Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

40. Соөж Білім беру жүйесіндегі реформалар

Білім беру жүйесі уақыттың айнасы сияқты. Уақыттың талабы қандай, қоғамда қандай мәселелер бар, қай мәселеге басымдық беру керек – білім соған жауап беруі қажет. Егер ол деңгейден көрінбесе, онда ондай білімнің маңызы шамалы. Қоғамдағы өз міндетін ойдағыдай және толық атқару үшін білім жүйесі қоғамда болатын құбылыстардан оқ бойы озып отыруы керек. Егемендік алғалы бері көптеген өзгерістер жүріп жатыр. Экономикалық формацияның өзгеруі, нарықтық қатынастардың орын алуы, интеграция мен жаһандану үрдістері білім жүйесіне мүлде жаңа талаптар қоя бастады. Заманның ағымына байланысты бұрын болмаған көптеген жаңа мамандықтарды игеруге тура келді. Білімнің мазмұны да, оқыту әдістері де, жүйенің қызметін реттейтін заңнамалар да жаңарды. Білім жүйесінде күрделі реформалар жүріп жатыр.

Әр кезеңнің ерекшелігін ескеретін мемлекеттік бағдарламалар жасалып, іске асырылып жатыр. Дәл қазір білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған стратегиясы талқылану үстінде. Бұл шаралардың бәрі отандық білім беру жүйесін жетілдіріп, мамандар дайындау сапасын арттыруға бағытталған.

Шетелдерде оқу

Жаңа заман жастарға жаңа даңғыл жол ашты. Жиырма бірінші ғасырда өмір сүретін әрбір жасқа қойылатын талап та айрықша. Қазір орта білім немесе жоғары білім деңгейімен шектелу жеткіліксіз. Қазақстанның өз аумағында жоғары оқу орнын бітіріп шыққан маман қандай болу керек? Бүгін институт немесе университет қабырғасынан шыққан жас түлек нарық саясатының күрделі қыр-сырын терең меңгеріп кете ала ма? Қазіргі білім беру бағдарламасы жас мамандардың — жоғары оқу орындарын бітірушілердің үш талапқа сәйкес келуін көздеп отыр. Ол қандай талаптар? Жас маман зерттеуші-ғалым бола алатындай, басқарушы-менеджер бола алатындай және алған білімін тәжірибеде қолдана алатындай дәрежеде болу керек. Міне, сондықтан да болар, қазіргі жастардың көбі шетелдердегі оқу орындарында оқығысы келеді, бірнеше шет тілін үйренгісі келеді. Бүл үшін де қазір біздің елімізде барлық жағдай жасалған. Айталық, сіздің Түркияның жоғары оқу орындарына барғыңыз келеді. Осындай ойыңыз болса, сіз тиісті қүжаттарыңызды Республикадағы арнаулы білім беру орындарына тапсырасыз. Абитуриенттердің емтиханы да Алматы қаласында немесе бірқатар облыс орталықтарында өтеді. Әрине, сіз Қазақстанда орта мектепті "өте жақсы" немесе "жақсы" деген бағаға бітіруге тиіссіз. Сонымен қатар бір шет тілін міндетті түрде жақсы деңгейде білуіңіз керек. Өз Отаныңыздың үланы болғаннан кейін сіз өз халқыңыздың тарихы мен мәдениетін де жақсы білуге міндеттісіз. Қазақ жерінің көне тарихы мен әдет-ғұрпын, әсіресе қазақ тілі мен әдебиетін жақсы білсеңіз, сіздің талабыңыздың оңғарылары анық.

218-тапсырма. Мәтінді оқып, баяндаңыз.

219-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде қандай реформалар жүріп жатыр? 2. Кейінгі кезде еліміздің жастары қай жақта білім алғанды қалайды?

41. Л/т. Білім берудің кредиттік технологиясы

Г/т. Сөйлемнің мағыналық түрлері. Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлері

Бәсекеге барынша қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін ең алдымен жоғары білім беру саласын реформалауды қолға алу қажет. Осыған көз жеткізген Үкімет жоғары білім жүйесін әлемдік үрдіске, халықаралық стандартқа сай ету үшін университеттерге білім берудің кредиттік технологиясын енгізуді міндеттеп, Еуропа мен АҚШ-тың жоғары білім беретін әлемдік озық үлгісін қабылдап отыр. Оқытудың кредиттік технологиясы деп аталатын жүйенің пайдалы және бүкіл әлемде өзін ақтаған тиімді тәсіл болып саналады.

Қазақстанның білім беру орындарында тәрбие мен білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жоғары оқу орындары – институт, университет, академия. Жоғары оқу орнына түсу үшін төрт пәннен бірыңғай ұлттық тестілеу тапсырады. 120 ұпай алған талапкерлер тегін оқиды және шәкіртақы алады. Республиканың ірі оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік Әлем тілдері университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет, т.б.

220-тапсырма. Төменде берілген сөздермен сөйлемдер құраңыздар және аудармасына назар аударыңыздар.

Білім беру – образование, тәрбие – воспитание, жүргізіледі - проводится, міндетті - обязательно, саты - ступень, бастауыш мектеп - начальная школа, түсу - поступать, орта білім - среднее образование, пән - предмет, тапсыру - сдавать, ұпай - балл, шәкіртақы - стипендия, талапкер - абитуриент, тегін - бесплатно, ақылы - платный, жеке меншіктік - частный, ірі - крупный, жоғары оқу орны - высшее учебное заведение.

221-тапсырма. Бірыңғай ұлттық тестілеу жөнінде әңгімелеп беріңіз.

Сөйлемнің мағыналық түрлері. Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлері

1.Жақты сөйлем (Личное предложение) – бастауышы бар сөйлем. Мысалы: Мен ауылға бардым. Кітап білім бұлағы.

2.Жақсыз сөйлем (Безличное предложение) – бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. Мысалы: Менің оқығым келеді. Енді бізге оқымасқа болмайды.

3.Жалаң сөйлем (Нераспрастраненное предложение) – тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. Мысалы: Ол келді. Той-думан болып тұрады.

4. Жайылма сөйлем (Распрастраненное предложение) – тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. Мысалы: Жаңбыр қатты жауып тұр. Той-думанды қызықты өткізді.

5.Толымды сөйлем (Полное предложение) – ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. Мысалы: Астананың ауа райы қыста өте суық болады. Биылғы бітіруші түлектер арттарына жақсы істер қалдырды.

6.Толымсыз сөйлем (Неполное предложение) – айтылуға тиісті тұрлаулы, я тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.

Мысалы: - Балам, қайдан келдің? – Астанадан.

Толымды түрі: -Балам, (сен) қайдан келдің? – (Мен)Астанадан (келдім.)

7.Атаулы сөйлем (Назывное предложение) – іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. Мысалы: Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы.

177-жаттығу. Сөйлемдердің түрлерін ажыратып, тыныс белгісін қойыңыздар.

Артық – білім кітапта Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған Тоқтар Әубәкіров – тұңғыш қазақ ғарышкері Мереке құтты болсын Бұл кім Тез кел Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар Көктем орнын берсе екен, кешікпей жаз келсе екен Қыс келіп, күз ауса екен, құс кетіп, кар жауса екен Көлдерге сең ықса екен, көктем ерте шықса екен Жеміс пісіп толса екен, күз тезірек болса екен

178-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердегі жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыздар.

1. Тіл тағдыры – ел тағдыры. 2. Ел тағдырында үлкен шежіре бар. 3. Елтаңба, Әнұран, Ту – Тәуелсіздік белгілері. 4. Ұлттық рәміздер халықтың тарихы мен болмысы туралы айтады. 5. Біз құпия құжатпен таныстық. 6. Қазақстанның валютасы – теңге - 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. 7. Инфляцияның алғашқы сынағынан сүрінбей өткен жаңа ақша – теңге – ел ішінде беделге ие болып келеді. 8. Сіз мына жазуды байқамадыңыз ба? 9. Ғарышты игеру – ХХ ғасырдың үлкен жетістігі.