Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары

1 – жаттығу. Төменде берілген мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем жазыңыз.

Жаздай, бұрын, былтыр, күні бойы, ежелден, таңертең.

2 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті мезгіл үстеулерін қойып, сөйлемдерді жазыңыз.

1.Науқасты ... оңаша ұстау керек. 2.Ол ... ауруханада кезекшілікте болды. 3. ... тұмау індетінен сақтану жұмыстары жүргізілді. 4.Бас сақинасымен ауырғанда ... дәрі ішті.

3 – жаттығу. Туынды үстеулерді қатыстырып, 5 сөйлем жазыңыз.

4– жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті мекен үстеулерін қойып жазыңыз.

  1. Самат достарымен ... кетті. 2.Жүрек бауырдан ... орналасқан. 3.Ол үнемі ... жүргенді ұнатады. 4. ... отырған науқастардың барлығы анализ тапсырған. 5.Жүйкесі ауыратын науқастарды ... шақырды.

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар

1. Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз.

2. Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

Рентген... тексеру

4-5 тәулік... көлемі

Бронх... терең қабаты

Сырқаттар... ішінде

Асқыну... даму

Қақырық... жүруі

Вирус... бронхит

Бел... ауырсынуы

Ентігу... пайда болуы

Ерні... көгеруі

Ауру... өршуі

Бронх... өту

Тәулік... мөлшері

Аш... ауыру

Бронхит

Бронхитбронхтардың қабынуы. Бронхит жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Бронхит ауруы тыныс жүйесі сырқаттарының ішінде жиілігі жағынан статистика бойыншабірінші орында тұр. Жедел бронхиткөбіне жедел респирациялық вирустық аурулардың, әсіресе вирустық инфекцияның асқынуынан дамиды, сондықтан инфекциялық аурулардың қатарынажатады.Вирустар бастаған қабыну үрдісіне бактериялар, ал 2-3 тәуліктен соң, бронхтардың тереңқабаттарына ене алатын бактериялық флора қосылады (көбіне пневмококк, Пфейффер таяқшалары). Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан кейін, кейде онымен бірге басталады. Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну үрдісі (ринит, фарингит) кеңірдекке (трахеяға) түседі. Бұл кезде трахеиттің белгілері (құрғақ жөтел, кеуденің ашып ауыруы) байқалады. Көп ұзамай қабыну үрдісі алдымен ірі, кейін ұсақтау бронхтарға өтеді. Клиникалық көрінісі кинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәулікте жөтел құрғақ, кейін болар-болмас қақырық түсе бастайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагма бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауыруы мүмкін. Ұсақ бронхтар қабынса, оңда жөтелге экспирациялық ентікпе қосылады.

Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, селқостық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы тән. Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды.

Басқа мүшелердің айтарлықтай өзгерісі байқалмайды.Қызу көтерілген кезде шамалы тахикардия болуы мүмкін.Рентгендік тексеруде көбіне өзгерістер болмайды. Әдетте, жедел бронхиттің барысы жеңіл, 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады.Кейде созылмалы бронхитке айналады.

Созылмалы бронхиткезінде қабыну үрдісі бронхтың терең қабаттарына және өкпе ұлпасына тарайды.

Ауру адам, көбінесе, жөтел мен қақырық тастау, сол сияқты ентігудің пайда болғанын айтады. Сырт қарағанның өзінде тыныс алудың жиілігін анықтауға, ентігіп отырғанын байқауға болады, кейде науқастың ернінің кезеріп, көгеруі де мүмкін. Тыныс шығарғанда сырыл естіледі. Созылмалы бронхит емдеу нәтижесінде сауығып кетеді.

Кейде асқынып төмендегідей аурулаға жалғасуы мүмкін:тыныс жетіспеушілігі, пневмосклероз, өкпе эмфиземасы, созылмалы пневмония.

Емдеу шаралары:Аурудың өршуі кезінде төсектік режим тағайындалады. Көп мөлшерде жылы және сілтілі сұйықтықтар беру (боржоми) қажет. Емнің дәрілік емес әдісі қақырықтың жеңіл шығуына бағытталуы тиіс, мысалы: қышалар, эфир майы мен содалы ингаляциялар.

Дәрілік әдісі:

  • бронх өткізгіштің жақсартатын сұйылтқыш дәрі-дермектер (термопсис, алтей, әр түрлі бронхолитиктер);

  • қақырықты сұйылтатын муколитиктер;

  • қақырық түсіретін және қақырықтың жүруін жақсартатын дәрілер;

  • қақырық микрофлорасының сезімталдығына сай 7-10 күн аралығында бірінші қатардағы антибиотиктер;

  • иммундық жүйені көтеретін препараттар;

  • тыныс жетіспеушілігі өршігенде оттегімен емдеу (тәулігіне 18 сағаттан кемболмау керек) ;

  • емдік гимнастика;

  • физиоем және кеудеге массаж жасалуы тиіс.