Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар

1. Жүйке жүйесінің қызметін, ерекшелігін еске түсіріңіз.

2. Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз.

3. Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

Жарық... қорқу

Кенет... пайда болу

Ұстама... ұзақтығы

Мойын... таралу

Ойы... дұрыстап жеткізу

Эпилепсия... шалдығу

Басы... соғу

Тоқтату... болады

Тілі... шайнау

Есі... жию

Сұрақ... жауап беру

Ағза... әлдендіру

Иммунитет... көтеру

Мезгілі... ұйықтау

Жүйке жүйесінің аурулары

Бас сақинасы кезінде баст қатты ауырады. Бұл ауру – кең таралған созылмалы сырқат, әйелдерде жиі кездеседі, ер адамдар сирек ауырады.Олкезеңдік немесе үнемі қатты ауыру сезімімен, ұстамаларымен сипатталатын неврологиялық ауру болып табылады.

Бас сақинасы кезінде, көбіне, жеңіл ұстамалардан күнделікті мазалайтын ауыру сезімдерге дейін ауысып тұрады. Бірақ, бұл аурудың ұстамалары айына 2-8 рет толқын тәрізді (кезеңділікпен) кездеседі. Бас сақинасы ұстамалары кезінде жиі фотофобия , яғни жарықтан қорқу, фонофобия, яғни дыбыстан қорқу, гиперосмия, яғни иістерге гиперсезімталдық және жүрек айнуы, лоқсу, сирек жағдайларда құсу, кеңістіктегі ориентацияны жоғалту мен бас айналу сияқты белгілер пайда болады. Кенеттен пайда болған қозушылық (дисфория) немесе тежелу, көңіл-күйдің түсуі, ұйқышылдық, әлсіздік те жиі кездеседі. Бас сақинасы кезіндегі ауру сезімі, көбінесе, бастың бір бөлігінде орналасады (кейде екі бөлігінде де орналасуы мүмкін), көзге, жоғарғы жаққа, мойынға таралады, үнемі солқылдап ауырады, әртүрлі қоздырғыштар әсерінен күшейеді (шуылдар, күн сәулесі, иіс). Типті бас сақинасы ұстамаларының ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Ауыр ұстамалар бірнеше тәулікке дейін созылады.

Емі.Медикаментозды және медикаментозды емес әдістермен алдын алуға болады (бас сақинасын шақыратын факторлардан алыстату, алдын алу шараларын жүргізу), сонымен бас сақинасының жедел түріндегі ұстамаларын бірден тоқтатуға болады. Алдын алу шаралары, көбінесе, бас сақинасы ұстамаларын 100 % тоқтатпайды, бірақ, оның белгілерін азайтады және ауырлық дәрежесін төмендетеді. Сонымен қатар бас сақинасы ұстамаларында алдын алу шараларын жүргізгенде науқастың жағдайын жақсартады.

Науқастарың 50 %-ы бас ауруларымен дәрігерге қаралады, бірақ ем қабылдап жатқандардың арасында 70 %-ы нәтижесімен қанағаттанбайды.

Эпилепсия – грекше epіlambano – шап беріп ұстау, шабуыл жасау дегенді білдіреді, халық арасында «қояншық» немесе «талма» деген атаумен белгілі. Эпилепсия – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі. Бұл ауру туралы алғашқы деректер біздің заманымызға дейін 400 жылдары  Гиппократ еңбектерінде айтылған. Ғұлама дәрігер талма ауруының табиғатын тұқым қуалаушылық пен ми ақауларымен байланыстырған. Ал, Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиникалық көріністері мен емін толық сипаттап жазған.

Эпилепсия белгілі бір уақытта қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда, не туылғаннан кейін миында ісік болғаннан, ми шайқалғаннан немесе қабынудан, мидың әр түрлі ауруларынан, т.б. жағдайлардан болады. Сондай-ақ, әке-шешесі маскүнем болса, олардың балаларының да эпилепсияға шалдығуы мүмкін. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды. Эпилепсия 10 – 15 жастағы балаларда да байқалады.

Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбік ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама тез басылады.

Эпилепсияның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. Эпилепсияның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Мұндай кезде науқас адам селкілдеп құламайды. Науқас тұнжырап, айналасында болып жатқан жағдайға көңіл бөлмей, өзіне қойылған сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, әр жерден бірдеңе іздеп әуреге түседі. Қасындағы адамға ретсіз тиісіп, ұрысады, үйден шығып кетуі де мүмкін.

Емі аурудың түрі, себебі және ағымына қарай тағайындалады. Аурудың белгісі білінісімен емдеуді ерте бастаған тиімді болады. Ауру ұстаған кезде оны тарқататын препараттармен қатар, науқасқа ағзасын әлдендіріп, иммунитетін көтеретін дәрі-дәрмек беріледі. Ауру адамға дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, диета сақтау, отбасындағы және еңбек ұжымдағы жағымды жайлардың маңызы зор.