Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

19. Соөж Өнер ошақтарының тарихы

Кездесулер мен кештер. Ән, би кештері.

Біртұтас бейнелеу өнері түрлерін жинақтап, әртүрлі әсем өнерді синтездеуде көркем өнер музейінің рөлі зор. Өнерге құштар әрбір жан әлемдік өнер музейін аралауды арман тұтады. Шіркін әлемге танымал Париждегі Лувр, Германиядағы Дрезден, Англиядағы ұлттық музей, Санкт-Петербургтегі Эрмитаж, Мәскеудегі Третьяков галереясын аралап әсер алудың адамға берер әсері мол. Уақыт тоқтаусыз алға зымырайды, суретшілер тынымсыз тіршілік кешеді, көрермен әрдайым көркем туынды күтеді.

Әсем қаламыз Алматының қақ ортасында ораналасқан Ә.Қастеев атындағы өнер музейі Орта Азия елдерінің мәдени ошағы болып табылады. Ғасырға жуық тарихы бар мемлекеттік өнер музейінде ұрпаққа берер сыры мол. Бүгінде осы аталмыш өнер музейімізде жиырма екі мыңға жуық әр алуан өнер туындылары жинақталған. Музейдің алғашқы ашылуы 1930 жылдардағы кәсіби бейнелеу өнері мектебінің қалыптасуымен тікелей байланысты. Музейдің іргетасы 1935 жылы Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ көркемсурет галереясынан бастау алған. Көп жылдар әлетінде жинақталған көркемөнер қорының нәтижесінде 1976 жылы әлемдік музей талаптарына сәйкес музей ғимараты бой көтеріп, көрермендерге есігін айқара ашты. 1984 жылы мемлекеттік өнер музейіне Қазақ КСР–ның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Содан бері бейнелеу өнерінің бүкіл ғұмырын көрермен халыққа жариялап, жарнамалауда айрықша қызмет етіп келеді. Әдемілік әлемін сұлулық сипатын өнер сүйер қауымның бойына сіңіруде белсенділік көрсетуде. Эстетикалық талғамы зор мәңгілік мәдени мұраларымыз өмірдегі сұлулықты ұғынуға итермелейді.

Кеңес дәуірінде 1937 жылы Қазақстан галереясы қорына Эрмитаж және А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің музейінен ХVІ–XІX ғасырдағы Италия, Фломандия, Голландия, Германия, Франция елдерінің өнер туындылары мен Шығыс халқының қолөнер түрлері сыйға берілген. Әлемге әйгілі өнер шеберлерінің туындыларының қазақ музейінің қорынан орын алуы ғажайып құндылығымен айшықталады. Атап айтқанда Батыс Европа елдерінің белгілі суретшілері: Ф.Порбус (1529–1622), Л.Камбиазо (1527–1585), С.Бурдон (1616–1671), Ж.А.Гудон (1741–1828) т.б. еңбектері бар. Италия суретшісінің діни тақырыпта салынған «Мадонна әулиелермен бірге» атты туындысы көнекөз жәдігерлердің айғағы болып табылады. Орта ғасырда өмірге келген белгісіз неміс мүсіншісінің «Мадонна сәбимен бірге» атты туындысында шертер сырдың әсері айрықша. ХVІІ ғасырдағы Голландия суретшілері Д.Хальстың (1591–1626) «Карта ойнаушылар», А.Ван Бейеренің (1620–1690) «Балықпен натюрморт» атты туындылары кескіндеме өнерінің қалыптасу тарихынан сыр шертеді. Италия шеберінің «Қайырымды самаритяндық» атты үлкен туындысы композициялық құрылымы күрделі сюжеттік сыры мол. Жалпы туынды классицизм бағытында орын алған. Суретші С.Бурдонның (1616-1671) «Андромеданы құтқару» атты картинасында теңіз құбыжығына қарсы тұрған хан қызы Андромеданы құтқарған Персейдің ерлігі туралы ежелгі грек аңызының негізінде салынған көркем туынды. Аңыз әсеріне сүйенген суретші тәңірдің жаратқан барлық кейіпкерлерін салтанатты көңіл-күйде бейнелеуге тырысқан. Көрме залының төрінен орын алған ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Италия суретшісі А.Риччидің «Шахмат ойнаушылар» туындысы интерьер көрінісіндегі үш кейіпкердің сән-салтанатты тұрмыс тіршілігімен көз тартады. ХVІІ-XX ғасырдағы орыс өнерінің музей залдарынан біртұтас орын алуы үлкен сипатқа ие. Әсіресе Иван Аргуновтың «Княгиня Н.Б.Долгорукаяның» портреті және Федот Шубинның «Екатерина ІІ» кеуделік мүсіні орыс өнерінің алғашқы озық үлгісінің тарихынан сыр шертеді. Классицизм бағытында орын алған В.К.Шебуевтің «Бата беру» туындысы айқын оймен нақты оқиғаны баяндайды. Романтизм бағытындағы Ресейдің көрнекті қылқалам өкілдері К.П.Брюллов (1799–1852), О.А.Кипренский (1782–1836), В.А.Тропинның (1776–1857) портреттік кескіндемелері көрме қойылымынан көрнекті орын алған. Орыс пейзажистері И.К.Айвазовский (1817–1900), Л.Л.Каменов (1833–1886), И.Шишкин (1832–1898) т.б. суретшілердің шығармалары көрме залынан орын алады. ХХ ғасырдың ірі шебері М.Сарьянның, Р.Фальктың, П.Филоновтың, М.Аветисянның көркем туындылары Кеңестік дәуірдің болмысынан сыр шертеді. Музейдің тағы да аса бай қорының көрінісі Қытай, Жапон, Үндістан, Корей елдерінің және дүнген, ұйғыр, тибет халықтарының қолөнері түрлерімен кеңінен таныса аласыздар. Жалпы мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейі жәдігерлерінің дені ұлттық өнеріміздің еншісінде. Республикамызға 1930 жылы жер аударылып келген кәсіби суретшілердің еңбектерінен бастап бүгінгі суретшілердің ең құнды туындылары сақталған. Атап айтсақ Н.Хлудов, Н.Крутильников, Л.Леонтьев, аға буын суретшілер Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев, Ә.Ысмайлов, Қ.Телжанов, С.Романов, С.Мамбеев, белгілі қылқалам шеберлері Е.Төлепбай, А.Ақанаев, А.Дүзелханов т.б. көркем туындыларымен таныса аласыңыздар. Өнер музейінің барлық залдарынан бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолөнер түрлерімен толыққанды танысуға болады.

88-тапсырма. Кездесулер мен кештер, ән, би кештері туралы әңгіме жазыңыз.

89-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.