Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СилабусБиофизказ-13-14.doc
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
2.44 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Медициналық биофизика және БИОстатистика МОДУЛІ

СИЛЛАБУС

Силлабус

Пән Медициналық биофизика

Мамандық 051301– «Жалпы медицина»

Оқу сағатының көлемі 2 кредит

Курс 1

Семестр 1/2

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2013 ж.

Профессор Нурмаганбетова М.О., проф. Адибаев Б.М., доц. Байдуллаева Г.Е., аға оқытушы Алмабаева Н.М дайындаған силлабус жұмыс бағдарламасына сәйкестендіріліп құрылды және модуль отырысында талқыланып бекітілді

№____хаттама «___»_________2013 ж.

Модуль жетекшісі, проф. ___________________________ Нурмаганбетова М.О.

I. Жалпы мәліметтер:

ЖОО-ның атауы: - С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина

университеті

Модуль: -Мед.Биофизика және биостатистика

Пәні: - «Медициналық биофизика» , пәннің коды MB 1112

Мамандығы: - 051301 –«Жалпы медицина»

Оқу сағаттарының көлемі: - 2 кредит

Оқыту курсы мен семестрі: -1 курс, 1/2 семестр

Оқытушылар туралы мәлімет: тізімі, дәрежесі мен қызметі, ғылыми қызығушылықтағы артықшылығы,жетістіктері және басқалары.

Ф. А. Ә. А.

Дәрежесі

Атағы

қызметі

Ғылыми қызығушылықтағы артықшылығы, қызметі

Нурмаганбетова М.О.

т.ғ. к.

Профессор

каф.меңгерушісі

Математикалық моделдеу

Адибаев Б.М.

ф.-м.ғ. к.

Профессор

Профессор

Молекулярлық физика

Абирова М.А.

п.ғ.к.

Доцент

доцент

Оқыту әдістемесі

Байдуллаева Г.Е.

ф.-м.ғ. к.

Доцент

доцент

Жылу физикасы

Алмабаева Н.М.

аға оқытушы

Оқыту әдістемесі

Нуртаева Г.К.

аға оқытушы

Оқыту әдістемесі

Бопанова А.О.

оқытушы

Оқыту әдістемесі

Умирбекова З.К.

оқытушы

Оқыту әдістемесі

Байланыс ақпараты:

Мед.биофизика, информатика және мат.статистика кафедрасының мекен жайы мынандай: Алматы қ..Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат), тел. Ішкі 7295

Пәннің саясаты:

Сабақ кестесі бойынша студенттер дәріске және практикалық сабаққа қатысуы тиіс, сонымен қатар оқу материалдарын және сынақты, аралық бақылауларды, емтихандарды уақытылы тапсыру керек. Осындай модулдің жалпы саясаты оқу процессі кезінде болуы керек. Жұмыстың орындалмаған бөлімдерінде студент материалды оқытушымен бірге қосымша өтеу керек.

II.Бағдарлама

1. Кіріспе

Биофизика биологиялық пәндерден қалыптасқан, үш ғылымның – физика, химия және биология ғылымдарының үйлесуі жағдайында өмірлік үрдістер негізін түсіндіруге арналған пән..

Биофизика заңдарын білу ғылыми зерттеулер мен талдаулардың жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта көптеген биофизикалық әдістер ішкі және сыртқы орталардың, соның ішінде, физикалық, химиялық, техногендік табиғатының, токсикалық агенттерінің, ағзаға әсерлер механизмін түсіндіру үшін кеңінен қолданылады. Медико-биологиялық зертеулерде әртүрлі техникалық құралдарды қолданудың жоғарғы тиімділігі зерттеуші құралдардың жұмыс істеуінің физикалық негіздерін білген кезінде ғана жүзеге асады.Бағдарлама сонымен қатар қазіргі медициналық техникаларды қолдану кезінде студенттердің ғылыми білімдері мен практикалық біліктіліктерін қалыптастыруға да бағытталған.

Пәннің мақсаты:

Медико-биологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеулердің теориялық негіздері ретінде ғылыми көзқарастар мен ғылыми әдістемелерді қалыптастыру.

Оқытудың міндеті:

  • Медико-биологиялық зерттеулер есептерін шығару үшін биофизиканың практикалық негізгі жетістіктері туралы білім беру;

  • Медико-биологиялық, гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын биофизиканың негізгі әдістерін оқып үйрету;

  • Адам ағзасында жүретін үрдістерді түсіндіру үшін физика-химиялық заңдарды қолдану білімдеріне үйрету;

Оқытудың соңғы нәтижелері: