Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

1. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді көрсетіңіз.

(4 жауап)

а) Холециститтің жедел түрінде диета сақталып, асқынған түріне операция жасалады.

ә) Жиналған тас өт жолдарына кептеліп, өттің жүруіне кедергі келтіруі мүмкін.

б) Мараттың жақсы дәрігер болатындығын білгендей, мұғалімдер ғылыми конференцияға жиі қатыстырды.

в) Ауру анализін толық тапсыра алмай, дәрігерге уақытысымен бара алмады.

г) Күн салқын болғанмен, балалар көшеде ойнап жүр.

2. Құрмалас сөйлемдерді көрсетіңіз. (3 жауап)

а) Д витамині балық майында, бауырда болады.

ә) Никотин қан қысымын жоғарылатып, жүрек соғуын жиілетеді.

б) Ас алдымен физикалық жолмен өңделеді, содан кейін химиялық реакцияға түседі.

в) Ауру білінісімен дәрігерге барып, дер кезінде емделгені жөн.

г) Күнделікті тағамда витаминдердің жетіспеуі зат алмасу үрдісінің бұзылуына әкеліп соғады.

3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? (1 жауап)

Науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады.

а) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

ә) Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

б) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

в) Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

г) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

4. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқысының баяндауышы болатын етістікті көрсетіңіз. (2 жауап)

Ауру басталғанда дене қызуы ..., жұтынғанда тамағы ауырады.

а) көтерілгенде

ә) көтеріліп

б) көтерілген себепті

в) жоғарылап

г) жоғарыласа

5. Бағыныңқы сөйлемі қайтіп? деген сұраққа жауап беретін сөйлемдерді көрсетіңіз. (3 жауап)

а) Тыныс шығарғанда сырыл естіледі.

ә) Рентген арқылы диагноз қойып, ауруханаға жатуға жолдама берді.

б) Тыныс алуы қиындағанда, ол түрлі емдік шаралар қолданды.

в) Емдік гимнастика жасатып, көп аурулардың алдын алды.

г) Мұрнымен тыныс алуы қиындап, тамшы дәрілерді қолданды.

6. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз. (2 жауап)

..., ол жиілей түседі.

а) Науқастың жағдайы жақсарады

ә) Тыныс алу сипаты өзгеріп

б) Аздап сырыл байқалып

в) Аурудың қайталануы мүмкін

г) Емдік шаралары болса

7. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқысының баяндауыштары болатын етістікті көрсетіңіз. (2 жауап)

Ауыр түрінде жүрек соғысы ..., қан қысымы төмендейді.

а) баяуласын деп

ә) баяулап

б) баяулағандықтан

в) баяуласа

г) жоғарылап

8. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз. (3 жауап)

Денсаулығы жақсы ..., оны әскер қатарына алмады.

а) болса да

ә) болғандықтан

б) болғанмен

в) бола тұра

г) болды

9. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың баяндауышы болатын етістіктерді көрсетіңіз. (2 жауап)

Науқастың диагнозы ..., тез арада емделмеді.

а) анықтау үшін

ә) анықталса да

б) анықталса

в) анықталғанмен

г) анықталғандықтан

10. Бағыныңқы сөйлемі қайткенмен? қайтсе де? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемдерді көрсетіңіз. (3 жауап)

а) Буынды қозғалмайтын жағдайда келтіргенмен, тез жазылып кетпеді.

ә) Жараны таңғышпен байлап, шендеуіш салып таңу керек.

б) Науқасты шалқасынан жатқызса да, басын аздап көтермеді.

в) Буынның жаны қызарады, өте қатты ауырады.

г) Ағзасында өзгерістер бола тұра, науқас ауруханаға жатпады.

Коммуникативтік компетенциясы:

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

а) лексикалық материал бойынша:

1. Қандай стационарлық медициналық көмек көрсетіледі?

2. Аурухананың құрамына нелер кіреді?

3.Мейірбикенің қызметтік міндеттері қандай?

4.Аурухананың негізгі құрамдық бөлімдерін атаңыз.

5.Шипажайларды қандай жерлерге салады?

ә)грамматикалық материал бойынша

1. Құрмалас сөйлем деген не?

2. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемдердің айырмашылығы неде?

3. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлерін білесіз?

Операционалды – дағды компетенциясы:

1–жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің бағыныңқы мүшесін тауып, сөйлемді аяқтаңыз.

1. ..., біз оны тыңдап отырдық. 2. ..., науқасқа алғашқы көмек көрсетілді. 3. ..., емханада бас дәрігер болып жұмыс істеді. 4. ..., аурудың жасырын кезеңі басталды. 5. ..., экскурсияға ерте шықты.