Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

6

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі.

Көмекші есімдер.

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі

Көмекші есімдер

2. Мақсаты:

  • Зәр шығару жүйесітуралы мағлұмат беру;

  • Зәр шығару жүйесітуралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • Зәр шығару жүйесітуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • көмекші есімдер туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Зәр шығару жүйесітуралы

2. Зәр шығару жүйесінің мүшелері туралы

3. Зәр шығару жүйесітуралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

4.Зәр шығару жүйесінің қызметі туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Көмекші есімдер туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мәтін бойынша жұмыс (65 -70 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға дайындау, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  • Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (20-25минут).

  • Жаңа сабақты қорыту (15-20 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Студентке болжам жасату, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істету, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, жағдаяттық тапсырмалар беру.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,зәр шығару жүйесінің суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

9. Тапсырмалар:

А)Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз. Егер мәтін зәр шығару жүйесі туралы болса, онда не жайында айтылуы мүмкін?

Ә) Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

Қажет... заттар

Ағзада... су мен тұз

Зәр... түзілуі

Несеп... құрамында

Бүйрек... енген қан

Керек... заттарды шығару

Қуық... жалғасу

Қуық... сыйымдылығы

Зәр... уақытша жинау

Бұлшық ет қабаты... тұру

Бұлшық ет... жиырылуы

Тәулігі... 4 – 6 рет

Қуық... келіп жалғасу

Осы.... нәтижесінде

Б) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

Зәр шығару жүйесіадам ағзасындағы артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметін атқарады. Сондай-ақ, ол ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе. Зәр шығару мүшелеріне қос бүйрек пен қос несепағар, қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол) жатады.

Несептің (зәрдің) түзілуі – өте күрделі үрдіс. Ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мг зәр түзіледі. Несеп қаннан түзіледі. Несептің құрамында 2-4% құрғақ зат бар, ал қалғаны су болады. Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады.

Бүйректер құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан, әр бүйректің салмағы, шамамен 120-200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 1-2 см төмендеу жатады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйрек үрме бұршақ пішінді келеді, оның сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағында бүйректің күретамырлары, көк тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады. Бүйректің сыртын қалың майқабаты қаптайды. Бүйрекке енген қан құрамынан зәр бөліну үрдісі жүреді. Сондай-ақ, бүйрек ыдырау үрдісінде пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп тұрады. Ағзадағықанәрбір 5 минут сайынбүйрекарқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын –бүйрек. Сонымен, бүйректің қызметі:

  • қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіледі, сүзіліп тазарған қан көк тамырларымен жүрекке қарай ағады.

  • қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.

  • бүйректе зәр(несеп) түзіледі.

  • ағзаның ішкі құрамының тұрақтылығын сақтайды.

  • сумен тұздың мөлшерін реттейді.

Несепағар қабырғасы қалың, бұлшық етті, түтікше пішінді жұп мүше. Несепағардың ұзындығы шамамен 30 см, оның бас жағының диаметрі 2-4 мм, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып, қуыққа келіп жалғасады. Несепағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несепағарға өтуіне жол бермейді.

Қуық – зәрді уақытша жинап тұратын мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Қуықтың пішіні жалпы оның созылуына, толуына қарай өзгеріп отырады. Қуықтың сыйымдылығы 700 см3-ге дейін жетеді. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Қуық түбінен несеп шығаратын өзек басталады.

Несеп шығаратын өзек– қуықтың зәр шығаратын түтігі. Дені сау адам тәулігіне 4-6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәрдің түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (зәр шығару) деп аталады.

Зәр шығару жүйесі жыныс аппаратымен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты. Зәр шығару жүйесінің қызметі ағзада пайда болған несепті шығару болса, жыныс мүшелері көбею қызметін атқарады. Осының нәтижесінде зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады. AutoShape 33

В) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

несеп; зәр; кіші дәрет – моча

ыдырау – распад

несепағар – мочеточник

несеп шығаратын өзек –

мочеиспускательный канал

қуық – мочевой пузырь

шап – пах

бүйрек түбегі – почечная лоханка

дөңес – выпуклая поверхность

ойыс – вогнутый

үрме бұршақ– фасоль

жыныс мүшелері – половые органы

Г) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Несептің (зәрдің) түзілуі,қадағалайтын жүйе, бел омыртқа тұсы, сыртқы жиегі, ағзаның ішкі құрамының тұрақтылығын сақтау, құрғақ зат, жұп мүше.

Көмекші есімдер

Тіліміздеастыңда, үстінде, жанында, маңында, қасында, басында, ішінде, сыртында сияқты көмекші есімдер жиі кездеседі. Бұл сөздер ілік септігімен тіркесе қолданылады.

Ғ) Сөйлемдерге тиісті көмекші есімдерді қойып жазыңыз.

Ауылдың ... қалың орман бар. Таудың ... қар бар. Үйдің ... үлкен демалыс орталығы орналасқан. Өзеннің ... көптеген адамдар серуендеп жүр. Оның ... әдемі пальтосы бар. Қала ... әдемі ойын – сауық комплексі салынып жатыр.

Д) Мәтіннен көмекші есімдерді теріп жазып, қолданылу ерекшелігін түсіндіріңіз.