Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Дәрігерлік этика

Дәрігердің сыркат адаммаен тіл табысып сөйлесе алуы өте маңызды болып саналады. Дәрігер мен сырқаттың қарым-катынасы, дәрігердің парызы мен міндеттері дәрігерлік деонтология деп аталады.

Ауру адампсихикасы өте сезімтал келеді, ол дәрігердің сөзіен не ісінен сезіктену мүмін, Сондықтан науқасастың көзінше түсініксіз терминдер мен сөздерді қолданбауға тырысу керек, Сырқат адамның психологиясын, интелектін, сол кезде көңіл куйін-д ұрыс ескере білу керек.

Дәрігердің сырқатпен арадағы жақсы психлолгиялық қатынасы аурудың тез сауығына әсер етеді. Адамды толық есімімен атаған дұрыс. Сырқкаттың шағымдарын сұрастырғанда телефон қоңырауына, бөтен әңгімелерге көңіл ьермеу керек.

Сонда гана ауру өзін еркін ұстап, дерті туралы сыр ашады. Рецепт берген кезде дәрігерлер дәрігерді қабылдайтын уақыты, қанша емделетінін, қабылдау әдістерін түсіндіріп, ақыл –кеңес айту керек.

Дәрігердің білімдігіне, емнің комектесетіндігіне сену, дертке қарсы жасалған үлкен қадам болыпесептеледі.

Дәрігерлік деонтологияға дәрігірлік құпияны сақтау қажеттігі жатады. Науқас адам және оның дерті туралы мәліметтер ешкімге жарияланбауы тиіс.

Сондай-ақ, дәрігердің сыртқы пішіні, киім киісі, жүріс-тұрысы, сойлеу мәдениеті де талапқа сай болуға тиісті.

В) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не?.

2.Дәрігерлік деонтология деген не?

3.Ауру адам қандай болады?

4.Дәрігер нені ескеруі қажет?

5.Дертке қарсы үлкен қадам не?

10. Бақылау.

1. Дәрігермен сырқаттың қарым-қатынасықандай болу керек?

2.Рецепті қалай берген дұрыс?

3.Дәрігерлік деонтологияға не жатады?

4.Дәрігер нені ескеру қажет?

5.Науқас адамның дерті туралы мәліметтерді қалай сақтау керек?

Жағдаяттық тапсырма.

Сіз университетті енді бітірген жас мамансыз, сіздің алдығызда мінезі қиындау науқас отыр, сізге онымен тілдесу қиын. Не істеу керек?

Тест тапсырмалары:

1. Себеп-салдар үстеулерін көрсетіңіз.

а) дереу

ә) бекерге

б) балаша

в) басқа

г) амалсыздан

2. Себеп-салдар үстеулерінің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) неге?

ә) қалай?

б) себептен

в) қалайша?

г) қайтып?

3. Күшейткіш үстеулердің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) әбден

ә) шапшаң

б) мүлдем

в) нағыз

г) тіпті

4. Күшейткіш үстеулердің сұрақтарын көрсетіңіз.

а) кімше?

ә) қалай?

б) қандай?

в) қалайша?

г) қайтіп?

5. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көрсетіңіз.

«Адамды ... есімімен атаған дұрыс».

а) қысқа

ә) толық

б) өте

в) ұзақ

г) қымбат

6. «Тіл табысу» деген сөздің аудармасын табыңыз.

а) найти общий язык

ә) найти родного человека

б) найти друга

в) найти хорошого врача

г) найти общий интерес

7. Күшейткіш үстеуді табыңыз.

а) Біз ең биікке ұштық.

ә) Асқарға ол туралы бекер айттың.

б) Мен амалсыздан көндім.

в) Сіз дәріханағ кіммен келдіңіз.

г) Тісіңізді қашан емдеттіңіз.

8. Дионтология грек тілінде не деп аталады.

а) deonos-парыз logos-оқу

ә) deonos-парыз logos-ғалым

б) deonos-сырым logos-білім

в) deonos-құпия logos-парыз

г) deonos-оқу logos-дәрігер

9. «Сезімтал» деген сөздің аудармасын табыңыз.

а) чувствительный

ә) подозрительный

б) стремительный

в) бдительный

г) разговорчевый

10. Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не?

а) сөйлесе алуы

ә) дәрігердің білімсіздігі

б) қолданбауы

в) дәрігерлік құпия

г) сөйлесу алмауы

11. Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 110-112 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1. Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

2. Мақсаты:

- Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі туралы мағлұмат беру

- Валеология туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту

3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

4. Негізгі ұғымдар:

- Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі туралы мағлұмат беру

- Валеология туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-5 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (35-45 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (50-60 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (35-40 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).

6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма

8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Салауатты өмір салтына арналған кестелер

9. Тапсырмалар

1-тапсырма. «Салауатты өмір салты туралы» тақырыпта өз ойларыңызбен беріңіздер.

2-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

Әрбір адамның өзін-өзі күтіп, денсаулығын сақтай білуі керек. Денсаулық аамның жан-жақты дамып, еңбек етуіне, тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл күйінің көтеріңкі болуына мүмкіндік береді.

Медицина ауырғандарды емдеп сауықтыруға, аурудың асқынбауына, жұқпалы індеттердің таралмауына көмектеседі. Түрлі аурулардың алдын қалай алу керек, қалай тамақтанған жөн, зиянды әдеттерден аулақ болуды т.б. насихаттауда дәрігердің орны ерекше.

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі темекі тартады, арақ ішеді, ретсіз тамақтануынан денелерін май басады. Осылардың әсерінен адамның көңіл күйі, мінез-құлқы өзгеріп, сана сезімі төмендейді, зат алмасу процесі, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылады. Соңғы жылдары елімізде аурулардың түрлері (гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті) көбейіп, халықтың денсаулығы күннен-күнге нашарлап, өмір сүру қзақтығы кеміп барады.

Денсаулықты сақтауда медицинаның бір саласы валеологияның қызметі зор.

Валеология латынның «Valeo» - дені сау болу және гректің «logos» ғылым деген сөздерінен құралған. Сонда валеология дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым дегенді білдіреді. Оны ғылымға ХХ ғасырдың 60 жылдарында проф.М.И.Брехман енгізді. Валеология арқылы халық гигиенаны және салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін, денсаулықты сақтау мен насихаттаудың тәсілдерін үйренеді.

Денсаулықты сақтаудың бірден бір жолы – дене шынықтырумен айналысып, тамақтану рационын сақтау, зиянды әдеттерден (есірткі, темекі тарту, арақ ішу т.б.) аулақ болу.

10. Бақылау (жағдаяттық тапсырма және т.б.).

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндап, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.