Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

33. Л/т. Менің мамандығым. Университет - білім ордасы.

Г/т. Қысқарған сөздер.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті

2010 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті өзінің 60 жыл мерейтойын  тойлады.

       Қазіргі уақытта Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті Қазақстан Республикасының батыс өңіріндегі ең үлкен білім ордаларының бірі.

       Университеттің тарихындағы ең маңызды атаулы күндер :

- 1950 жыл Гурьев қаласындағы мұғалімдер институтының ашылуы;

- 1955 жыл мұғалімдер институтының педагогикалық институт болып қайта құрылуы;

- 1994 жыл педагогикалық институтының  Атырау университеті болып қайта құрылуы;

- 1994 жылдың 23-мамыры университетке белгілі ғалым-энциклопедист

Халел Досмұхамедовтың атының берілуі;

- 2001 жыл университеттің мемлекеттік статус алуы;

Қазіргі уақытта Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінде 7 факультет бар:

1) физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті

2) экономика және басқару факультеті

3) әлем тілдері факультеті

4) педагогика, психология және өнер факультеті

5) жаратылыстану факультеті

6) гуманитарлық факультеті

7) заң факультеті

182-тапсырма. Мәтінен түсінгеніңізді баяндап беріңіз.

Қысқарған сөздер. Сөздердің бірқатары қысқартылып, ықшамдалып та жасалады.

Күрделі сөздердің қысқартылу жолдары:

1. Күрделі сөз құрамындағы бас әріптер алынады. Мысалы: ТМД, БҰҰ т.б.

2. Алғашқы сөздің бірінші буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптері алынады.

Мысалы: ҚазМУ, АлМУ т.б.

3. Күрделі атаулардың құрамындағы әрбір сөздің басқы буындары қысқарады.

Мысалы: колхоз, совхоз т.б.

4.Күрделі атаулардың құрамындағы алғашқы сөздің бастапқы буыны және соңғы сөз толығымен жазылады. Мысалы: медколледж, пединститут т.б.

5.Түрлі техника белгілерін көрсету үшін алынған атаулар қысқартылып беріледі: ЯК-40, ГАЗ-53, АН-2 т.б.

6.Тілде көптеген өлшем атауларының да қысқартылып жазылуы қалыптасқан: кг, см, км, г, т,га.

141-жаттығу. Мына сөздерді қысқартып жазыңыздар.

Америка Құрама Штаттары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік, Акционерлік қоғам, Атырау Мемлекеттік Университеті, Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы, педогогикалық колледж.

142-жаттығу. Мәтін ішінен біріккен сөздерді, қос сөздерді, қысқарған сөздерді тауып астын сызыңыздар.

Кішкене көлемді көлдің өзі сирек кездесетін Жаманшұбардың шөлейт даласында өскен маған, Есіл сияқты кең арналы, тоғайлы ұшы-қиырсыз өзенді көру қандай тамаша! Қара торы өңі жұқарып, Ержанға байсалды қарады. Айналасы қоршаған нөкер, ала киінген, алшаң басқан бай-батшалар, біріне-бірі сүйенген кемпір-шалдар келеді. Қызының медколледжге түскеніне қатты қуанды. Таңертең сағат тоғыздардың шамасында, аудандық баспасөз қоғамының бір қызметкері келіп, осы үстелдің үстін неше түрлі жаңа кітаптармен, газет-журналдармен, қалам-қарындаштармен толтырып кетті. ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің төрағасы, академик Т.С.Садықовтың баяндамасы Қазақстанның мәдени мұрасын жандандырудың өзекті мәселесіне арналды. Адам – қоғам – заң деген қанатты сөздердің өткен ғасырдағы атауы – салт-сана, әдет-ғұрып, жол-жора.