Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

13

Тақырыбы: Анемия немесе қаназдық

Етістіктің райлары

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Анемия немесе қаназдық

Етістіктің райлары

2. Мақсаты:

  • Анемия немесе қаназдықтуралы қазақ тілінде мағлұмат беру;

  • Анемия немесе қаназдықтуралы қазақ тілінде мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • Анемия немесе қаназдықтуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • етістіктің райлары туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Анемия немесе қаназдықкезіндегі адам ағзасындағы белгілер туралы.

2. Аурудың алғашқы кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.

3. Аурудың өршу кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.

4. Ауру біліне бастағандағы өзгерістер туралы.

5. Ауру асқынған кездегі сырқат белгілерітуралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Етістіктің райлары туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 80-88 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 32-34 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 71-76 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,рай тұлғаларының кестесі, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

9. Тапсырмалар:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

А) Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз.

Ә) Егер мәтін қан ауруы туралы болса, онда қандай мәселелер жайында айтылуы мүмкін?

Б) Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

Қан... белгілі көлемі

Тәбет... нашарлауы

Өкпе... қан кету

Жарақаттану... қан кету

Гемоглобин... түзілуі

Жоғарыда... себептер

Бірнешеу... қосылуы

Құлақта... шуыл

Жүрек тұс... шаншуы

Ес... танып қалу

Темір... жетіспеуі

Темір қор... көп тұтыну

Ауыз... дәмнің болмауы

Тамақ... жұту

Көп... түсуі

Езу... жарылуы

В) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

Анемия немесе қаназдық– қанның белгілі көлемінде гемоглобин мен эритроциттердің санының азаюымен сипатталатын қан ауруы. Грек тілінен аударғанда an – жоқ, haima – қан, яғни қаназдық деген сөз. Гемоглобин ер адамдарда – 130 г/л-ден, әйел адамдарда – 120 г/л-ден төмен, жүкті әйелдерде – 110 г/л-ден аз болуын анемия деп атайды.

Қаназдық қан кету себебінен туындауы мүмкін, мұндай аурудың пайда болуына , көбінесе, өкпеден, өңештің кеңіген тамырларынан, асқазан жарасынан және басқа да жарақаттанулардан қан кетуі себеп болады. Мұнда қанның жалпы мөлшері азаяды, бұл кезде шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілмесе, адам өліп кетуі мүмкін.

Анемия әрқашан басқа аурулардың көрінісі болып есептелінеді. Эритроциттердің немесе гемоглобиннің түзілуінің бұзылуы нәтижесінде, эритроциттердің көп ыдырауы нәтижесінде, кейбір заттардан уланғанда, жұқпалы аурулардан кейін де анемия пайда болады. Ал, полидефицитті анемия жоғарыдағы себептердің бірнешеуінің қосылуы нәтижесінде пайда болады. Анемия ауруларының жиі кездесетін шағымдары:

  • бастың ауруы;

  • бас айналу;

  • құлақтағы шуыл;

  • ентігу;

  • ауа жетіспеушілік сезімі;

  • жүректің жиі соғуы, кейде жүрек тұсының шаншуы;

  • естен танып қалу;

  • көз алдында “шіркейлердің” көрінуі;

  • ашуланшақтық;

  • ұмытшақтық;

  • әлсіздік.

Анемияның ішінде жиі кездесетін клиникалық түрі – теміртапшылықты анемия.Теміртапшылықты анемияның негізгі себебі – ағзада темірдің жетіспеуі. Оған әр түрлі жағдайлар: қан жоғалту, темір сіңуінің бұзылуы, темір қорын көп тұтыну т.б. себеп болады. Тәулігіне адам ағзасына тамақпен келетін темірдің 3-7 мг. ғана сіңеді. Бұл қалыпты жағдайда гемоглобин түзілуіне жеткілікті. Егер ағза тәулігіне 1 ас қасықтан артық қан жоғалтса, бұл ондағы темірдің мөлшеріне әсер етеді. Сондықтан мұндай жағдайлар үнемі қайталанса, темір тапшылығы туындайды. Сондай- ақ, темір сіңуінің бұзылуы асқазанға операция жасалғанда, ішек ауруларында байқалады. Ағзадағы темір қорын көп тұтыну әйелдердің екіқабат кезінде, яғни құрсақтағы баланың өсу кезеңінде туындайды.

Темір тапшылықты анемиямен ауырған науқастардың шағымдары:

  • тәбеттің нашарлауы;

  • аузында дәмнің болмауы;

  • кекіріктің пайда болуы;

  • іштің ауруы.

Бұл аурудыңауыр түрінде қатты және құрғақ тамақты жұту өте қиындайды. Ауру адамды қарағанда терісінің қуқыл тартқаны байқалады. Сонымен қатар терінің құрғақтығы, шаштың ерте ағаруы, көптеп түсуі, езудің жарылуы кездеседі. Жүрек жағынан анемияға тән систолалық шуыл естуге болады. Қанда эритроцит саны мен гемоглабиннің деңгейі төмендейді. Қанның сары суындағы темір мөлшері 1,5-2,5 есе,кейде одан да төмен азаяды.

Емдік шаралары. Біріншіден, құрамында темірі бар дәрілермен емдеу және құрамында темір мөлшері көп тамақтармен (бауыр, сиыр еті, жұмыртқа, алма, кептірілген жемістер) тамақтандыру. Екіншіден, себепші ауруларды емдеу.

Г) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

ыдырау – распад; расщепление

шіркейлер – мошкара; москиты

теміртапшылықты анемия– железодефицитная анемия

тұтыну – потребление

кекірік –отрыжка

жарылу – трескаться

Ғ) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Жүкті әйелдерде, ауа жетіспеушілік сезімі, туындау, темірдің жетіспеуі, қан аздық тудыру, шұғыл дәрігерлік көмек, гемоглобиннің түзілуінің бұзылуы, темір сіңуінің бұзылуы, темір қорын көп тұтыну,тапшылық, құрсақтағы бала, тәбеттің нашарлауы, құрғақ тамақты жұтуқиындау, түсінің қуқылдануы, терінің құрғақтығы, шаштың ағаруы, езудің жарылуы,науқастың әлсізденуі, жүрек шуылы