Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тақырып бойынша тапсырмалар

3. Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

4. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

қызылша – корь

көкжөтел – коклюш

ошақ – очаг

демігу – одышка

мұрынның желбезегі – кончики ноздрей

5. Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Өкпе қабынуы, қоздыру, жүйкеге психикалық күш түсу, улану, сәбилерде өте жиі кездесу, біртіндеп тынысы тарылу, ауа жетпеу, қақырықты жөтел пайда болу, тыныс алу сипаты өзгеру, тәбеті төмендеу, мазасыздануы арта түсу, ұйқысы бұзылу, буындары сырқырау, мұрнымен тыныс алуы қиындау, бүйірі шаншу, кере дем алу, мұрынның желбезегікөтеріліп, басылуы.

6. Төмендегі сөздердің синонимдік қатарын еске сақтаңыз.

қалтырау– дірілдеу

меңдеу – өршу

сауығу – жазылу

ауруға шалдығу – ауыра бастау

арта түсу – көбею – өршу

дер кезінде – уақытында

түсі – түрі

баяу – ақырын – жай

7. Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

8. Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

9. Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп, толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Пневмония— бұл өте ауыр өкпе ауруы.

  • Жедел пневмонияның басталу кезеңі 2-3 күнге дейін созылады.

  • Жедел пневмонияның меңдеуі кезеңіндедене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді.

  • Сауығу кезінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады.

  • Созылмалы пневмония ауру асқынған кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады.

Тақырыпты меңгергеннен кейінгі тапсырмалар

10. Cөйлемдерді бастаңыз.

  • ... әр түрлі вирустар, бактериялар қоздырады.

  • ... кезеңінде науқас тұмауратады, түшкіреді, дене қызуы 39-40 С-қа көтеріледі.

  • ...төмендеп, мазасыздануы арта түседі, ұйқысы бұзылады.

  • ... болған жағдайда демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.

  • ... емдей бастаған жағдайда қабыну үрдісін асқындырмауға болады.

  • ... кере дем алғанда аздап сырыл байқалады.

  • ... бағып-күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек.

11. Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Науқасты бағып-күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді

кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, буындары сырқырайды.

Басталу кезеңінде науқас тұмауратады, түшкіреді, дене қызуы 39-40 С-қа,

диагнозды ерте анықтап, дер кезінде ауруханаға жатқызу.

Біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді,

жөтелді жеңілдету және қақырықты босату үшін де көп сұйық ішу және бу ингаляциясын жасау ұсынылады.

Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі —

мұрнымен тыныс алуы қиындайды.

Ыстықты түсіру және ауырғанды қойғызу үшін аспирин немесе ацетаминофен,

және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек.