Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.Б.)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

  1. Өзгелік етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.

  1. Ауруын асқындырмай дер кезінде емдетті.

  2. Науқасқа жеміс-жідек, кқкқніс, витаминдерді көп тамақ беру керек.

  3. Ауру асқынғанда қандай мүшелерге әсер етеді.

  4. Гигиеналық талапты сақтаған жөн.

  5. Ауыр зат көтермей денені тік ұстау керек.

  1. Сөйлемдегі өзгелік етісті көрсетіңіз.

Ол биыл баласын ауруханада емдеткізді.

1.Ол

2.баласын

3.биыл

4.емдеткізді

5. ауруханада

  1. Өздік етісті сөзді көрсетіңіз.

1.жуғыз

2.жуын

3.жуса

4.жуыс

5. алдыр

  1. Өзгелік етісті сөзді көрсетіңіз.

1.айтқыз

2.айтыс

3.айт

4.айтпа

5. киін

  1. Ортақ етісті сөзді көрсетіңіз.

1.киін

2.сөйлес

3.баста

4.жазғыз

5.емдетті

  1. Етістікті көрсетіңіз.

1.әрбір

2.қоғам

3.оқиды

4.жеміс

5.ағза

7. Өздік етіс қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

1.Сабақ ерте басталды.

2.Мен онымен сөйлестім.

3.Ол ойланып қалды.

4.Арман кітап оқиды.

5.Дәрі алдырды.

8. Ортақ етісті сөйлемді көрсетіңіз.

1.Таңертең тұрып, дене шынықтыру жаса.

2.Сен дәрігермен сөйлес.

3.Асханадан тамақтандық.

4.Шешем тамақ пісірді.

5.Науқас асқазанын емдетті.

Коммуникативті компетенция

а) лексикалық тақырып бойынша сұрақтар:

Остеохондроз қандай ауру?

Остеохондроздың клиникалық белгілері қандай?

Остеохондроз ауруының қалай алдын алуға болады?

Остеохондрозды қалай анықтайды?

Острехондроз неден пайда болады?

Мойын аймағында орналасқан жұлын жүйесінің зақымдануы қандай ауруларға алып келеді?

Острехондрозды қалай емдейді?

ә) грамматикалық тақырып бойынша:

1. Етістердің түрлерін атаңыз.

2. Өздік етістерге мысалдар айтыңыздар.

3. Ырықсыз етіске 2 мысал келтіріңіз.

Операционалды – дағды компетенциясы:

Мәтінді оқып шығып, етістерді табыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Ми шайқалғанда

Жығылғанда немесе бас қатты затқа соғылғанда мидың шайқалуы мүмкін. Естен танып қалу – соған тән белгі. Бұлай жарақаттанғанда тері бірден боп-боз болып кетеді, бас ауырады, адам қимылдаса, күшейе түседі, жүрек айнып құстырады. Тамырдың соғуы сирейді немесе жиілейді.

Ми тым қатты шайқалғанда көздің қарашығы кеңейіп, тамыр сирек соғады, тыныс алу бірқалыпты болмайды. Адам есін жиғанда басын қалай соқтырғанын айта алмайды. Миы шайқалған адамды еденге шалқасынан жатқызып, омырауын ағытып, белін босату қажет. Адам құсығына шашалып қалмас үшін басын бір жағына бұру қажет. Оны шалқасынан жатқызып, ауруханаға тезірек жеткізген жөн.

6.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 141-142- бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 33-34-бб.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 234-238 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.89-94б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.172-б.