Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Құрмалас сөйлем

Екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады. Құрмалас сөйлемнің 3 түрі бар:

1.

Салалас құрмалас сөйлем:

Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды.

2.

Сабақтас құрмалас сөйлем:

Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.

3.

Аралас құрмалас сөйлем:

Күн шықса, бұлар егістікке кетеді, дегенмен бүгін осында қалатын түрлері бар.

234-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің қай түрі екенін ажыратыңыз.

1.Тау елін көргенім де осы еді, көзіме бір түрлі жат көрінеді.

2.Ғылымның үш саласы бар: олар жаратылыстану ғылымы, қоғамдық ғылым және дүние тану жайындағы ғылым.

3.Жас болғанымен, оның жүрегінде әлдебір аяныштың ізі қалып қойғандай еді.

4.Асқар совхозға оралған шақта, көктем өз күшіне әбден енген еді.

5.Бауыржан барлық жағдайға қорытынды жасап келді де, шегінуді мақұл көрді.

6.Тойман досын шығарып салмақ болып, келуге тиіс машинаны сыртта тұрып тосты.

7.Ақындар шай ішіп болған соң, домбыраның құлағын бұрай бастады.

60. Соөж Семей полигоны

Тәуелсіз Қазақстан-ядросыз мемлекет, бірақ бұрынғы кеңес үкіметінен үш сынақ полигоны қалды. 1949 жылы тамыз айының 29-ы күні Семей полигонында бірінші бомба жарылды. 1963 жылға дейін жарылыстар көбінесе жер мен суда болды. Сынақтарды жер үстінде, кейін жер астында өткізетін болды. Семей полигонында барлығы жалпы қуаты 17420 килотонна 456 жарылыс өткізілді. Ақырғы сынау күні –қазан айының 19-ы, 1989 жыл еді.

1988 жылы бұл полигонды жабу үшін ұйымдасқан қозғалыс белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын «Невада-Семей» қозғалысына айналды. «Навада-Семей» қозғалысы халықтың атомға деген көзін ашты. Халық оны қолдап, түсіністікпен қарсы үндеулер, мыңдаған қол қойылған қағаздар жинады, полигонға пикет қойды. Ақырғы күрес өз нәтежиесін берді.

Бүгінгі күні полигон жабық, бірақ оның қасірет іздері қалды. Облыста рак ауруы өте биік деңгейде, адамдар мен жануарлардың генетикалық құрылымдарындағы өзгерістер, адам өлімі жиіледі. Мыңдаған шақырым уланған жер қалды. Қазақстан осы проблемены жалғыз отырып шеше алмайды. Оның шешіміне тек Қазақстан ғана мүдделі емес. Бұл- планета деңгейіндегі маңызды мәселе.

300-тапсырма. Оқып шығыңыз және көшіріп жазыңыз.

301-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз:

1988 жылы бұл полигонды жабу үшін ұйымдасқан қозғалыс белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын «Невада-Семей» қозғалысына айналды. «Навада-Семей» қозғалысы халықтың атомға деген көзін ашты. Халық оны қолдап, түсіністікпен қарсы үндеулер, мыңдаған қол қойылған қағаздар жинады, полигонға пикет қойды. Ақырғы күрес өз нәтежиесін берді

Фонетикалық талдау жасаңыз:

«Навада-Семей» қозғалысы

303-тапсырма. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз

Тәуелсіз Қазақстан-ядросыз мемлекет, бірақ бұрынғы кеңес үкіметінен үш сынақ полигоны қалды. 1949 жылы тамыз айының 29-ы күні Семей полигонында бірінші бомба жарылды.

304-тапсырма. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз

Ой еңбегі – (Сфера умственного труда)

Өндіріс саласы – (Сфера производства)

Ауыл шаруашылық саласы – (Сфера сельского хозяйства)

Тұрмыстық қызмет көрсету саласы – (Сфера обслуживания)

Өнер саласы – (Сфера искусства)

Керекті сөздер: Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер, жұмысшы, кенші, металлург жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер, әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, жазушы, іскер, ақын, әртіс, агроном, балықшы, домбрашы, менеджер.