Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

3. Соөж Отбасы тәрбиесі. Отбасы дәстүрлері мен мерекелері.

Ата-бабаларымыз «адаммен бай», «кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деп арасындағы қарым-қатынасқа зор мән берген.

Үлкенді сыйлау, кішге қамқоршы болу, тіпті бейтаныс жолаушыға қой сойып, дастархан жаю, ел арасындағы түрлі дау-жанжалдың әділетті шешімін табу – бұның бәрі қазақтың қоғамдық қарым-қатынасын имандылыққа, жалпы адамгершілікке сүйенетін негізін, бір тәртіпке бағынған жүйелілігін дәлелдейді.

Қоғамдық қарым-қатынастың бір бөлшегі – туыстық қарым-қатынас.

Қазақ халқында туыстық қарым-қатынас жеті атаға, яғни жеті ұрпаққа созылады. Жетінші ұрпақтар «немене», я «туажат» деп атайды. Мұның өзіндік мәні бар. «Немене» деген атаудың өзі беймәлім, түсініксіз деп сұрақ қойып тұрған сияқты. Ал «шөпшек» деп қазақтар ағаштың қурап сынып түскен жіңішке бұтақтарын айтады. Осыған қарағанда, жеті атаға толғанда сегізінше ұрпақтың туыстық мәні жойылып, туажат (бөтен) елге саналады да, қыз алысуға жол ашылады.

Қазақтың әсіресе туысқан арасындағы қарым-қатынастың берік болуы кезінде екі себепке байланысты. Біріншіден, рулас, жақын адамдардың бір-біріне әр түрлі жағдайларда қыз ұзату, келін түсіру, т.б. той-думандарда, өлген кісіні жерлеу немесе кездейсоқ апатқа ұшырау кезінде көмек көрсету. Мұндай көмек қазақта «үме», «жылу», «емеурін» деп атаған.

Екіншіден, туыстық қатынас өлген соң, ағайынның артында қалған мұраға иелік етуге жол берген. Қазақтың салты бойынша әке мұрасына иелік ететіндер марқұмның балалары, әйелі, аға-інілері, жақын туыстары, қала берді аталас ағайындары болады.

Егер әке орта жастан асып не қартайып қайтыс болған болса, артында қалатын мұрагерлеріне тиісті үлесін беріп, «ұлын ұяға, қызын қияға қондырып» үлгерген жағдайда қара шаңыраққа, мал-мүлкіне ешкімнің дауы болмай, оған енші баласы түгелдей ие болған.

Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әмеңгерлік салты бойынша, жесірге қайнысы не қайнағасы, не жақын туыстары үйленіп, балаларын өз қамқорлықтарына алатын да, мал-мүлкіне заңды түрде иелік ететін.

Жесір әйел әмеңгерлік әдетке көнбей, өз еркімен басқа біреуге үйленсе, не төркініне кетпек болса, онда балалар әкесінің туыстарында қалатын да, әкеден қалған мал-мүлікке олардың қамқоршысы ие болатын.

Сонымен, туысқандық қатынас мұрагерлік жағдайлармен тығыз байланысты.

«Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік, құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартататын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым.

Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған.

Қазақта туысқандық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп айтады. Яғни жігіттің үш жұрты болады

Жігіттің үш жұрты

өз жұрты

әкесі жағынан туысады.

нағашы жұрты

шешесі жағынан туысады

қайын жұрты

әйелінің туыстары

баба, ана, ата, әке, шеше, аға-іні, апа, қарындас, немере, шөбере, т.б

Нағашы ата, нағашы әже, нағашы апа, қарындас, жиен, туажат, жиеншар

қайын ата, қайын апа, қайын аға

«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. Біз «жеті атаны» қалай атаймыз?

Ата, әке

Немере

Шөбере

Шөпшік

Немене

Туажат

16-тапсырма. Туыстық атауларға байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз? Шағын тест орындаңыз.

1. Нәресте туғанда оның кіндігін кескен адамды кім дейді?

а) апа ә) тәте б) кіндік шеше в) өкіл ана

2. Апалы-сіңілі қыздың күйеулері бір-біріне кім болады?

а) бажа ә) балдыз б) жезде в) құда

3. Қыздан туған баланы кім дейді?

а) жиен ә) бөле б) нағашы в) іні

17-тапсырма

Туыстық атауларға байланысты қандай өлеңдер білесіздер. Мысалы, «Әке», «Ана», «Бауыр», «Қарындас», «Әже», т.б. секілді өлеңдерді табыңыз.

Сұрақтарға жауап береңіз. «Туысқандарыңды білесің бе?» .

1. Ұрпақ дегеніміз не? (Үрім-бұтақ, тұқым, адамның өсуі)

2. Нағашы дегенді қалай түсінесің?

3. Жиен дегенді қалай түсінесің?

4. Құда дегенді қалай түсінесің?

5. Жеңге дегенді қалай түсінесің?

6. Бажа дегенді қалай түсінесің?

7. Бөле дегенді қалай түсінесің?

8. Жезде дегенді қалай түсінесің?

9. Абысын дегенді қалай түсінесің?

10. Балдыз дегенді қалай түсінесің?