Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, А. 2001. 56-57-бб.

2. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі.2010. 90-91-бб.

3.Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 310-311-бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.130-131-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 165-166-бб.

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

27 тақырып: Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі.

Шартты бағыныңқы және себеп бағыныңқы сабақтас

құрмалас сөйлем.

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі

Шартты бағыныңқы және себеп бағыныңқы сабақтас

құрмалас сөйлем.

2. Мақсаты: Студенттерге шартты бағыныңқы мен себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұмат беру, осы құрмалас сөйлемнің түрлерін практикалық жолмен меңгерту,салауатты өмір салты туралы мәлімет беру, мәтінде кездесетін медициналық терминдердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру

3. Міндеті: Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Когнитивті – білім компетенциясы: салауатты өмір салты туралы мәлімет бере отырып, салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту.

Операционалды – дағды компетенциясы: мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұндауға, грамматикалық тақырып бойынша түрлі жаттығу жұмыстарын орындауға үйрету, медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Коммуникативті компетенция: тілдік материал бойынша жаттығу жұмыстарын сауатты орындауға баулу, мәтінге берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру, студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, бұрынғы алған білімдерін жетілдіре отырып ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

4.Негізгі ұғымдар: салауатты өмір салты, сана - сезімі төмендеу, аулақ болу, адамның көңіл-күйі, өмір сүру ұзақтығы, халықтың денсаулығы, емдеп сауықтыру, шартты және себеп бағыныңқы құрмалас сөйлем туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас. сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, аударма жұмысын жасату.

8. Көрнекі құралдар: «Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі» тақырыбына арналған бүктемелер, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар.