Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

43. Л/т. Жеке тұлға, заңды тұлға құқығы

Г/т. Сұраулы сөйлем.

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері келе жатыр, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді (jus civile) құқық деп аталған

Азаматтық құқық дегеніміз - бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (байланысты емес) мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.

Азаматтық құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүліктік, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құлды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатыныстар мүліктік қатынастар деп аталады. Жалпы айтқанда, мүліктік қатнастар дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Ал мүліктік емес жеке қатынастар екі түрі бар. Олар мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екіге бөлінеді.

Азаматтық заңдармен реттелінетін мүліктік қатынастар байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға кұндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, авторлық, өнер табыс және т.б. қатынастар жатады. Мысалы, бір ұжымның басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады.

Азаматтық заңдармен реттелінетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтардың есімі, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың және заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.

Азаматтық құқықтың пәнін — тауар ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Азаматтық кодекстің 1-бабының 1-тармағы).

Құқықтың негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшіліктеріне бай азаматтық құқығының әдістері мына ережелерге байланысты:

а) азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңи теңдігі .

б) жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық құкықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.

Көбінесе, азаматтық кұқықтық қатынастар императивті және диспозитивті әдістері болып екіге бөлінеді. Императивті норма біржақты өктемді түрде болады (былай істеу керек) яғни, міндеттейді. Диспозитивті норма дегеніміз - тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігін айтамыз. Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.

227-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстан Республикасындағы Заң шығарушы орган туралы не айта аласыз?

  2. Қазақстандағы тұңғыш заңгерлерден кімдерді атай аласыз?

  3. Қазақтың Төле биі туралы не айта аласыз?

228-тапсырма. Қазақ халқының билері туралы өз ойыңызды әңгімелеңіз.

Мәтінді дұрыс оқуға жаттығыңыз.

Мәтінді аударып, мазмұнын түсініңіз.

Сұраулы сөйлем бір нәрсе жайында сұрай айтылады. Сөйлемнің соңында сұрау белгісі қойылады. Мысалы: Сіз қайда тұрасыз? Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

180-жаттығу 1.Ақан серінің «Құлагер» атты әнін білесіз бе?

  1. Құрманғазы, Дина, Тәттімбет күйлерін ұнатасыз ба?

3. Опера әншілерінің қайсысының әнімен таныссыз?

4. Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы сізге ұнай ма?

5. Әннің жақсысы бар, жаманы бар деген пікірге қалай қарайсыз, ол қай мақалда айтылған?