Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау:

1. Қазақтың қандай атақты дәрігерлерін білесіз?

2. Қазіргі кездегі қандай көрнекті дәрігерлерді білесіз?

3. Т.Шарманов туралы не білесіз?

4. Қ.Ормантаевтың қандай еңбектерін білесіз?

5. А.Рақышовтың еңбек жолы қалай және қашан басталды?

6. Анатомия нені зерттейді?

7. М.Әлиевтің қандай еңбектерін білесіз?

8.Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, уролог-дәрігер О.Жарбосынов туралы не білесіз?

9. А.Н.Сызғанов кім?

10. Дәрігер мамандығы туралы не айтасыз?

11. Әдебиет:

1. Ақыжанова А.Т. Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар. Алматы, 2005ж.

2. ИсаеваЖ Т,Тәттібаева А.Е.,.Т. Қазақ тілі Алматы, 2011ж.

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Шығыс медицинасы.

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Шығыс медицинасы.

2.Мақсаты:

- шығыс медицинасы туралы мағлұмат беру;

- шығыс медицинасы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- шығыс медицинасы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- етістіктің жасалуын практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп оқу.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Медицина дамуында шығыс медицинасының маңызы.

2. Шығыстың ғұлама ғалымдары.

3. Ибн-Сина еңбектерінің маңызы.

4. Шығыс медицинасындағы емдеу тәсілдері.

5. Инемен емдеу әдісінің ерекшелігі.

6. Нүктелі массаждың пайдасы.

7. Шығыс медицинасының ерекшелігі.

5.Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма, тесттік бақылау.

8. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск

9. Тапсырмалар

А)Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.

Дерек, құндылық, ғұлама,өшпес із, мәлімет, сыр, шоқ, бармақ, қалпына келтіру, жасуша.

Ә)Төмендегі сөздердің аудармасымен танысу.

деректер-сведения

құндылық-ценность

өшпес із-незабываемый след

мәселелеріне арналған-посвященный

проблемам

нүкте-точка

сыр-тайна,секрет

шоқ-горящий уголь

қалпына келтіру-восстановить

жасуша- клетка

Б) Мәтінді оқу

Шығыс медицинасы

Медицина дамуында шығыс медицинасы ерекше орын алады. Шығыс медицинасы жайлы деректер адамзатқа ежелден белгілі.

Шығыстың ғұлама ғалымдары Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Бәкір Ар-Рази (Разес), Әбу Райхан әл-Бируни медицина, жаратылыстану, астрономия, философия т.б. ғылым салаларына арнап еңбектер жазып, адамзат дамуында өшпес із қалдырды. Олардың еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ. Мысалы, Әбу Әли ибн Синаның «Китаб ал-Канун фит-т-тибб» («Канон врачебной медицины »), «Китаб аль-Шифа» («Книга исцеления») т.б.еңбектерінің медицина даму тарихында маңызы зор. Ғұлама ғалымның бұл еңбектері ХII ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылған. Мұнда кейбір ауру түрлері сипатталып, оны емдеу әдістері көрсетілген. Сонымен бірге денсаулықты сақтау, нығайту жолдары, әртүрлі өсімдіктердің пайдасы туралы да мәлімет

Шығыс медицинасында науқастарды емдеу үшін әртүрлі дәрілік өсімдіктер, емдік балшық, минералды сулар қолданылған. Сонымен бірге массаж жасау, нүктелі массаж, инемен емдеу т.б. кең тараған.

Инемен емдеу (чжень) және денені күйдіріп емдеу (цзю) – талай ғасырлардан бері медицинаға белгілі. Ол осыдан бес мың жыл бұрын Тибет (Қытай) медицинасында қолданылған. Ол кездерде ине орнына үшкір тас, жануарлар сүйегі, күйдіру үшін қамыстың шоғы пайдаланылғаны туралы деректер бар. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда жазылған қытай халық медицинасының он сегіз томдық «Хуанди нэй –цзин» деп аталатын кітабында инемен және күйдіріп емдеу әдістерін қандай ауруларға қарсы қолдану қажеттігі көрсетілген. Сол кездің өзінде-ақ, Қытай инемен емдеу орталығына айналып, бұл елге Жапония, Үндістан сияқты елдерден дәрігерлер келіп, емдеу сырын үйрене бастайды. Ал, ХІХ ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді қолдана бастады.

Денедегі емдеу нүктелерін бармақпен басып емдеуді - нүктелі массаж деп атайды. Бұл емдеу әдісі Жапонияда пайда болған деп есептеледі. Жапон тілінде Ши-атсу деп аталады (ши-бармақ яғни, саусақпен басу деген сөзден шыққан). Бұл әдіспен кейбір мүшелердің бұзылған қызметін қалпына келтіруге болады екен.

Сонымен бірге, шығыс медицинасында емдік дене шынықтыру жаттығуларына да көп көңіл бөлген.

Шығыс медицинасы адам ағзасы біртұтас, бірімен– бірі байланысып жатқан бөлінбейтін жүйелер мен жасушалар жиынтығы деп қарайды. Сондықтан егер жанарыңыздын көру қабілеті азайса, онда көзбен бірге бауырды да емдеуді қолға алады.

Ал, созылмалы ауруларға ұшырағандарға емдік дәрілер бірден тағайындалмайды, емдеу үш кезеңге бөлінеді:

бірінші кезең – ағзаны тазалау;

екінші кезең – ағзаны жетіспейтін микро– макро элменттермен толықтыру;

үшінші кезең – ағзаны қайта қалпына келтіру.

В) Мәтін бойынша сұрақтарға жауаптарға жауап беру

1. Медицина дамуында шығыс медицинасының маңызы қандай?

2. Шығыстың қандай ғұлама ғалымдарын білесіз?

3. Ибн-Сина еңбектерінің маңызы қандай?

4. Шығыс медицинасындағы емдеу тәсілдері қандай?

5. Инемен емдеу әдісінің ерекшелігі қандай?

6. Нүктелі массаждың пайдасы қандай?

7. Шығыс медицинасының қандай ерекшелігі бар?

Г) Мәтінде курсивпен берілген етістіктердің ішінен туынды етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіру.

Ғ)Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

қалпына келтіру, аудару, берілу, қарау, толықтыру, қолданылу, ескеру, көмектесу, сақтау, ойлау, нығайту, ақылдасу, атау, басқару,молығу, көбею, тазалау, есептеу,көрсету, азаю, иіскеу, емдеу, жоғалу, сарғаю,үйрену.

Д) Сөйлемдердің шын, өтірік екенін анықтау.

А) Шығыс медицинасы жайлы деректер адамзатқа әзірше белгісіз.

Ә)XXI ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді қолдана бастады.

Б) Ине орнына үшкір тас, жануарлар сүйегі қолданылды.

В) Шығыс медицинасында дәрілік өсімдіктер қолданылған

Г) Шығыс медицинасында науқастарды емдеуде химиялық қоспалар қолданылған

Ғ) Бармақпен басып емдеу әдісі Италияда пайда болған.

Д) Шығыс медицинасында дене шынықтыру жаттығуларына көңіл бөлген.

Ж) Әл Фарабидың «Китаб аль-Шифа» атты еңбегі бар.

Ж)Мәтінді қазақ тіліне аудару.

По преданию, почувствовав близкий конец, ибн-Сина решил дать бой смерти.Он приготовил 40 снадобий,которые надо последовательно применить в случае его смерти,и продиктовал правила их использования своему самому верному ученику. После смерти ибн-Сины ученик приступил к оживлению,с волнением замечая, как немощное тело старца постепенно превращается в цветущее тело юноши, появляется дыхание, розовеют щеки.Оставалось последнее лекарство,которое нужно было влить в рот и оно бы закрепило жизнь, восстановленную предыдущими снадобьями.Ученик был так поражен произошедшими изменениями,что выронил последний сосуд.Спасательная смесь ушла в глубину земли и через несколько минут перед учеником лежало дряхлое тело учителя.

З) Салыстыру жүргізу.

Батыс медицинасы химиялық қоспалар арқылы қолданылады. Бұл қоспалар жылдар бойы клиникалык сынақтан өтеді. Сонан соң жалпы өндіріске жіберіледі. Осы фармацевтикалық өнімдер қызу түсіреді, жанға батқан ауру мең жөтелді саябырлатады, ісіктерді т.б басады. Асқынып кеткен жағдайларда арнайы оталар (операциялар) жасап, емдеу жүргізеді.

Батыстың медицинасы – адамның әрбір мүшесін жеке –жеке қарайды. Гепатолог дәрігер тек ғана бауырды емдесе, кардиолог тек жүректі, нефролог бүйректі, гинеколог әйел ауруларын, окулист көз ауруларын емдейді т.б.

Ал, шығыс медицинасында науқас адамды толығымен бірден емдейді (рух, жан, тән). Шығыс медицинасының негізі – ағзаны бөлінбейтін біртұтас деп қарайды. Адам ағзасы біртұтас, бірімен– бірі байланысып жатқан бөлінбейтін жүйелер мен жасушалар жиынтығы деп есептейді.

Е) Сөйлемдерді толықтырып, мәтіннің мазмұнын айту.

1026 жылы «Тун женьшу сюэ женьцзю» (Қола адамның нүктелерінің атласы) атты көлемді ------------------------- жазылды. Ол кітапта науқасты емдеу------------------- ине қою нүктелері сипатталып, адам денесіне түсірілген болатын. Сол заманның ----------------- ғалымы Ван Вени адамның қоладан жасалған мүсініне 600 инемен----------------------- нүктелерін түсіріп, оларды емдеу ----------------------. қалай табу --------------- анықтап көрсеткен. Бұл нүктелер 12 сызық (меридианға) орналастырылған. --------------- ойынша , әр сызық адам денесінің шеткі ( периферия) бөлігін ішкі мүшелермен байланыстырады. Бұл ---------------- ғасырлар бойы дамып, толықтырылып отырды. Біршама уақыт аралығында ------------------ сызық 14-ке көбейіп, 695 ем нүктелері анықталады.

Керекті сөздер: автордың, керектігін, белгілі, еңбек, он екі, емдеу, тәсіл, барысында, үшін.

Грамматикалық таұырыпты түсіндіру.

Етістіктің жасалуы

-ла,-ле,-да,-де,-та,-те;

-лан,-лен,-дан,-ден,-тан; тен;

-ғар,-гер,-қар,- кер;

-лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес;

Мына етістіктердің түбірін табy.

Шегелеме, үтіктеу, аяқташы, тазалады, ойландың, тұздау, ақылдасты.