Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар: «Дәрігер этикасы» туралы суреттер, слайдтар. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар.

9.Тапсырмалар Сөздіктану. Терминтану.

Сөздік – 1) жеке тілдің я белгілі бір жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы; 2) бір тілдегі сөздердің алфавиттік тәртіпке түсірілген жинағынан құралған кітап, анықтағыш құрал. Алғашқы сөздік басқа тілдердегі ескі сөздерді түсіндіру мақсатымен көне дәуірлерде жасалды. Қазақ тілінің алғашқы сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Қазіргі сөздіктер лингвистикалық және анықтама сипатындағы арнаулы сөздіктер болып екіге бөлінеді.

Лингвистикалық сөздіктер белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат етсе, арнаулы анықтама, энциклопедиялық, техникалық, ауыл шаруашылық т.б. белгілі бір саладағы заттарды, ұғымдарды, құбылыстарды түсіндіруді мақсат етеді. Лингвистикалық сөздіктің 20-дан астам түрлері бар. Екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер т.б. Түсіндірме сөздік тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық сипаттамасын, олардың жазылуы мен айтылуын, экспрессивті- эмоционалды бояуын көрсетеді. Синоним сөздігі бір сөздің мағынасы мен экспрессивті-стилистикалық реңкін сол сөзге мағынасы жағынан жақын басқа бір сөздермен түсіндіріп, синонимдік шоғырлардың жиынтығынан құралады.

Терминологиялық сөздік жеке ғылым, техника, мәдениет салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді. Этимологиялық сөздік жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, орфоэпиялық сөздік сөздердің дұрыс айтылуын көрсетеді. Фразеологиялық сөздік тұрақты сөз тіркестерін, фразеолгия орамдарын, олардың стилистикалық сипатын көрсетеді. Омоним сөздігі тұлғасы бір, мағыналары әр басқа сөздерді қамтиды. Бұлардан басқа тарихи, ономастикалық, паронимдік, жиілік т.б. сөздіктер бар.

Термин-белгілі бір ғылым мен техника, өнер саласындағы нақтылы ұғымды білдіретін атау сөз бен сөз тіркесі. Терминология- ғылым мен техника, өнер саласына байланысты терминдердің жалпы жиынтығы.

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері:

1 – жаттығу. Берілген терминдерді мағынасына сәйкес тауып, сөйлем құрастырып жазыңыз.

термометр

Ауруды анықтау және емдеу туралы іліи

рецептор (биол)

Ауырған адамды зерттеу негізінде науқасын табу

диагностика

Тітіркенуді қабылдайтын жүйке талшықтары

диагноз

Термператураны өлшейтін аспап

2-жаттығу. Берілген терминдерді қазақ тіліне аударып, мағынасын түсіндіріңіз.

ГОРМОН - вещество, продуцируемое эндокринной железой.

ГОНОРЕЯ- заболевание, передающееся половым путем, вызываемое гонококком (может являться причиной бесплодия).

МИКОПЛАЗМА- возбудитель инфекционных заболеваний.

НАДПОЧЕЧНИКИ- эндокринная железа, вырабатывающая гормоны, регулирующие обмен веществ. Находится над почкой

ТОКСИН- яд, продуцируемый живым организмом, например, бактериями.

УРОЛОГ- врач, специализирующийся на лечении болезней мочевыводящих путей и мужской половой системы.

3 – жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Студенты внимательно слушают, потому что преподаватель объясняет урок. 2. Вы говорите неправильно, потому что не учите слова. 3. Я не читаю текст, потому что плохо знаю слова. 4. Он отвечает неправильно, потому что плохо готовился.

4-жаттығу. Бағыныңқының баяндауышы неліктен? не себепті? қашан? деген сұрақтарға жауап беретін 5-6 сөйлем жазыңыз.

5-жаттығу. Оң жақ бағанадағы етістіктер мен (сұрақ арқылы) сол жақтағы керекті сөздерден сөз тіркесін жасап, 3-4 сөйлем жазыңыз.

індеттердің

үйренеді (нені?)

мінез-құлқы

аулақ болу (неден?)

тәсілдерін

көбейді (қайда?)

зиянды әдеттерден

өзгереді (не?)

елімізде

таралмауы (нелердің?)

емдеп сауықтыруға

бұзылады (не?)

зат алмасу

көмектеседі (неге?)

6-жаттығу. Төмендегі денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз және бір-екі мақалдың мәнін, мысалдармен дәлелдеп көріңіз.

1. Жастықтың қадірін қартайғанда білесің,

Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің.

2. Іздеп алған аурудың,

емі табылмас.

3. Көзің ауырса, қолыңды тый,

Ішің ауырса, аузыңды тый.

4. Ауырып жазылған жан олжа,

Жоғалып табылған мал олжа.

5. Бас ауырса, жан қорқады.

6. Дерт көп, денсаулық біреу.

7 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Созылмалы аурулардың алдын алу үшін, ... . 2. Науқастың қан қысымы көтерілмесін деп, ... . 3. Дәрілік өсімдіктерден дәрі жасау үшін, ... . 4. Қан аздықты болдырмау үшін, ... . 5. Баласы аурудан тез жазылу үшін, ... . 6. Дәріханадан дәрі алмақ болып, ... .

Кім біледі?

1. Құрмалас сөйлемнің құрамында ең кемінде неше жай сөйлем болады?

2. Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кез келген сөз табынан бола бере ме?

4. Бағыныңқының баяндауыш түрі, тұлғалық белгісі ең көп болып келетін қай бағыныңқы? Оның баяндауышы, көбінесе, қай сөздің тіркесі арқылы жасалады

5. Баяндауышы қимыл есімінің қатысуымен жасалған бағыныңқы сөйлемге кім мысал келтіре алады?

6. Бағыныңқысының баяндауышы есімшеден жасалған сөйлемге кім мысал ойлап айта алар екен?