Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Адамзаттың Абайы

Абай Құнанбаев 1845 жылдың тамыз айында Семей өлкесінің төрінде әйгілі Шыңғыс тауында дүниеге келді. Ел молдасы баланың құлағына үш рет айғайлап Ибраhим деп атын қойды. Баланың ата – тегі Орта жүздің Тобықты руынан шыққан атақты билер әулеті еді. Әкесі Құнанбай өз заманындағы беделді адамдардың бірі болған. Ол дін жолын қатты ұстанып, елде мұсылмандықтың кең тарауына күш – жігерін аямаған.

Жас Ибраhимді анасы Ұлжан Абай деп атаған. Осы есіммен Абай тарихқа енді. Абай жастайынан ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Көреген әке Абайға көп үміт артып, 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Болашақ ақын дін сабақтарын жеңіл үйреніп, бос уақытын кітап оқып, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары Низами, Саади, Хафиз, Новои, Физули шығармаларымен, ертегі, дастан, қисса сияқты әдеби мұралармен танысып, оларды қызыға оқиды.Медресенің соңғы жылында өз бетімен орыс мектебіне барып, тіл үйренеді. Бұл – Абайдың кейін орысшаны игеріп кетуіне негіз болады.

Абай 13 жасқа келгенде әкесі қасына алып, әкімшілік – билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп Абай ел ісіне араласады. Ел ісіне араласу – зерек те талапты жас Абайдың халықтың әдет – ғұрып, салт – тұрмыстарымен кеңінен танысуына жол ашады. Ол қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен, батырлар жырлары мен ғашықтық жырларынан сусындайды. Сонымен қатар орыстың - Пушкин, Белинский, Герцен, Чернышевский, Некрасовтарды, Европаның Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин сынды ғұламаларының туындыларын оқиды. Сөйтіп, Абай, бірінші, өз жұртының,екінші араб-парсы тілді жұрттың, үшінші орыс, Европа жұртының ой-өнерінен нәр алады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарлатты.

Абай қазақ әдеби тілінің негізін салды, қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерді. Өз шығармаларында халықтың мүддесін, арман-мұңын жырлады, жарқын болашақты аңсады. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдары басталады. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым - біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай өлеңдерінің тақырыбы жан – жақты, әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, табиғатты сүюге, ғылымға шақырады, махаббат тақырыбын көп жырлайды. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым – білім үйренуде, адамгершілік мінез – құлықта деп ұқты.

90-жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Абайдың қара сөздерінің жалпы саны елуге жақын. Олардың әрқайсысы өз кезіндегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелеріне арналған. Кейбір әңгімелер тақырыбы, кейде мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады. Абайдың қара сөздерінің өзінше ерекшелігі бар. Оның сөйлем құрылысы да басқашалау болып келеді. Сөздердің көлемі аз болса да, мағынасы терең, мазмұны мол. Көпшілігі сұрау, жауап, не оқушыларымен, не өзімен-өзі кеңесу үлгісінде құрылады.

Қазақ топырағында реалистік аударма дәстүрі Абайдан басталады. Аударма мәдениеті де сол Абайдан тарайды. Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне жетік еді.

Абай өлеңдері мен поэмалары , қарасөздерінен басқа ән шығармашылығы да қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» және тағы да басқы әндері әлі күнге дейін халықтың жүрегіне жақын. Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов Абайды «қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп орынды атаған.

1-тапсырма.Мына шылауларды аударып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз. Осылардың ішінен септеулік шылауларды ажыратып, атап беріңіз.

Дейін, кейін, туралы, жайлы, мен, әлде, немесе, үшін, шейін, кейде, не, қасында, жанында, алдында, бойы, бірге.

2-тапсырма.Мына сөздерге барыс септік шылауларын тіркестіре отырып бірнеше сөйлем құраңыздар.

Абай, өлең, үйрену, араласу, мешіт, ел, ғылым, тәрбие.