Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

34. Л/т. Мен таңдаған мамандық. Мамандық тарихы. К і м б о л а м ?

Г/т. Жұрнақ пен жалғау.

Мұғалім деген кім?

Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Бұл, түбінде, «адам затын, адам атаулыны құрмет тұту парыз» деген пәлсәпалық қағидадан бастау алса керек. Бұл қасиеттен ада мұғалім балаға «кішкентай ойыншық», «әлі адам емес, есейгенде адам болады» деп, немесе нақты «пәленшенің баласы» деген өте қушық та саяз, пендешілік көзқараспен қарайды. Көзқарас қандай болса, тірлігі де сондай болады. Мұндай мұғалім баланың өз мінез-құлқын, бейім-дарынын, тұлғалық ерекшеліктерін айқын көре алмайды. Өйткені ол , шын мәнінде, балаға жансыз затқа қарағандай, «сырттай сипай» немесе «тым мәнсіз» көз тастап, оны көріп тұрып, көрмейді. Оған баланың ішкі жан дүниесіне қарай жол түбегейлі жабық.

Мұғалімнің екінші қасиеті – ақыл-парасат. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан мұғалім ең нәзік те мөлдір, бірақ, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ Әлемге енеді. Осы Әлемнің ішінде, осы Әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір Әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл-парасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек. Баяғы Сократтың «Таным – бұл жақсылық» деген пәлсәпалық қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Әрине, бұл «лабораторияда қоян мен тышқанға тәжірибе жасағаннан» әлдеқайда күрделі екені аян.

Мұғалімнің үшінші қасиеті – білім мен шығармашылдығы. Мұғалім өзінің терең білімімен ғана баланың таза жан дүниесіне шырақ жағып, оған мәнді мазмұн енгізеді. Ал білім – шексіз мұхит. Сондықтан «білемін» деген бос сөз, үздіксіз ізденіс, тынымсыз шығармашылық - мақсат. Шығармашыл ізденістің өзі білімдіден келіп шығады. Әсіресе дарынды да мінезді бала білімді мұғалімге жарыққа ұшқан көбелектей бар көңілімен ұмтылады, білімге сусап тұрады. Білімді бала білімді ұстаздан екені тағы аян.

Мұғалімге қажет білімнің өзі ауқымды. Баламен табысу үшін психология мен педагогика, биология мен анатомия, өз пәні бойынша ғылым, баламен айқын қарым-қатынас үшін жетік тіл мен мәдениет, анық ойлап, анық басу үшін математика, дүниетаным үшін философия мен физика және т.с.с. Шығармашылықсыз бұл білімнің барлығын игеру және жөнімен пайдаланудың өзі мүмкін емес. Мысалы, ең көп тараған «кемістік» - жаратылыстану саласының мұғалімі тілге, яғни өз ойын, білімін тілмен анық жеткізуге өте шорқақ келеді, ал гуманитарлық саланың адамы керісінше, тілі сайрап тұрғанымен, әңгімесінің қисыны қашып тұрады. Тағы бір заман кемістігі – мұғалім мен баланың, ата-ана мен баланың, тіпті, ересектер мен жастардың тіл табысуы қиын болып барады.Бұл біржақтылықтың нәтижесі. Ізденіс ауқымының тарлығынан.

Мұғалімнің төртінші қасиеті – жігерлілік пен еңбекқорлық. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал мұғалімде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Мұғалімнің жұмысын дәрігермен салыстырамын. Емші адам бойындағы ауру-сырқатпен алысса, ұстаз оның ойындағы надандықпен күреседі, «бабамыз маймылдың» жабайылығынан алып қашады. Осы ауыр жауапкершілікті қабылдаған мұғалім күндіз-түні тыным таппасы анық. Оның мұқалмас жігері балаға бұйрық беруге жұмсалмасын деңіз. Ұстаз жігері оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең арналы өзендей» таси құйылған білімі мен дана тәрбиесінен көрінеді. Оны, әсіресе, ақыл-парасаты бар мінезді бала бірден-ақ сезіп, бойына сіңіріп, өзі де жігерленеді. Бойына білім тасқыны бұйырған баланың жанарлары жарқырап, санасында жанған шырақтың сәулелері нұрланып жүзіне шыға келеді.