Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Тіл туралы

Тіл – адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлттық тілдің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады. Әрбір ұлттың білім-білігі, парасат-пайымы, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік ерекше дүниетанымы, дәстүрі, әдеті, салты мен санасы, болмысты тануы, игеруі тілде бейнеленеді, тілде сақталады. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі ана тілі – адамдардың арасындағы қатынас құралы қызметін ғана атқармайды, сонымен бірге көнеден келе жатқан тарихи танымды да жеткізуші.

Азамзаттың табиғатты табудан түйсінген, түйген дүниетанымын білу, оқу арқылы жеке адамның түсінігі қалыптасады. Егер тіл арқылы мұндай халықтық дүниетаным жетпесе, қоғам да мәдениет те дамымаған болар еді. Демек, тілдің дамуы қоғамдық өмірмен, мәдени дамумен тығыз байланысты. Тілсіз рухани мәдениет те өзінің биігіне жете алмас еді.

Халықтың рухани күші – тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені «Өнер алды – қызыл тіл» деген Махмуд Қашқари, «Сөз – ойдың көркі» деген Жүсіп Баласағұни. (К.Аханов. «Тіл білімінің негіздері», Алматы, «Мектеп», 2004ж.)

167-тапсырма.

  1. Мәтінен сөйлем мүшелерін табыңыз.

  2. Мәтінен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

  3. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Әлемдік бейненің, болмыстың, ұғымдық, құбылыстар, таным, білім–білігі, парасат–пайымы, көзқарасы, дүниетанымы, дәстүрі, әдеті, салты, санасы, болмысты тануы, игеруі, мирас, киелі, қатынас құралы.

  1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

  1. Тіл ... белгісі.

  2. Әрбір ұлттың ... тілде сақталады.

  3. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі ана тілі – ... жеткізуші.

  4. Демек, ... байланысты.

  5. Халықтың рухани күші – ... .

Тіл мәдениеті

Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдар көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ықпал ету. Әрине, мұндайда тілдің эстетикалық, әдемілік жағынан әсер етуі басты назарға алынады. Демек, әркімнің жүріс-тұрысында, жалпы болмысында мәдениетті болуының қажеттігі сияқты, сөйлеу, жазу үстінде де адамның әр сөзді, сөз тіркесі мен сөйлемді тиісті мағынасында ғана емес, соған қоса, тартымды, әсерлі қолдана білуі кең мағынадағы рухани мәдениеттіліктің бір саласы ретінде қаралуға тиіс.

Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен сапалар болады. Олардың бастылары мыналар: дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық, мәнерлік, сөздің байлығы және қисындылық. (М.Балақаев, М.Серғалиев. «Тіл мәдениеті». Алматы,1995 ж)

168-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер қандай?

  2. Мәдениетті сөйлеу үшін не қажет?

169-тапсырма. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Тіл мәдениеті, тілдік құрал, ықпал ету, әсер ету, тартымды, әсерлі, кең мағынада, дәлдік, тазалық, мәнерлілік, байлық, қисындылық.

170-тапсырма. Мәтінен етістіктерді табыңыз.

171-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

  1. Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ... ету.

а) ықпал

ә) әсер

б) әрекет

  1. Әрине, мұндайда тілдің эстетикалық, әдемілік жағынан әсер етуі басты ... алынады

а) назарға

ә) нысанаға

б) еске

  1. Тіл мәдениетінің ... айқындайтын негізгі белгілер мен сапалар болады.

а) ерекшелігін

ә) белгісін

б) әрекетін

  1. Олардың бастылары мыналар: дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық, мәнерлілік, ... және қисындылық.

а) сөздің байлығы

ә) сөздің ерекшелігі

б) тілдің ерекшелігі