Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

13. Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз.

14.Төмендегі туберкулез ауруы бойынша науқастың жауаптары берілген. Дәрігердің сұрақтарын дайындаңыз.

– ____________________?

– Кеудем ауырады.

– ____________________?

– Иә, жөтелемін.

– ____________________?

– Қызуым 37 градустан түспейді.

– ____________________?

– Иә, жүдедім. 5-6 кг-дай салмақ жоғалттым.

– ____________________?

– Түнде жөтелемін.

– ____________________?

– Әлсіздік сезінемін. Тез шаршаймын.

– ____________________?

– Иә, қақырық түседі.

– ____________________?

– Жоқ, қан байқалмайды.

15. Науқас адам жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз(аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

16. Өкпе сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңізжәне солармен сөйлем құрастырыңыз.

фразалық тіркестер

Білдіретін мағыналары

А

Өкпесі қара қазандай

1

ренжу, өкпелеу

Ә

Өкпе-бауыры елжіреу

2

ентігу, алқыну

Б

Қызыл өкпе болу

3

қатты ренжу.

В

Өкпе арту

4

ерекше мейірім білдіру

10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

1. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

а) жоғары өрледі

ә) ышқына соқты

б) қысы-жазы үзілмейді

в) ілгері кетті

г) сабақ бітті

2. Туынды үстеуді көрсетіңіз.

а) былтыр барды

ә) әрең жүру

б) қазақша оқу

в) жоғары тұру

г) кеш кел

3. Қай сөйлемде мезгіл үстеу бар?

а) Қазір кәсіпорындарда дәрінің 300 түрі жасалады.

ә) Фармакология жалпы және жеке болып екіге бөлінеді.

б) Дәрілер фармацевтика зауыттарында жасалады.

в) Дәріні қажет болғанда ғана қолданыңыз.

г) ЖИТС – ғасыр дерті.

4. Мезгіл үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қай бағыт екенін білсе де ілгері жылжи берді.

ә) Сол кеткеннен бүгін келіп тұр.

б) Артта қалмай алға да кетпей қатар келеміз.

в) Кешігіп келгендіктен, еркін отырып сөйлесе алмадық.

г) Жоғары қараған сайын басы айнала берді.

5. Туынды үстеуді көрсетіңіз.

а) ескіше

ә) ерте

б) күз

в) тым

г) жоғары

6. Үстеудің мағыналық түрін көрсетіңіз.

а) сапалық

ә) жанама

б) мақсат

в) қатыстық

г) тура

7. Сын-бейне үстеуді көрсетіңіз.

а) етпетінен

ә) күні кеше

б) ала жаздай

в) таңертең

г) күні ертең

8. Сын бейне үстеуді табыңыз.

а) сонша тұнба жасау

ә) амалсыздан дәрі ішу

б) науқасты шалқасынан жатқызу

в) кейінге қалдыру

г) шөптен дәрі жасау

9. Негізгі үстеуді көрсетіңіз.

а) ерте

ә) артқа

б) күздей

в) жаңаша

г) таңертең

10. Туынды үстеудің жұрнақтарын көрсетіңіз.

а) -ша; -ше

ә) –дап; -деп

б) -са; -се

в) -дың; -дің

г) -ын; -ін

11. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған сөйлемді көрсетініз.

а) Әдейі сізге жолығайын деп келдім.

ә) Шақырғанда дереу жетіп барды.

б) Ол өте жақсы білсе де,жорта білмегенсіп отырды.

в) Мұнда кілең жастар отыр екен.

г) Бұл енді қасақана істегендері.

12. Күшейткіш үстеуді көрсетіңіз.

а) дереу

ә) бекерге

б) балаша

в) тым

г) амалсыздан

Операционалды – дағды компетенциясы: .

1– жаттығу. Сөйлемнен үстеулерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз.

1.Науқастың кешке дейін дене қызуы көтерілді. 2.Аурудың белгілерін әдейі айтпады. 3.Ол жұмысқа қасақана кешігіп келді. 4.Таңертең алынған мәліметтер аурудың түрін анықтауға көмектесті.

2-жаттығу. Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз.

Жүрек, тіс, ішек, қуық, қолқа, саусақ, көмей, бауыр, қылтамыр, өкпе, бүйрек, асқазан, жұлын, несепағар, ми, омыртқа, ұйқы безі, жұтқыншақ, ұлтабар, ортан жілік, мұрын, сегізкөз.

Коммуникативті компетенция:

а) Лексикалық тақырып бойынша:

Қалып қойған сөздерді қойып, өзіңізді тексеріңіз.

  • Пневмония көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе ____________ сырқаттардан кейін пайда болатын ______________ ауру.

  • Аурудың дамуына ____________қатты тоңуы, ауыр жұмыс пен жүйкеге психикалық күш түсу, улану сияқты факторлар ______________ етеді.

  • Науқастың ___________ шаншиды, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты ___________ пайда болады.

  • Тексерген ___________________ тынысы қатаң болып, құрғақ кейде ылғалды _______________естіледі.

  • Сырыл болған ___________________ демікпеге қарсы ____________________ қолдану қажет.

  • Сауығу кезінде науқастың ___________________ жақсарып, ентігу, _______________белгісі жойылады.

  • Аурудың бұл ________________ 2-3 күнге дейін созылады.

ә) грамматикалық тақырып бойынша:

1. Үстеудің қандай түрлерін білесіз?

2. Туынды үстеу қалай жасалады?

3. Мезгіл үстеулерін атаңыз.

4. Ертең, бүрсігүні, күндіз үстеулеріне мысал келтіріңіз.