Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

61. Л/т. Рекреациялық ресурстар

Г/т. Салалас құрмалас сөйлем

Рекреациялық ресурстардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени- тарихи ресурстар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл ресурстардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді.Мәдени- тарихи ресурстар адамдардың, яғни біздің арғы ата- бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен хрмадар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар – бұлардың бәрі Отанымыздың мәдени мұрасын құрайды.

Рекреациялық ресурстардың құрамына әр аумақтың мамандануы әр түрлі. Минералдық бұлақтарда емдік курорттар құрылған (Сарыағаш, Алма- Арасан, Щучье және т.б.). Су тоғандары (Қапшағай мен Бұқтыпма су қоймалары, Балқаш, Алакөл, Бурабай) шомылу- жағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Өзіндік рекреациялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар – рекреациялық аудандар осылай қалыптасады. Қазақстан ғалымдары С.Р. Ердәулетов және т.б. Қазақстан бойынша оңдаған рекреациялық аудандарға бөледі. Олардың ішіндегі ең ірілері – Солтүстік Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай.

Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық ресурстары өте мол, әлі толық зерттеліп біткен жоқ.

Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ, оның әр түкпірінен рекреация үшін пайдалануға болатын табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады.

Шығыста бұл – Мұзтау, Көккөл (Қазақстандағы ең биік 50 метрлік сарқырама) және Марқакөл («Алтайдың көл жанары»).

Шыңғыстау етегі, Еуразия «жүрегінде» орналасқан Абайдың, Шәкәрімнің, М.Әуезовтіңелі.Өлкенің мәдени астанасы – Семей қаласы.Оның туристік нысандарының ішінде екеуінің жөні бөлек, олар – Невзоровтар мұражайы («Қазақстан Эрмитажы») және ТМД-дағы алғашқы, ал әлемдегі 17-нің бірі – жаңа аспалы көпір.

Алматы облысымен шекарада Алакөл созылып жатыр.Бұл жерде шомылу – жағажайлық демалыс пен емделу рекреациялық зонасы қалыптасып келеді.Теңіздік типтегі суы мен балшығының емдік қасиеті зор.

Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері – елдің Оңтүстігі.Оның туристік рәміздері – атақты Хантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шырын каньоны, «Әнші шағылдар». Елді таңдандыратын Солтүстік Тянь-Шань тауларының қар басқан шыңдарының табиғаты әсем.Мұнда «Медеу» мұз айдыны (Әлемдік рекордтар ұстаханасы) мен дүниежүзілік дәрежедегі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты орналасқан.Оңтүстікте әлемге әйгілі «Алтын адам» мен ЮНЕСКО тізіміне енгізілген жартастағы Таңбалы тас суреттері бар Іле Алатауының етегінде еліміздегі ең ірі рекреациялық орталық – Алматы созылып жатыр.Көптеген туристер «Көне Тараз ескерткіштері» мен Отырар мұражай-қорықтарына, «кіші түрік Меккесі» - Түркістанға келеді. Оның нысандарының бірін алғаш рет ЮНЕСКО әлемдік мәдениеттің жетістігі деп бағалады.

305-тапсырма.

1.Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіз

2.Қазақстанның табиғи- рекреациялық және мәдени- тарихи ресурстары жайлы пікір алмасыңыздар.

3.Өз өлкеңіздің рекреациялық ресурстары жайлы мәнжазба дайындаңыз.

Баяндауыштары тиянақты, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлем салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Оның алты түрі бар:

Салаластың

түрлері

Жалғаулық шылаулары

Жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы

Жалғаулықсыз байланысуы

1

Ыңғайлас салалас

да, де,та,те, және, әрі

Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.

Биыл жайлауда болдым, ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.

2

Қарсылықты салалас

бірақ, алайда, сонда да, дегенмен

Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.

Көз – қорқақ, қол – батыр.

3

Себеп-салдар салалас

себебі, өйткені, сол себепті, сондықтан

Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

4

Түсіндірмелі салалас

Сілтеу есімдіктері:

мынау, сол, осы

Оның кемеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.

Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.

5

Талғаулы салалас

Не, немесе, не болмаса, я, яки,

я болмаса, әйтпесе

Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уақыт өтіп кетеді.

Ойланып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді.

6

Кезектес салалас

Бірде, біресе, кейде

Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.

Жалғаулықсызы жоқ, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.

235-жаттығу. Мәтіннен жалғаулық шылаулардың қайсысы ыңғайлас салаласта, қайсысы бірыңғай мүшелі жай сөйлемдерде жұмсалғанын ажыратып, себебін түсіндіріңіздер.

Тың көтеруде де, егін жинауда да олар совхоз бойынша алда болды. Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды. Жазғы таң ұйқыдан әрі тез әрі сергек оянды. Молынан алуға елдің бұрын күші де жетпеген, мүмкіндігі де болмаған. Жердің ойлы-қырлы бедеріне қарай және кеннің жатыс ыңғайына, формасына қарай тау қазбаларының түрі де әр түрлі келеді.