Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

13.Төмендегі сұхбатты мазмұнына қарай толықтырыңыз.

– Аяғыңызды (қолыңызды) қалай зақымдап алдыңыз?

–______________________.

– Қозғалғанда ауыра ма?

–______________________.

– Буыныңыздың іскенін байқадыңыз ба?

–______________________.

– Буыныңыз қызарған жоқ па?

–______________________.

–______________________?

– Қолымды сындырып алдым.

–______________________?

– Құлап қалдым.

–______________________?

– Қан көп кеткен жоқ.

–______________________?

– Жараны досым (туысым) тазалап берді.

–______________________?

– Қатты ауырып тұр.

–______________________?

– Иә, тезірек емханаға апарыңыз.

15. Мәтінде бірнеше сөйлем қажеттілік мәні формасында берілген. Осы сөйлемдерді і, іі жақтан беріңіз.

Мысалы: Зардап шеккен адамды жедел емханаға жеткізу қажет.

а) Зардап шеккен адамды жедел емханаға жеткізуім қажет.

ә) Зардап шеккен адамды жедел емханаға жеткізуің (із) қажет.

16. Төменде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

  • Сынықтан өзгенің бәрі жұғады.

  • Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде.

1-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Год здоровья

В соответствии с Указом Главы государства 2002 год объявлен Годом здоровья Республики Казахстан.

Здоровье является одной из главных ценностей как отдельного человека, так и общества в целом.

Учитывая разнообразие факторов, влияющих на формирование общественного здоровья и его значимость, как одного из важнейших ресурсов, здоровье является интегральным показателем и объективным критерием успешности проводимых политических, социальных и экономических реформ. Этим объясняется необходимость проведения Года здоровья в Республике Казахстан.

Исходя из этих проблем и поставленных задач, разработан План основных мероприятий по реализации Программы проведения Года здоровья.

Цели Программы Года здоровья:

- Улучшение состояния здоровья народа;

- Поддержка системы здравоохранения;

Пропаганда здорового образа жизни.

(Медицина, 2002, №1)

2-тапсырма. Төменде берілген ауру аттарын қазақшаға аударып, қай мүшенің аурулары екенін айтыңыз.

Ангина, хронический бронхит, язвенная болезнь, бронхиальная астма, ишемическая болезнь сердца, желчекаменная болезнь, радикулит, цистит, эпилепсия, порок сердца, анемия, пневмония, желтуха, брюшной тиф, нефрит, гастрит, сифилис, рахит, бруцеллез, грыжа, корь.

Тақырыпқа қатысты нақыл сөз

Дене жаттығулары көптеген дәрі-дәрмектің орнына жүре алады, бірақ дүниеде бірде-бір дәрі дене жаттығуының өтеуіне жүре алмайды.

А.Мюссе.

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

1. Салалас кұрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Отандық фармацевтиканы өрістетуде көп жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ә) Табиғи дәрі- дәрмектердің көпшілігі өзімізде өсетін дәрлік өсімдіктерден жасалады.

б) Қызыл май- бірнеше өсімдік қоспаларынан дайындалады, сондықтан оны сырқаттың бірнеше түрін емдеуге қолдануға болады.

в) Әр дәрінің өзіне тән ерекше шипалық қасиеттері бар.

г) Пантокрин- зат алмасу бұзылғанда, ас қорыту сырқатында және ой, дене жұмысынан шаршағанда қолданылады.

2. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

а) Аспиринді аш қарынға ішу қауіпті болғандықтан, оны қабылдар алдында тамақтанған жөн.

ә) Дәрі адам баласына өте ертеден белгілі.

б) Дәрілер қолданылуына және науқас адамға әсер етуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

в) Пасталар мөлшерленбеген дәрі-дәрмек қалыптарына жатады, сондықтан рецепте жалпы мөлшері ғана белгіленеді.

г) С витамині ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады.

3. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер көп.

ә) Өсімдіксіз өмір жоқ.

б) Вакцина – микроорганизммен, вирустан алынатын препарат.

в) Глюкоза – тағам өнеркәсібінде және медицинада кеңінен қолданылады.

г) Сұлы – астық тұқымдас өсімдік.

4. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Науқастың дене қызуы көтеріледі, басы айналады.

ә) Темекі шегу ежелгі замандарда пайда болған.

б) Ыстық өткен адамды көлеңкеге жатқызыңыз, денесін салқын сумен сүртіңіз.

в) Тамаққа тәбеті болмай, қаны азайып кетті.

г) Ол толық жазылды, сондықтан кеше ауруханадан шықты.

5. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Человек с истощенными нервами, становится раздражительным.

а) Адам ашықты жүйке жүйесі, болады ашулану.

ә) Жүйке жүйесі тозған адам ашуланшақ болады.

б) Жүйкесі тозған бар адам болады ашуланшақ.

в) Тозған жүйкемен адам ашуланшақ тұрады.

г) Жүйкесі тозған ұйқышыл келеді.

6. Талғаулықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Биыл көкөніс өте жақсы шықты, себебі жаңбыр көп болды.

ә) Мен түсінбеймін, неге сен түсінбейсің.

б) Күн ашылды, бірақ сен үйде болмадың.

в) Көктем келді, күн жылынды.

г) Науқастың қан қысымы біресе көтеріледі, біресе төмендейді.

7. Салалас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды табыңыз.

..., ауру асқынса ауруханаға жатқызып емдейді.

а) Гигиеналық талапты сақтау

ә) Науқасты көбіне үйде күтеді

б) Ақшыл қабықша болып

в) Ауру қоздырғыштары болса да

г) Буынға зардабын тигізгенде

8. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ағзаны түрлі зиянды заттардан, әсерлерден сақтайды және дене қызуын реттеп отырады.

ә) Аурудан сақтану үшін жұмыс пен демалыс режимін сақтап, дене шынықтыру жасап тұруы керек.

б) Ішкен тамақтағы қоректік заттар мен гормондар қан арқылы әрбір мүшеге тарайды.

в) Ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмады.

г) Миға қан құйылуда ауру есінен айырылып, кейде өліп кетуі мүмкін.

9. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Полиомиелит кейде жеңіл өтеді және инфекция зертханалық зерттеу кезінде анықталады.

ә) Кейде ауру ұзаққа созылып, адам мүгедек болып қалуы мүмкін.

б) Миға қан құйылу кезінде ауру ес-түсінен танып қалады.

в) Мидың қызметі нашарлап, ауру пайда болады.

г) Денсаулықты сақтау мен насихаттаудың тәсілдерін үйреніп, салауатты өмір салтын қалыптастырады.

10. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауру басталғанда науқастың дене қызуы көтеріліп, жұтынғанда тамағы ауырады.

ә) Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады.

б) Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.

в) Ауруханаға жатып емделгенмен, науқас толық жазылып шыққан жоқ.

г) Сырқат, көбінесе, құрғақ жөтелден басталып, кейін іріңді қақырық тастау қосылады.

Операционалды – дағды компетенциясы:

1-жаттығу. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Емдік, уақытында, анықтап, ауруды, шараларды, қолданған жоқ.

2. Бірі, эндокриндік, көп аурулардың ең, қантты диабет (ҚД), тараған.

3. Мөлшерін, қант, қажет, бар, науқастардың қант диабеті, қадағалауы.

4. Бауырда, балық, болады, Д витамині, майында.

Коммуникативті компетенция:

Мәтінді оқып шығып, асты сызылған сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.