Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Ғ)Мәтіннен етістіктерді тауып, қандай шақта қолданылып тұрғанын түсіндіріңіз.

Д) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіру.

Аурудың алғашқы кезеңінде күре тамырда және

құлақта шудың естілуі, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.

Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін,

өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады.

Церебралды түрінде бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу,

гипертонияның пайда болуына әсер етеді.

Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен

басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді.

Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса,

бірақ ол қауіпті емес.

Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу –

мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Е) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Гипертония неден болады?

Гипертония ауруының себептері қалай өтеді?

Аурудың алғашқы кезеңі қалай өтеді?

Аурудың өршу кезеңі қалай өтеді?

Ауру біліне бастағанда қандай өзгерістер болады?

Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері қандай?

Аурудың соңғы кезеңі қалай өтеді?

Гипертониялық криз ненің салдарынан пайда болады?

Гипертониялық криздерді өршітуші себептер қандай?

Церебралды түрінде қандай белгілер пайда болады?

Құрысу түрінде қандай белгілер пайда болады?

Кардиалды түрінде қандай белгілер пайда болады?

Бұл ауруларды қалай емдейді?

Коммуникативті компетенциябойынша

Ж) Мәтін бойынша науқастың жауаптарына дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.

– ...?

– Басым қатты ауырады.

– ...?

– Иә, басым айналады.

– ...?

– Көзім қарауытады.

– ...?

– Аяқ-қолдарым дірілдейді.

– ...?

– Иә, жүрегім шаншиды.

– ...?

– Ентігемін.

– ...?

– Мойнымның да, қолдарымның да терісі қызарып кетті.

– ...?

– Құлағым шуылдайды.

Жағдаяттық тапсырма:

З)Емдеуші дәрігердің атынанан бас дәрігерге палатаға түскен науқас адам жайында хабарлама жасаңыз (сырқатнама емес). Науқастың аты-жөні, жасы, өзіңіз қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері т.б. жайында.

И) Гипертониялық криз диагнозы қойылған науқасқа алғашқы көмекті қалай беру керектігі туралы баяндаңыз (мәтін бойынша).

К) Cіз болашақ дәрігерсіз. Бөлімшеңізге түскен науқас жайлы мәтіндегі үлгі бойынша сырқатнама толтырыңыз.

Төлқұжат бөлімі:

Науқастың шағымдары:

Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы:

Науқастың өмірбаяны:

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы:

Қ) Төменде ұлы Абайдың он төртінші қарасөзінен үзінді берілген, қалай түсінетініңізді әңгімелеңіз. Қарамен белгіленген сөздер мен фразаларды түсіндіріңіз.

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?...Рақымдылық, мейірбандылық, я әрбір адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды.»

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Л) Төменде осы тақырыпқа қатысты Абайдың өлең жолдары берілген, оқып шығыңыз.

« ...Жүрегім менің қырық жамау

Қиянатшыл дүниеден... »

Өлең жолдарындағы «қырық жамау», «қиянатшыл» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

М) Жүрек сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрыңыз.

Жүрегі айну

толқу

Жүрегі алып ұшу

жайлану, жай табу

Жүрегі тас төбесіне шығу

құсқысы келу

Жүрегі орнығу

қатты қорқу