұмат

5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45-48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (60-65 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).

6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма

8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, 2011 ж. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы

9. Тапсырмалар

1-тапсырма. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар. Өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

« - Алдымызда атқарылар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін.»

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

2-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы 2011 жыл

Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл.

Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың өзінде жеттік!

Күні кеше Астанада56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит– соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.

Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады.

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.

Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.

Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.

Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.

Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.

Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.

Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.

Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.

Жағдаяттық тапсырма.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.

Тест тапсырмалары: