Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Коммуникативті компетенциябойынша

Г) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Ғ) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Д) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі.

  • Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады.

  • Көмей (көмекей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше.

  • Кеңірдек – көмейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше.

  • Бронхы– кеңірдектің жалғасы.

  • Өкпелер кеуде қуысында орналасады.

Е) Төменде берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

  • Обмен газов между кровью и воздухом происходит в органах дыхания.

  • При спокойном вдохе в легкие взрослого человека поступает около 3500 воздуха.

  • У разных людей жизненная емкость легких неодинакова.

  • Углекислый газ из венозной крови поступают в легочные пузырьки.

  • Кислород из легочных пузырьков проникает в кровь. Как происходит газообмен в легких?

  • Почему надо дышать через нос?

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Ағза оттегіні сіңіріп,

сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және

дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм.

Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан,

көмір қышқыл газын бөліп отырады.

Оттегі жасушалар мен ұлпалардың

адам өміріне аса қажет газ алмасуды қамтамасыз етеді.

Бір минутта өкпе 8 л ауа өткізіп,

көмекей, кеңірдек, өкпе және бронхылар жатады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, көмей немесе

тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет.

З) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.

  • Тыныс алу дегеніміз – ағза және _____ аралығында газ алмасу үрдісі.

  • Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты____ астарлайды.

  • Тыныс алу жүйесі ______ қан айналу жүйесіне өткізеді.

  • Адам минутына орта есеппен______ тыныс алады.

  • Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс______ қысқа болғандықтан,дауысы_____ болады.

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

И) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.

  • Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет.

  • Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және түкті эпителий орналасқан.

  • Әйелдердің дауысы жіңішке болады. Олардың көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа.

  • Ер адам көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейінің оның орташа ұзындығы 36 мм.

К) Ауаның қалай жылжитынын(қандай мүшелерден өтетінін) ретімен жазыңыз.

(аңқа, өкпе, бронхы, мұрын қуысы, кеңірдек, мұрын, көмей)

Cөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы еске түсіру және жаттығупар

Қ) Төмендегі мысалдарда қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағынаны білдіретінін айтыңыз.

Қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. Қисық ағаш, қисық мінез. Суық күн, суық сөз, суық хабар. Жылы су, жылы сөз. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.

Қарамен терілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңіз.

Л) Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); жылы (су, сөз, киім, өң); суық (су, сөз, хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қотыр, қарын, ауыз, бауыр, балақ, аяқ, су); бет (әжімі, моншақ, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, қайту, орамал); арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос).

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

М)Мұрынның сипатын білдіретін тіркестердің мағыналарын есте сақтаңыз.

Мұрынның сипатын білдіріретін тіркестер

Мағыналары

Қыр мұрын

мұрынның қыры түзу, әдемі формасы

Пұшық мұрын

мұрынның қысқалау, ұшының көтеріңкі бітуі

Тәмпіш мұрын

кішкене мұрын

Пісте мұрын

мұрынның ұшының үшкірлеу, көтеріңкі бітуі

Құс мұрын

мұрынның үстінің көтеріле бітуі

Н) Тыныс алу мүшелеріне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестіріңіз.

фразалық тіркестер

Білдіретін мағыналары

а

Мұрнына су жетпеу

1

дем алуы қиындау

ә

Мұрнын шүйіру

2

уақыты болмау, үлгермеу

б

Өкпесі аузына тығылу

3

дауысы ерекше әнші

в

Күміс көмей

4

менсінбеу