Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар

1. Тірек-қимыл жүйесін, қызметін есіңізге түсіріңіз.

2. Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз. Егер мәтін сүйек және буын туралы болса, онда қандай сырқаттар жайында айтылуы мүмкін?

3.Сол жақтағы етістіктермен (сұрақ арқылы) керекті сөздерден сөз тіркесін құрыңыз.

қимылдау (қалай?)

шығу (қайдан?)

ауыру (қалай?)

таңу (немен?)

жеткізу (қайда?)

жарақаттану (нені?)

пайдалану (нені?)

шақыру (кімді?)

буын ойысынан

өте қатты

дәкемен

үйге

оқыс

таяқты

дәрігерді

теріні

Тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы

Буын шығуы – буын сүйектерінің өз орнынан қозғалуы. Буын толық және жартылай шығуы мүмкін. Кейде баланың буыны іштен шығып тууы, күнделікті өмірде жарақаттанудан және түрлі ауру салдарынан шығуы мүмкін. Буынның іштен шығып тууы, көбінесе, жамбасиықшынтақ буынында жиі кездеседі. Ол жамбас, ұршық буынының толық өсіп-жетілмеуіне байланысты. Буын таюы, яғни буынның шығуының өте жиі кездесетін түрі оқыс қимылданғанда жарақаттанудан болады. Буын шыққанда бір буынның басы екінші буынның ойысынан шығады. Кейде сіңір созылуы немесе буын қалтасы жарылып кетуі мүмкін. Буын шыққанда оны қоршаған сіңірлер, сүйектің түйіскен жеріндегі тері зақымданады. Мұндайда буын шығып қана қоймайды, сонымен қатар буынға жақын орналасқан қан тамыры және жүйке талшықтары да зақымдануы мүмкін. Мұндай кездерде буынның пішіні өзгереді, зақымданған аяқ немесе қолды қозғалту қиындайды. Буынның жаны ісіп, қызарады, өте қатты ауырады. Жәрдем көрсету үшін зақымданған буынды қозғалмайтын жағдайға келтіру керек. Буынды бинт, дәке немесе орамалмен мықтап таңып, буын шыққан жерге суық басу керек. Зардап шеккен адамды жедел емханаға жеткізу қажет.

Буынның патологиялық шығуы түрлі буын ауруының салдарынан (артрит, полиартрит, жүйке аурулары) болады. Шыққан буынды тек маман дәрігерге көрсетіп емдеу қажет. Мезгілінде емделмеген, орнына түспеген буын ескірген шығу деп аталады. Мұндай буын тек дәрігердің көмегі арқылы қалпына келтіріледі.

Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сынушытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш. Морт сынғанды ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін. Сондықтан, адам алдымен жараны тазалап, зарарсыздандырылған таңғышпен байлап, шендеуіш салып таңу керек. Шендеуіш ретінде кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатты қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып, аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүшені) қатты таңып тастайды.Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсатылып кетеді.

Шытынап сыну немесе жабық сыну – бұл сынудың жай түрі.Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауыртады, сынған жері домбығып іседі. Себебі сүйекте жүйкелер мен қантамырлар болғандықтан, ауырған жері тез білінеді. Мұндай жағдайда жарақаттанған жерді қатты таңып, ауырғаны әбден басылғанша тыныштық қалыпты сақтау керек.

Остеомиелит– сүйек тінінің және сүйек кемігінің (майының)іріңдеп қабынуы.Бұл ауру сүйек тініне қан арқылы инфекция түскенде (іштен) жәнежаралану салдарынан инфекция пайда болғанда (сырттан) дамиды.Яғни инфекцияның ену жолына байланысты: А) гематогенді Б) жарақаттық болып бөлінеді. Остеомиелит ауруының пайда болуына,сондай-ақ, ағзаның өз бейімділігі де әсер етеді. Бейімделу жағдайына адамның жалпы имунитетінің төмендігі, тоңып-мұздау, инфекциялық ауруларға жиі-жиі шалдығуы, ағзада витаминдердің жетіспеуі, сүйектің жиі жарақаттануы, адамның әлсіреп жүдеуі – осылардың бәрі остеомиелит ауруының пайда болуына әкеледі.