Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық тақырып бойынша

1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның хал-ахуалы

2. Ұлы Отан соғысына аттанған қазақ жастарының отан сүйгіштік сезімі

3. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жастарының Отан үшін жасаған жан қиярлық ерлік істері.

4. Әлия Молдағұлованың өмірі мен соғыс кезіндегі ерліктері.

5. Мәншүк Мәметованың өмірі мен соғыс кезіндегі ерліктері.

6.Қазақ батырларының ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге

ә) грамматикалық тақырып бойынша

1. Тіліміздегі септіктердің атқратын қызметі

2. Тәуелдік жалғауының жасалу жолдары

3. Тәуелдік жалғауы мен ілік септіктің сөйлемде қолдану ерекшеліктері

5. Сабақты өткізу жоспары:

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Өткізу түрі: тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары, жағдаяттық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру.

8. Көрнекі қүралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудио диск, үлестірмелі карточкалар.

  1. Тапсырмалар

А) төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру және кейбір сөздердің синонимдерін табу:

батыр, қаһарман, майдан, қаза табу, атақ, мүгедек, жауынгер халық, ерлік.

Ә) Мәнерлеп оқып, мәтінге жоспар құрыңыз

Әлия молдағұлова

Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Әлияның анасы 8 жасында қайтыс болып, ол нағашысының қолында тәрбиеленген. 1935 жылы Әлия нағашысының отбасымен алдымен Мәскеуге, ал соғыстың алдында Ленинградқа көшіп келді.

Елімізге неміс басқыншылары соғыс ашқан кезде, Әлия снайперлерді дайындайтын курста оқып, 1943 жылы Солтүстік Батыс Майданының 5-атқыштар бригадасына аттанады. Онда 4-батальонның снайпері болды. 1944 жылдың қаңтар айында Псков облысының «Казачиха» деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты.

1944 жылы 4-маусымда Әлия Молдағұловаға Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Бүгін де Әлияның атында ескерткіштер, көше, мектеп, мұражайлар бар. Әлияға ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қылқалам шеберлері Әлия бейнесін жасады. Ғалым – зерттеуші С.Синицкий «Белые ночи» деген кітап жазса, Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары», Ж.Жұмақанов «Әлия» атты повестер жазған. Әлияға ескерткіш Новосокольники қаласында (авторы М.Әйнеков), Ақтөбеде (авторы – Л. Рапутов, М.Штамм), Мәскеуде (суретші Б. Әбішев) тағы да басқа қалалардағы мемориалдық мұражайларда бюстары орнатылған. Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазақстанның барлық қалаларында Әлия атындағы мектептер бар. Қазақ - қашанда жауынгер халық, батыр халық. Олардың батырлығы ерлігі ұрпаққа үлгі. «Ер есімі – ел есінде»,-демекші батыр қыздар Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың ерліктерін кейінгі ұрпақ ешқашан ұмытпақ емес.

Сөздік

Көшіп келді – переехали

Неміс басқыншылары – немецкие захватчики

Майдан – фронт

Совет Одағының Батыры – Герой Советского Союза

Солтүстік-Батыс майдан – Северо-Западный фронт

Мемориалдық мұражай – мемориальный музей

Ұрпақ – поколение

Ешқашан – никогда

Ұмытпақ емес – не забудет

МӘНШҮК МӘМЕТОВА

Мәншүк Мәметова (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметова 1922 жылы Орал облысының Орда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда тұратын апайының қолында өткізеді. Ол Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы медицина институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамыз айында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк соғыста өзінің мергендігімен және табанды батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған ұрыста ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып,фашистердің қолынан ерлікпен қаза тапты.

1944 жылы аға сержант Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыс кезінде Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.

Қазақтың батыр қызының ерлігі туралы көптеген жыр, естелік, повесть, әңгімелер жазылды.

Көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов: «Соғыс жылдары көрсеткен ерлігі және батырлығымен елді таңдандырған ХХ ғасырдың осы бір тұлғасына әйелдер бейнесін жасайтын, бар өмірін соған арнайтын не суретші, не мүсінші болсам ғой»,- деп жазды.

Мәншүк Мәметовамен майдандас болған режиссер Мәжит Бегалин өзінің батыр досы, қаһарман қазақ қызының өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы ән» көркем фильмін түсірді.

Батыр қызды бала кезінен жақсы білетін ақын Мәриям Хәкімжанова «Мәншүк Мәметова» поэмасын жазған. Осы поэма негізінде режиссер Сейілхан Асқаров «Мәншүктің балалық шағы» телефильмінің сценариін жазды. Сондай-ақ М.Мәметованың майдандастары Александр мен Акентай Хамидуллиндер «Мәншүктің жұлдызды» сәті атты кітап жазды.

Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған. Невель Алматы, Орал тағы басқа қалаларда Мәншүк атында көшелер, республикамызда ондаған мектептер, Қызылорда қаласында Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі бар.

2010 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Мәншүк Мәметова атындағы кабинет ашылды. Сонымен қатар университет мұражайында Мәншүк Мәметоваға арналған бөлме бар. Алматы қаласында 1997 жылы Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш орнатылды.

Сөздік

Өз еркімен – добровольно

Көзге түсу – отличиться

Ерлікпен – героический

Естелік – на память

Бейне – образ

Нағашы – родственник со стороны матери

Тҙрбиеленген – воспитывался

Неміс басқыншылары – немецкШе захватчики

Мәңгі – вечно

Мұражай – музей

1-тапсырма. Мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

  2. Мәншүк Мәметова қай жылы, қайда туған?

  3. Мәншүк Мәметованың балалық шағы қайда ,қалай өтті?

  4. Соғысқа дейін Мәншүк Мәметова қайда оқыды?

  5. Мәншүк Мәметова Қызыл армия қатарына қай жылы шақырылды?

  6. Мәншүк Мәметова қай жерде фашистермен соғысты?

  7. Мәншүк Мәметоваға қай жылы Батыр атағы берілді?

  8. Мәншүк Мәметова туралы жазған кімдердің естеліктерін білесіз?

  9. Әлия Молдағұлова қай жылы, қайда туған?

  10. Әлия Молдағұлованың балалық шағы қайда ,қалай өтті?

  11. Соғысқа дейін Әлия Молдағұлова қайда оқыды?

  12. Әлия Молдағұлова Қызыл армия қатарына қай жылы шақырылды?

  13. Әлия Молдағұлова қай жерде фашистермен соғысты?

  14. Әлия Молдағұлова қай жылы Батыр атағы берілді?

  15. Әлия Молдағұлова туралы жазған кімдердің естеліктерін білесіз?

Грамматикалық тақырып бойынша

Тәуелдік жалғау бір заттың немесе көп заттың екінші бір затқа немесе адамға тәуелді, меншікті екендігін көрсету үшін қолданылады. Мұндағы екі сөздің бірі – меншіктеушіні яғни иеленушіні (обладатель) білдіретін сөз де, екіншісі – меншіктелінетін затты (обладаемый предмет) білдіретін сөз. Меншіктеуші жақ (адам немесе басқа нәрсе) ілік септіктің жалғауларымен (-ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің) келеді де, меншіктелінетін заттың арнаулы жалғаулары болады. Мәселен, егер мешіктелінетін зат (нәрсе не адам) дауысты дыбыстарға аяқталса, оның арнаулы жалғауы дауыссыз дыбыстардан басталады:

Менің ата + м Біздің ата + мыз

Сенің ата + ң Сендердің ата + ң

Сіздің ата + ңыз Сіздердің ата + ңыз

Оның ата + сы Олардың ата + сы

Ілік септік отвечает на вопросы: кімнің? ненің? – чей? чья? чье? кімдердің? нелердің? – чьи?

Ілік септік обозначает принадлежность предмета, лица кому-либо или чему-либо. Слова в ілік септік имеют следующие окончания:

  1. ның/-нің – после конечных гласных звуков и сонорных м, н, ң.

Мысалы: Сәуле + нің, алма + ның, адам + ның, аң + ның.

  1. дың/-дің – после звонких согласных и сонорных р, л, й, у.

Мысалы: қыз + дың, үй + дің, тау + дың, қой + дың, қар + дың, мал + дың.

  1. тың/-тің – после конечных глухих согласных и звонких б, в, г, д.

Мысалы: мектеп+тің, Омаров+тың, клуб+тың, зауыт+тың, педагог+тың.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Ана ... жүрегі, отбасы...үйі, мұғалім...сөзі, әке...жұмысы, қыз...ағасы, ата...немересі, әже...шөбересі, күйеу...машинасы, аға...інісі, әпке...сіңлісі, қарындас...ағасы, бала...атасы, ұлың...досы, қызың...жігіті, әжеңіз...сіңлісі, атасы...жұбайы, бастық...кабинеті, студент...дәптері.

3-тапсырма. Ілік септіктігі мен тәуелдік жалғауының асын сызыңыз, мақалды жаттап алыңыз.

  1. Ананың көңілі балада, Мать живет заботами детей,

Баланың көңілі далады. Дети – своими интересами.

  1. Інісі бардың тыныс бар, У кого есть старший брат,

Ағасы бардың жағасы бар. У того опора есть

У кого есть младший брат,

У того подмога есть.

  1. Әкенің қадірін Цену отцу узнаешь,

Балалы болғанда білесің. Когда появятся собственные дети.

4-тапсырма.Оқып есте сақтаймыз!