Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Халық қаһармандары – ел мақтанышы (б.Момышұлы, т.Әубәкіров т.Б).

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп

Қызмет етуден аянба.

Б. Момышұлы

Бауыржан Момышұлы(1910-1982) – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық қаһарманы». Ол 1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа шығып шығармашылық қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров- қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері. 1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы 1-Май ауылында туған. Әубәкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.1990 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Тоқтар Әубәкіров 45 жасында ғарышкер атанды... Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін берілді.

5-тапсырма. Көмекші есімдерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

Астыңда, үстінде, жанында, маңында, қасында, басында, ішінде, сыртында.

6-тапсырма. Сөйлемдерге тиісті көмекші есімдерді қойып жазыңыз.

Ауылдың ... қалың орман бар. Таудың ... қар бар. Үйдің ... үлкен демалыс орталығы орналасқан. Өзеннің ... көптеген адамдар серуендеп жүр. Оның ... әдемі пальтосы бар. Қала ... әдемі йын – сауық комплексі салынып жатыр.

10. Бақылау (тестілер, тапсырмалар т.б.):

Тест тапсырмалары:

1. Көп нүктенің орнына керекті көмекші есімді қойыңыз.

Үстелдің ... нде кітап жатыр.

а) арты

ә) үсті

б) жаны

в) қасы

г) маңы

2. Б.Момышұлы қай жылы дүниеге келген?

а) 1900ж

ә) 1910ж

б) 1912ж

в) 1915ж

г) 1913ж

3.Көмекші есімдерді табыңыз.

а) кейін

ә) туралы

б) жанында

в) сондықтан

г) дегенмен

4. Б.Момышұлына ҚР Презтденті Н.Ә.назарбаевтың жарлығымен қандай атақ берілді?

а) Қоғам қайраткері

ә) Халық әртісі

б) Халық қаһарманы

в) Мәдениет қайраткері

г) ғылым қайраткері

5. Қай сөйлемде көмекші есім бар?

а) Менің пәтерім таза.

ә) Студент кітап алды.

б) Университет жанында ағаш көп.

в) Ол өте білімді дәрігер.

г) Сейіткәрім кездесуге келді.

6. М.Ғабдуллин қай жылы Ғылым академиясының мүшесі болды?

а) 1956ж

ә) 1958ж

б) 1960ж

в) 1959ж

г) 1962ж

7. М.Ғабдуллин қай жылы еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағына ие болды?

а) 1960ж

ә) 1957ж

б) 1961ж

в) 1965ж

г) 1963ж

8. М.Ғабдуллин кім?

а) жазушы

ә) тарихшы

б) дәрігер

в) суретші

г) мүсінші

9. М.Ғабдуллин қай жылы «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» тақырыбында докторлық диссертация қорғады?

а) 1950ж

ә) 1954ж

б) 1956ж

в) 1958ж

г) 1952ж

10. Алматыда М.Ғабдуллин атында не бар?

а) театр

ә) мұражай

б) көше

в) кітапхана

г) мектеп

11. Б.Момышұлының туған жерін атаңыз.

а) Шығыс Қазақстан облысы

ә) Алматы облысы

б) Жамбыл облысы

в) Ақмола облысы

г) Оңтүстік Қазақстан облысы

12. Т.Әубәкіров кім?

а) спортшы

ә) педагог

б) дәрігер

в) ғарышкер

г) зерттеуші

13. Т.Әубәкіров қай жылы туылған?

а) 1945ж

ә) 1943ж

б) 1947ж

в) 1940ж

г) 1946ж

14. Т.Әубәкіров тұңғыш рет әуеге қай жылы ұшты?

а) 1990ж

ә) 1989ж

б) 1988ж

в) 1987ж

г) 1991ж

15. Т.Әубәкіров неше жасында ғарышкер атанды?

а) 30 жасында

ә) 35 жасында

б) 40 жасында

в) 45 жасында

г) 42 жасында

16. 1988 жылы Т.Әубәкіров қандай атаққа ие болды?

а) Кеңес Одағының батыры

ә) Қоғам қайраткері

б) Ғылым қайраткері

в) Халық қаһарманы

г) Мәдениет қайраткері

17. Сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз.

Университет находится возле театра.

а) Театр жанында орналасқан университет

ә) Университет орналасқан жанында театр

б) Университет театр жанында орналасқан

в) Жанында университет театр орналасқан

г) Орналасқан университет театр жанында

18.Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Жаңа асхана қай жерде?

а) Ғимаратта сол орналасқан

ә) Келесі үйде тұрады

б) Көшенің қиылысына келді

в) Мына мекеменің артында

г) Саябақта кездесейік

19.Б.Момышұлы кім?

а) жазушы

ә) ғарышкер

б) тарихшы

в) суретші

г) этнограф

20. Көмекші есімді көрсетіңіз.

а) соң

ә) бірақ

б) өйткені

в) шейін

г) үсті

11.Әдебиет:

1. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.47-48 бб.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова. Қазақ тілі (для начинающих). Алматы, 1994 ж.

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

2. Мақсаты Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету; жіктік жалғауын орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту; түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру; мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.

3. Міндеті:

Когнитивті – білім компетенциясы: жаттығу жұмыстары арқылы сөйлем құрауға дағдыландыру; жіктік жалғауды дұрыс қолданып, сөйлей білуге машықтандыру.

Операционалды – дағды компетенциясы: өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ойларын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.

Коммуникативті компетенция: тілдік материалдар бойынша жаттығу жұмыстарын орындап, сауатты жазу, оқыған мәтінді мазмұндап, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: қазақтың танымал қоғам қайраткерлері туралы мәліметтер беру арқылы студенттердің өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыру, ұлы тұлғалардың қоғамдық істерін білуге ұмтылдыру.

4.Негізгі ұғымдар:ұлы тұлға, зор сенім көрсету, қазақ зиялылары, аса көрнекті қайраткері, саяси әлеуметтік, мәдени рухани, қазба байлықтары, ғылыми мұра, аспан денелері, баспасөз тарихы, еңбек сіңірген қызметкер.