Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Д) Cіз болашақ дәрігерсіз. Бөлімшеңізге түскен науқас жайлы мәтіндегі үлгі бойынша сырқатнама толтырыңыз.

Төлқұжат бөлімі:

Науқастың шағымдары:

Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы:

Науқастың өмірбаяны:

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы:

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Төмендегі мақал–мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.

  • Ауру батпандап кіреді,

Мысқалдап шығады.

  • Жаны ашымастың қасында

Басың ауырмасын.

  • Тұмау аяғы – құрт,

Тұман аяғы – жұт.

  • Бас аманда, мал тәтті,

Бас ауырса, жан тәтті.

  • Ауру – аяқ астында.

Тәжірибелік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

12

Тақырыбы: Гипертония мен гипертониялық криздер.

Етістік, шақтары

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы:Гипертония мен гипертониялық криздер.

Етістік, шақтары

2. Мақсаты:

  • гипертония мен гипертониялық криздер туралы мағлұмат беру;

  • гипертония мен гипертониялық криздер туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • гипертония мен гипертониялық криздер туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • етістік, шақтары туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Гипертония мен гипертониялық криздер кезіндегі адам ағзасындағы белгілер туралы.

2. Аурудың алғашқы кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.

3. Аурудың өршу кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.

4. Ауру біліне бастағандағы өзгерістер туралы.

5. Ауру асқынған кездегі сырқат белгілерітуралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Етістік, шақтары туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  • Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

  • Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 80-88 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 32-34 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 71-76 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,гипертония мен гипертониялық криздер кезіндегі адамның суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

9. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

тұқым – потомство

зәру – нужда

қажу – переутомление

елес – галлюцинация, привидение

ұю – застыть, задеревенеть

жансыздану – онемение

демікпе – одышка, астма

құрысу – судорога, корчиться

ашуланшақтық – раздражительность

күйзеліс депрессия

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Дені сау адамның, ауыр ой еңбегінен кейін, бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан, тарылу, осының салдарынан, жүрек көлемі ұлғаю, бұлшық еті қалыңдау, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу, қан қысымы өршіген кезде, күшпен тарту, башпай, көзі қарауыту,елес пайда болу, ұйқысы нашарлау, тез шаршау, сал болу, көңіл-күй күйзелістері, есеңгіреу, тері жамылғылары қызару, қалтырау.

Б) Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз.

Гипертония— қан қысымының артуынан болады. Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін. Ол қауіпті емес. Қан қысымы бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан да жоғарылайды. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күретамырларға өту үрдісі қиындайды. Осының салдарынан күретамырлардақан қысымы жоғарылайды. Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу – гипертонияның пайда болуына әсер етеді. Ұдайы майлы тағам пайдалану (ет, май), қара жұмыспен шұғылданбау да гипертонияға себепші болады. Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса, мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.

Аурудың алғашқы кезеңінде күретамырда және басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді. Қан қысымы өршіген кезде тарылған тамырларға жүрек қанды күшпен тартады. Сөйтіп, жүректің қызметі артады. Осының салдарынан жүректің көлемі ұлғайып, бұлшық еті қалыңдайды. Тамырдың тарылуы әсерінен қанның мүшелерге жеткізілуі нашарлайды. Сөйтіп, мүшелер оттегі мен басқа түрлі қоректік заттарға зәру болады, тіпті ауыра бастайды.

Ауру біліне бастаған кезде аздап бас ауырады, жүрек қатты соғады, шаншиды және желке тұсы қысады. Қан қысымы жоғарылайды. Дегенмен, бұл кезеңде қан қысымын емдеп қалпына келтіруге болады. Ал, ауру білінісімен емдемесе, ол асқына береді, адамның басы айналып, саусақтары мен башпайлары ұйиды. Көзі қарауытып, елес пайда болады, ұйқысы нашарлап, тез шаршайды. Еңбек қабілеті кемиді. Аурудың екінші склероздық кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Үшінші, соңғы кезеңінде жүрек, бүйрек қызметі нашарлайды және жүрек ентікпесі пайда болады, бауыр ұлғайып, дене ісінеді. Ми гипертониясында бас айналып, ауру күшейеді. Құлақ шуылдайды, нашар көреді. Қан тамырлары жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жағы жансызданып, адам сал болып қалады.

Гипертониялық кризқан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады. Ол, көбінесе, гипертония ауруының асқынуынан болады. Гипертониялық криздерді өршітуші себептер:

  • көңіл-күй күйзелістері;

  • ауа- райы өзгерістері;

  • тұз бен суды мөлшерден көп қолдану т.б. жатады.

Криздің басталуы қатты бас ауруымен, бас айналуымен, көздің қарауытуымен сипатталады. Науқас ашуланшақ, мазасыз болады. Аяқ-қолы дірілдеп, мұздайды. Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ентігуі мүмкін. Науқастың бетінің, мойнының, қолының тері жамылғылары қызарады.

Гипертониялық криздің қан айналымының бұзылуына байланысты – церебралды және құрысу, ал жүрекке байланысты кардиалды түрлері болады.

Церебралды түріндебастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, құлақта шудың естілуі, жүрек айну, көру мен есту қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.

Құрысу түрінденауқастың денесі қалтырап, тоникалық және клоникалық құрысуға ұласады.

Кардиалды түріндежүрек демікпесі байқалады. Науқас адамның жүрек тұсы ауырып, ентігуі мүмкін.

Емдеу.Ол науқастың көңіл-күйіне, жасына, гипертония ауруының сатысына, криздің түріне қарай жүргізіледі. Гипертониялық криз кезінде науқастың басын көтеріңкі етіп төсекке жатқызады. Бөлмеде тыныштық сақтаған жөн және оның ауасы таза болуы қажет. Кеселдің асқынбаған түрінде науқастың көңіл-күйі қалыпты жағдайда болса, дәрі-дәрмектің біреуін не қоспасын ішкізеді немесе тілінің астына қояды.

В) Берілген сол жақтағы етістіктермен (сұрақ арқылы) керекті сөздерден сөз тіркесін құраңыз.

қолдану (қалай?)

өзгеруі (ненің?)

қарауыту (не?)

болу (қандай?)

дірілдеу (қай жері?)

бұзылуы (ненің?)

қою (қайда?)

сақтау (не?

ауа – райдың

мазасыз

аяқ-қолы

есту қабілетінің

мөлшерден көп

көз

тыныштық

тілдің астына

Г) Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін мағынасы жақын сөздермен алмастырыңыз.

қауіпті емес –

қажу –

тұрмыстың жағдайсыздығы –

майлы тағам пайдалану –

сезілмейді –

қалпына келтіру –