Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Коммуникативті компетенциябойынша

Г) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Ғ) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Д) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрайды.

  • Қаңқа – дененің тірегі.

  • Адамның денесіндегі сүйектер бірімен-бірі байланысты болады.

  • Ұзын сүйектер – жілік деп аталады.

Е) Төмендегі суретті пайдалана отырып, адам қаңқасы туралы әңгімелеңіз.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Ж) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Қаңқа мен бұлшық ет денені қимыл-қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды.

Адамның қаңқасында 120-дай сүйек бар.

Адамның қаңқасының өзіне тән ерекшілігі бар.

Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер бар.

Аяқ сүйектері жіңішке және жалпақ болады.

Қозғалмайтын сүйектерге қол, аяқ, иық және қабырғалар жатады.

Жартылай қозғалмалы омыртқа жотасы жатады.

Қозғалмалы сүйектерге бас сүйегі және жамбас жатады.

Қолдың құрылысы адамның жүріп-тұруға бейімделген.

Бас сүйегі ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады.

Ми сауыты қозғалатын сүйектерден құралады.

Омыртқа жотасы – тұлғаның негізгі тірегі.

Адамда омыртқалардың саны 33-34.

Бұғана мен жауырын бірігіп жамбас белдеуін құрайды.

З) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Қозғалмайтын сүйектерге – бас сүйек және жамбас, жартылай қозғалмалы – омыртқа жотасы,

қолдың құрылысы адамның еңбек етуіне байланысты икемделген, аяқ сүйектері дененің салмағын ұстап, жүріп-тұруға бейімделген.

Денедегі барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан

бұл – бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді.

Адамның қаңқасының өзіне тән ерекшілігі бар, оның негізгі ерекшелігі мынау:

минералды алмасуға қатысады.

Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болғандықтан,

таңдай, көз ұясы, тіл асты сүйектерінен тұрады.

Бел омыртқаларыбасқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда жалпақ, әрі үлкен,

ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Бет сүйектері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерінен, мұрын,

қозғалмалы сүйектерге буын арқылы жалғасқан сүйектер, яғни қол, аяқ, иық және қабырғалар жатады.

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

И) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.

  • Ми сауытының пішіні ________тәрізді.

  • Бет сүйектерінің ішінде тек астыңғы _____ қана қимылдайды.

  • Ортан жілік ______ белдеуіне жатады.

  • Иық белдеуі арқылы қол сүйектері _______ байланысады.

  • Бұғана мен ________ бірігіп иық белдеуін құрайды.

  • Он екі жұп __________ кеуде қуысын құрайды.

  • Ми сауыты ___________ сүйектерден құралады.

  • Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен _____ жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.

Қысқа сүйектер денеге _____ қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады

К) Сөйлемдерді бастаңыз.

... ағзаның тірегі, ал бұлшық ет қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді.

... мен жауырын бірігіп иық белдеуін құрайды.

... тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

... жілік деп аталады, жілік денеге таяныш болады.

... басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда жалпақ, әрі үлкен.

... қаңқасы омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

... ұзындығы мен ені әр түрлі, бұларға жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері жатады.

К) Төмендегі суреттер туралы әңгімелеңіз (ненің суреті, қайда орналасады, пішіні қандай т.б.).

Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша

Бас сөзі қазақ тілінде өте көп қолданылады. Бас сөзінен туындаған бірліктер де жиі кездеседі, сондай-ақ, омоним, антоним қатарында да, фразалық тіркестер құрамында да мол қолданыс тапқан.

Л) Бас сөзінің омонимдік қатарын есіңізге сақтаңыз және мысалдар келтіріңіз.

Аяғыңды бас ________________________________________________________________

Кітап бас (баспадан шығару) ____________________________________________________

Мөр бас _____________________________________________________________________

Бас (дауысы) __________________________________________________________________

М) Тірек-қимыл жүйесінің мүшелеріне қатысты фразалық тіркестердің беретін мағыналарын сәйкестендіріп, олармен сөйлем құрыңыз.

а

Иыққа шығу

1

жақын жер

ә

Аяғы ауыр

2

жалқаулығы ұстау, еріну

б

Қол созым жер

3

бір нәрсенің көптігінен аяқ басуға болмайды

в

Мойны жар бермеу

4

екіқабат, жүкті болу

г

Аяқ алып жүргісіз

5

соңынан қалмау

ғ

Басын айналдыру

6

басыну, менсінбеу

Н) Анатомиялық атауларды (мүшелерді) жазыңыз.

Баста:______________________________________________________________________

Кеуде қуысында:______________________________________________________________

Құрсақ бөлімінде:_____________________________________________________________

Иық белдеуінде:_____________________________________________________________

Жамбас белдеуінде:___________________________________________________________