Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері

1 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып, жазып алыңыз. Бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауышты екі сызықпен сызып, оларға сұрақ қойыңыз.

Үлгі:Ол (кім?) дәрігерге көріну үшін емханаға барды (не істеді?)

1. Науқастың бүйрегі ауырады. 2. Несеп қаннан түзіледі. 3. Зәр шығару мүшелері екі безден тұрады. 4. Қуық жедел және созылмалы түрде қабынады. 5. Ауру дегеніміз – біртұтас анатомиялық және физиологиялық құбылыстар.

6 Денеге керексіз зиянды заттарды шығаруға белгілі мүшелер қатысады.

2-жаттығу. Сөйлемдердегі баяндауыштарды қазақ тіліне аударып, сұрақ қойыңыз.

1. Біз жұмысымызды ... (выполнили). 2. Бас дәрігер жиналыс ... (проводил). 3. Олар студенттермен ... (говорили). 4. Дәріс сағат тоғызда ... (началась). 5. Біз достарымызбен емтиханға... (готовились). 6. Бүгін қызық дәріс ... (слушали).

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңыз, пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз.

1.Бүйрек немесе несеп жолдары зақымданғанда ауру сезімі бел, несеп жолдары, қуық тұсында болады. 2. Бүйректің әр түрлі ауруларында пайда болатын ісік барлық денені, не оның біршама бөлігін қамтиды, тез дамиды, сипағанда өте жұмсақ сезіледі. 3. Жіті пиелонефрит кенеттен басталады. 4. Бүйректе зәр түзіледі, ол несепағар арқылы қуыққа ағады.

4-жаттығу.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңыз.

1. 1796 жылы Э.Дженнер ең қауіпті ауру шешекті болдырмаудың ... іздеп тапты. 2. Науқас адам ұзақ жыл ... емделсе, жүрек ақауынан тез айығып кетеді. 3. Қан ағзаны түрлі зиянды ... сақтайды. 4. Полиурия - ... 2 литрден көп бөлінуі. 5. Дизурия – несеп бөлгенде несеп жолының ... ауыруы.

(Керекті сөздер: сыздап, әсерлерден, жолын, несептің, ұқыптылықпен)

Кім тез тауып айтар екен?

1. Кімнің? Қанша? деген сұрауға жауап болатын анықтауыш мүшесі бар 5-6 сөйлем жазыңыз.

2. Анықтауыш мүшесі бар 1-2 жұмбақ ойлап айтыңыз.

5-жаттығу. Төмендегі нақыл сөздерді оқып, жазып алыңыз. Толықтауыштың түрлерін анықтаңыз. Оларға сұрақ қойыңыз.

1. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады.

/ Ж.Аймауытов/

2. Денсаулығы мықты кісі ыстыққа да, суыққа да төзе алады. Сол сияқты жаны сау адам ашуды да, қайғыны да, қуанышты да, қалған басқа сезімдерді де көтере алады.

/Эпиктет/

3.Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне, оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.

6- жаттығу. Өлеңді оқып, мазмұнын айтыңыз. Өлеңде кездесетін медициналық атауларды орыс тіліне аударыңыз.

Сырқат сыры

Шамадан тыс толғануды бұйыра,

Зорланғанның келер зақым миына.

Әр нәрсеге наразы боп үнемі,

Жүргендердің ауырады жүрегі.

Кім шектен тыс қызғаншақ келеді,

Оның қауіп бүйрегіне төнеді.

Үрейленгіш, күдікшілдің жауы-ірі,

Ауыратын болар түбі бауыры.

Тек сүюмен өтсе кімнің көп кеші,

Ондайлардың ауырады өкпесі.

Ашуланшақ, ұрыс құмар шетінен,

Көресіні көреді өзі өтінен.

Ауырудың себебі жүз, сыры мың,

Ең бастысы – Аллаға жат қылығың.

Оразақын Асқар