Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

48. Л/т. Мамандық әлемі

Г/т. Жақсыз сөйлем

В2, С1- Мамандық әлемі

Негізгі деңгей

Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі

Бүгінде Қазақстан мемлекеттігін танытатын бірден-бір белгі – оның дербес сыртқы саясаты және біздің елімізді бүкіл әлемнің мойындауы болып отыр.

1944 жылға дейін республика үкіметінің құрамында ең болмаса оның сыртқы әлеммен байланыс жасайтын бөлімшесі де болған жоқ.

Мәскеуде, Одақтық сыртқы істер министрлігінің орталық аппараттарында және оның шетелдердегі өкілдерінде 20-дан астам ғана дипломат қазақ еңбек етті. Олар негізінен Азия және Африка елдерінде жұмыс істеді.

ХХ ғасырдың 20-жылдары жас Кеңес өкіметінің Сауд Арабиясындағы алғашқы өкілетті өкілі белгілі шығыстанушы Нәзір Төреқұлов болды.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанға дейін Қазақстан бойынша жалғыз ғана Мәлік Сабырұлы Фазылов Кеңестер Одағының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

М.С.Фазылов 1927 жылы 15 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген. МГИМО-ны бітіргеннен кейін дипломатиялық қызметі жолын Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен бастайды.

Республика СІМ тарихында М.С.Фазылов еңбек еткен кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар: Республика СІМ-нің мәртебесі түбірімен өзгерді, оның ролі артты. Өз алдына дербес протокол және консул бөлімдері құрылды, кейінірек баспасөз және ақпарат бөлімі, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі құрылды.

Тірек сөздер:

Дербес сыртқы саясат, алғашқы өкілетті өкілі, дербес протокол, консул бөлімі, баспасөз және ақпарат бөлімі, әлемнің мойындауы, мемлекетті таныту, мәртебесі түбірімен өзгерді, насихаттау, қолтаңба, еске саларлықтай, тағайындау, адал, бауырлас, хаттама, тұңғыш, елшілік қалашығы, қол қою, мақала жариялау, адал қызмет ету,

Сөйлесім үлгілері:

  • Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі кім?

  • Мәлік Сабырұлы Фазылов

  • Мәлік Сабырұлы Фазылов қай мемлекеттерде дипломатиялық қызметте болды?

  • Морокко Карольдігінде т.б.

  • М.С.Фазылов қандай тілдерді меңгерген?

  • Қазақ, француз, араб, орыс, т.б. тілдерін меңгерген.

  • М.Фазылов ҚР сыртқы істер министрлігінде қандай қызмет атқарады?

  • Кеңесші қызметін атқарады.

Негізгі деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі

201-жаттығу

Мына сөздерге жіктік жалғауын жалғаңыз.

Мен дипломат... . Біз кеңесші... . Сен елші... . Сіз мәмілегер... . Сендер хатшы... .

202-жаттығу Мына сөз тіркестерді пайдалана отырып сөйлем құраңыз. Дипломатиялық қатынас, дипломатиялық лауазым, дипломатиялық дәреже, ІІ сыныпты хатшы, Бас консул, вице-консул, тұрақты өкіл.

Үлгі: А. Шоқпытов - Төтенше және Өкілетті Елші.

Қ. Сарыбаев Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.

Р.Зауытбеков - Ресейге Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.

203- жаттығу Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстанның сыртқы істер министрі кім?

2. Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі кім?

3. Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі кім?

4. Қазақстандағы Түркия елшілігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі кім?

Орта деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:

204-жаттығу

Назар аударыңыз. Топ болып мына тапсырмаларды талқылаңыздар.

а) «Елші - дипломатиялық миссияның басшысы» тақырыбы бойынша досыңызбен, көршіңізбен қазақ мәмілегер-дипломаттары, елшілері туралы сұхбаттасыңыз.

ә) Қазақстанның басқа мемлекеттердегі елшіліктері және елшілері туралы мәтінге сүйеніп, диалог құраңыз.

б) «Елдестірмек елшіден» айдарымен баспасөз мәслихатына әңгіме-сұхбат құрастырыңыз.

205-жаттығу

Мына мысалдан ауыспалы келер шақ формасын көрсетіңіз.

- Елші мырза, сіз Қырғызстанда өтетін кеңеске қатынасасыз ба?

- Ертең ұшамын.

- Тәжікстанға соғасыз ба?

- Жоқ, соқпаймын. Кеңестен кейін баспасөз мәслихатын өткіземін.

206- жаттығу

а) Тақырыпқа қатысты өздері білетін қосымша ақпараттар мен мәліметтер, арқылы қазақ мәмілегер–дипломаттары туралы баяндаңыз.

ә) Жоғары деңгейдегі халықаралық қатынастарды жүргізудегі дипломаттардың атқаратын қызметтері туралы ақпарат құралдарын пайдалана отырып, түйін жасаңыз.

б) Мәтіннен қысқаша түсінік айтып беріңіз.

в) «Мен білетін елші» тақырыбына шығарма жазыңыз.