Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

39 Л/т. Қазақстан - әлемдік кеңістікте. Тәуелсіз Қазақстан.

Г/т. Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.

Отан деген не? Бұл сөзді күн сайын естіп жүрміз. «Отан – отбасынан басталады» дейді қазақ. Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

Қазақ халқының атамекені – көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен солтүстігі – Сібірге және Алтай тауларына, оңтүстігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларына шектеседі. Көлемі бес Францияға, он екі Бельгияға пара-пар елдің жерінде алуан түрлі өсімдіктер, жан-жануарлар бар. Менделеев ашқан химиялық элементтері кестесінде көрсетілгендердің бәрі қазақ даласынан табылады. Елімізде 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіз, демократиялық және құқықтық республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президентін сайлау болды.

Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Мемлекеттік туын және әнұранын бекітті. 1995 жылы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.

Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Қазақстан өркениет елдерінің қатарына қосылуға батыл қадам жасап қана қоймай, сыртқы саясатқа ықпал ете алатын іргелі, өркениетті мемлекетке айналды.

Тірек сөздер: Зайырлы, біртұтас, егеменді, көпұлтты, тәуелсіз, демократиялық, қазақ жері, теңдік, татулық мұраттары, бейбітшілік азаматтық қоғам, болашақ ұрпақ, мемлекеттік тұтастық идеясы, ресми белгі, дүниежүзілік деңгей, әлеуметтік қозғалыстар, өзара қарым-қатынастар, ішкі, сыртқы саясат, батыл қадам, жекешелендіру, кәсіпкерлік, сыртқы экономикалық байланыс, шекаралас мемлекет, елбасы, өркениетті, ұлттық ақша, жан-жақты қатынас, нығайту, халықаралық ұйымдар, құқықтық республика, нарықтық экономика.

Сөйлесім үлгілері:

  • Қазақстан Республикасы қай жылы Тәуелсіз егеменді мемлекет болып жарияланды?

  • 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз егеменді мемлекет болып жарияланды.

  • Ұлттық теңге қашан айналымға енді?

  • 1993 жылы

  • Қазақстанда нарықтық экономикада қандай қадамдар жүзеге асырылды?

  • Жекешелендіру, кәсіпкерлік дами бастады.

  • Бүгінгі Қазақстан қандай мемлекет?

  • Егеменді, көпұлтты, зайырлы, демократиялық, тәуелсіз мемлекет.

Негізгі деңгей тапсырмаларының үлгілері.

205-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз?

1. Қазақ елі қай жерде орналасқан?

2. Қазақ елі қандай елдермен шекаралас?

3. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

4. Қазақстанда қанша миллион халық тұрады?

5. Қазақ елі экономикасын көтеретін қандай жер байлықтарын білесіз?

6. Қазақстанда қандай тауларды, теңіздерді, өзендерді, көлдерді, білесіз?

7. Қазақ елінің егемендік алған күні қай күн?

8. Тәуелсіздік күні қандай мерекеге жатады?

206-тапсырма. Есте сақтаңыз. (запомните)

Бұл кісілерді білесің бе?

елші

мәмілегер

дипломат

Бұл саясаттанушы

саясаткер

кеңесші

уәкіл

консул

207-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті нұсқаны қойыңыз.

Бұл кісілер не істейді? (сыртқы саясатты жүргізеді. сыртқы саясатты тұжырымдайды.)

Елші ... ... ... .

Саясаткер ... ... ... .