Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Қазақ тілінің стильдік тармақтары

Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында - ғылыми стиль, басқару мен құқықтық, іскерлік саласында - ресми іс-қағаздар стилі, қысқаша айтқанда, ресми стиль, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет стилі, бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста - сөйлеу тілі стилі.

Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары, түптеп келгенде, үлкен екі арнаға саяды. Жоғарыда аталған публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми стиль, көркем әдебиет стилі - кітаби тіл стильдері деп аталады. Кітаби тілдің осы аталған стильдері жазбаша және ауызша түрде де қызмет атқарады.

Стиль – сөйлеп отырған адамның өз лебезін коммуникативтік талапқа сәйкес, қарым-қатынас мақсатына сай құра білуі. Бұл жағдайда лебіз иесі қолданыс қажетіне қарай белгілі бір стильді пайдаланады.

172-тапсырма. 1.Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

2.Стиль түрлеріне мысалдар жазыңыз.

32. Л/т. Сөз мәдениеті. Тіл тазалығы.

Г/т. Сын есімнің шырайлары

Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас жерлері кездеседі. Тіл мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытанын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн. Ал тілдің тазалығын бұзатын, оған нұсқан келтіретін факторлар аз емес. Оларға, мәселен, ана тіліндегі баламасы бола тұра, басқа тілдерден енген сөздерді қалай болса солай жұмсауға (варваризмдер), жергілікті мәні бар сөздер» (диалектизмдер) талғамсыз қолдану, мамандыққа байланысты шағын ортада кездесетін сөздер (профессионализмдер), сондай-ақ құрбы-құрдастардың, әзіл-қалжыңы аралас адамдардың арасында сөзге кірістірілетін тілдік құралдар (жаргонизмдер) сияқты жайлар жатады. (М.Балақаев, М.Серғалиев. «Тіл мәдениеті». Алматы, 1995 ж.)

173-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тіл тазалығы – жан тазалығы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Тіл мәдениеті деген не?

  3. Қалай мәдениетті сөйлеуге болады?

  1. Варваризмдер деген не?

  2. Диалектизмдер деген не?

  3. Жаргонизмдер деген не?

174-тапсырма. Мәтінен анықтауыштарды табыңыз. Мәтіннен түсінгеніңізді баяндап беріңіз.

175-тапсырма. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Тіл тазалығы, балама, әдеби тіл, ұғынықты, нұсқан келтіретін, тілдік құралдар.

176-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

1.Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл ... сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

а) нормасын

ә) ерекшелігін

б) қасиетін

2.Тіл тазалығының да тілдің ... ұқсас жерлері кездеседі.

а) дұрыстығына

ә) ерекшелігіне

б) қасиетіне

3.Былайша айтқанда тілді ... бармаған жөн.

а) шұбарлауға

ә) ерекшелеуге

б) түрлендіруге

4. Ана тілдің ... бұзатын, оған нұқсан келтіретін факторлар аз емес.

а) тазалығын

ә) ерекшелігін

б) берекесін

Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің өзіне тән шырай категориясы бар. Олар төрт түрлі болады:

1. Жай шырай заттың сапа белгісін білдіріп, басқа затпен салыстырмайды.

Мыс: биік тау, үлкен қала, жаңа қағаз.

2. Салыстырмалы шырай. Заттардың бойындағы сапа-белгісінің артық, я кем екендігін салыстыра көрсетеді.

Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары.

а) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек.

Мыс: бойшаңырақ, күштірек, тазарақ.

ә) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу.

Мыс: кішілеу, сарылау, күреңдеу, ақшылдау, көктеу, таныстау.

б) -ғыл, -ғылтым, -ғылт, -ғыш, -шыл, -шіл, -шілтім, -шылтым, -шілтім.

-ақ, -қай.

Мыс: бозғыл, бозғылт, сарғылтым

3. Күшейтпелі шырай. Заттардың бастапқы жай белгісін күшейте түсетін түрі.

Мыс: қап-қара, қып-қызыл, ұп-ұзын.

4. Асырмалы шырай. Заттардың бойындағы сапа белгісін асыра немесе төмендете көрсету.

Мыс: өте қара, тым үлкен, ең жақсы.

138-жаттығу. Төмендегі сын есімдерді мағынасына, тұлғасына қарай анықтап, бұларға шырай жұрнақтарын қосып, салыстырмалы және күшейтпелі шырай жасаңыздар.

Кең, көк, қатты, кіші, қолайлы, әлді, жуас, мықты, әдепті, ащы, жұқа, қоңыр, үркек, жемқор, таза, тұнық, терең, жүйрік, көркем, салқын, жершіл.

139-жаттығу. Сын есімдерді тауып, қай шырайда тұрғанын айтыңыздар

Үлкендеу келген қой көзі қазір тұңғиықтанып, бояуы сөне бастағандай. Аспанды сарғыш бұлт қаптап алды.

Үлкен ыза буып келген Қаратай Құнанбайға аса бір зілмен сөйледі. Көздері таудағы көлге ұқсаған тым терең де емес, бірақ қап-қара ұзын кірпіктері сондай терең етіп көрсететін сияқты. Батар күннің қиыс түскен шұғыласы даланы қызғылт жарқын нұрға бөлепті.

Қайтадан қарлы, боранды қыс келді. Аяды, елсіз ұзақ далаларда аштық түндері басталды. Қалың топтың алдында зор кәрі шолақ мұның жанынан «арс!» етіп желді қауып өтті. Оның мойны Көксеректен де жуанырақ. Аққасқа өте қабаған. Сіркесі су көтермейтін долы, тым ызалы.

140-жаттығу. Мәтін ішіндегі сын есімдерге шырай жұрнақтарын жалғап, көшіріп жазыңыздар.

Жаз ортасының қоңыр кеші. Күн батысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартқан. Табиғат салқын түсте болса да, сұлу тілді сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі мұңлы шермен үзіліп-үзіліп соққан жолмен бірге жүректі ақырын-ақырын шымшылағандай еді. Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің зарлы-мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды. Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті, қызықты еске түсірмей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей. Қас қарайған шақта жалғыз келе жатқан баланың ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар. Табиғат балаға қатал, суық көрінді. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйді есіне түсіргендей болды.