Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Төмендегі сұхбатты мазмұнына қарай толықтырыңыз.

– Қай жеріңіз ауырады?

– ______________________ .

– Қашаннан бері ауырасыз?

– ______________________?

– Бір аптадай болды.

– Қақырық тастайсыз ба? (Қақырық түсе ме?)

– ______________________ .

– ______________________?

– Иә, күнде кешке қарай қызуым көтеріледі.

– ______________________?

– Иә, әлсіздік сезінемін.

– Қандай жерде жұмыс істейсіз? (Көмір, цемент, шаңтозаңдар сияқты зиянды фактордың жұмыс орныңызға қатысы бар ма?)

– ______________________ .

– Сізге қатты салқын тиген жоқ па?

– ______________________.

– ______________________?

–Аяқ-қолым кейде ауырады.

– Ентігесіз бе?

– ______________________ .

– ______________________?

– Рентгенге түскен жоқпын.

11. Науқас адам жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз(аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

12. Науқас адамға дәрігердің атынан ем тағайындаңыз (мәтін бойынша).

13. Төмендегі фразалық тіркестердің сәйкес мағынасын табыңыз және солармен сөйлем құрыңыз.

Өкпесін сүйреу

бар пәрменімен, қатты жүгіру

Кеудесін тосу

денсаулығы нашар адам туралы

Екі өкпесін қолына алып жүгіру.

жанын қию, басын тігу

14. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Острое воспаление слизистой оболочки гортани возникает в результате преохлаждения, приема слишком горячей или холодной пищи. Причиной ларингита может стать и перенапряжение голоса.

Страдающий острым ларингитом ощущает сухость, жжение, а иногда и боль в горле. Голос становится сиплым. Тяжелобольной ларингитом прежде всего должен обязательно соблюдать диету. Запрещаются кислые, соленые, острые блюда. Еда и питье должны быть теплыми. Больной не должен употреблять алкоголь, который уменьшает отделение мокроты.

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар

1. Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз.

2. Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

Мұрны… тыныс алуы

Ылғал… сырыл

Жөтел… жеңілдету

Қақырық… түсіру

Ауру… меңдеуі

Ыстық…түсіру

Ауырған… басу

Терісі… түсі

Өкпеде… өзгерістер

Диагноз… ерте анықтау

Демікпе... қарсы

Мұрын... желбезегі

Ерні... айналасы

Халі... ауырлауы

Пневмония

Пневмония (өкпе қабынуы) бұл өте ауыр өкпе ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс алу сырқаттарынан кейін пайда болатын жұқпалы ауру. Пневмония термині грек тілінен алынған, өкпе қабынуы дегенді білдіреді.Ауруды әр түрлі вирустар, бактериялар қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты тоңуы, ауыр жұмыс пен жүйкеге психикалық күш түсу, улану сияқты факторлар әсер етеді. Сәбилерде өте жиі кездеседі.

Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел және созылмалы пневмония болып бөлінеді.

Жедел пневмонияның өтуін үш кезеңге: басталу, меңдеу және сауығу кезеңдеріне бөлуге болады. Басталу кезеңінде сырқат тұмауратады: жиі түшкіреді, дене қызуы 39-40 С-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, буындары сырқырайды. Біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, мұрнымен тыныс алуы қиындайды. Науқастың бүйірі шаншиды,алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Содан соң тыныс алу сипаты өзгеріп, ол жиілей түседі. Тәбеті төмендеп, мазасыздануы арта түседі, ұйқысы бұзылады. Тексерген кезде тынысы қатаң болып, құрғақ кейде ылғалды сырыл естіледі. Аурудың бұл кезеңі 2-3 күнге дейін созылады. Дер кезінде емдей бастаған жағдайда қабыну үрдісін асқындырмауға болады. Содан соң аурудың меңдеуі басталады. Дене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді. Алқынуы өршіп, терісінің түсі қуқыл тартады. Кеудесін кере дем алғанда аздап сырыл байқалады. Бұл кезең 8-10 күнге созылады, дене қызуы біртіндеп төмендейді. Сауығу кезінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады. Өкпедегі өзгерістер баяу болады. Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі– диагнозды ерте анықтап, дер кезінде ауруханаға жатқызу. Ауруды дер кезінде анықтауда рентген арқылы диагноз қоюдың маңызы бар. Аурудың қайталануы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті. Науқасты бағып-күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек. Сондай-ақ, физиотерапия, емдік гимнастика, массаж жасау пайдалы.

Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе ұлпасының құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ, созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Созылмалы пневмонияның белгілері:

  • тыныс алудың (дем алудың) жиілеуі;

  • қырыл немесе сырылдыңестілуі;

  • әр дем алып, дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп, басылып тұруы;

  • дене қызуы көтерілуі;

  • қалтырау;

  • жөтел;

  • сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр түсті қақырық тастау;

  • кеуде қуысының ауыруы;

  • науқастың жалпы халінің ауырлауы;

  • ентігу;

  • бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгеру.

Көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады.

Емі.Антибиотиктер тағайындалады. Ыстықты түсіру және ауырғанды басу үшін, жөтелді жеңілдету және қақырықты түсіру үшін дәрі-дәрмектер,көп сұйық ішу және бу ингаляциясын жасау ұсынылады. Сырыл болған жағдайда демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.