Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Дәрігер этикасы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді оқып, есіңізге сақтаңыз.

адамгершілік - гуманность, человечность

сыпайылық - вежливость

жылы сөз - теплые слова

жүріс тұрысы - поведение

мәдениеттілік - культурность

айығу- выздоравливать

үміт - надежда

кемістік - недостаток, дефект

құпия - секрет, тайна

келісім - договор, соглашение

жариялау - объявить

міндет - обязанность

адал ниет - чистая совесть

2-тапсырма. «Дәрігер этикасы» мәтіні бойынша кездесетін сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Мінез-құлқы, күш-жігері, дәрігер құпиясы, өмірін қорғау, дәрігердің әрбір жылы, дәрігердің негізгі міндеті, зиян келтіру, жұқпалы аурулар, дерттен тез айығу, дәрігердің адамгершілігі, жұмысқа берілу.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Дәрігер этикасы

Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым- қатынасы біршама нормалармен, ережелермен және әдет-ғұрыппен реттеледі.

Медициналық этика – медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизмнің көрінісі. Медициналық этиканың бір бөлігі –деонтология. Деонтология басқа салаларға қарағанда, медицина мен практикалық денсаулық сақтау саласына өте қажетті ғылым. Бұл медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек ауруды емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанымен түсіндіріледі.

Дәрігер этикасы (лат. ethia – әдептілік) - дәрігердің адамгершілігі, сыпайылығы, оның науқас және сау адамдармен өзара қарым-қатынасы. Дәрігердің әрбір жылы сөзі, мінезі мен жүріс-тұрысындағы мәдениеттілігі және сыпайылығы науқас адамның ауруынан тез айығып кетуіне көмектеседі. Өйткені науқас адам өзін емдеуші дәрігерін ұнатса, оған сенсе әрдайым көңілі көтеріңкі болып, үміті артып ауруынан серги бастайды.

Дәрігер этиканы сақтап, науқастың көзінше ауру кемістігін айтпауға тиіс, яғни дәрігер құпиясын сақтауы қажет. Дәрігер құпиясы дегеніміз – науқас адамның келісімінсіз оған қатысы бар мәліметтерді жарияламау. Мысалы, психикалық аурулар, әйел аурулары, кейбір кемістік т.б. Егер науқастың ауруы көпшілікке зиян келтіретін болса, оны дәрігер жасыра алмайды. Мысалы, жұқпалы аурулар кезінде, жыныс мүшесі арқылы таралатын аурумен ауырса, міндетті түрде ескертіп емдеу керек.

Кез келген ауру жағдайында да дәрігер сырқаттың психикасын бұзбауға тиіс. Қатерлі ісік ауруы бар адамдардың сұрағына абайлап жауап қайтаруы керек.

Дәрігердің негізгі міндеті – халықтың денсаулығын сақтауда адал ниетпен қызмет етіп, дәрігер құпиясын сақтап, науқас адамның алдында дәрігер этикасын дұрыс қолданып, науқастың дертінен тез айығып кетуіне барлық мүмкіндікті қолдану. Дәрігерлік мамандық одан арнайы біліммен қатар адалдықты, жаны тазалықты, жұмысқа беріле істеуі, тіпті бар өмірін соған арнауды талап етеді.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Дәрігер этикасы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Дәрігерлік деонтология деген не?

  3. Дәрігер құпиясы дегеніміз не?

  4. Деонтология қандай ғылым?

5-тапсырма. Гиппократ антын оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Медицинаның атасы атанған данышпан дәрігер Гиппократ біздің заманымыздан бұрынғы 460-377 жылдары өмір сүрген.