Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

49. Соөж Қазақ өнері мен мәдениеті

Қазақ халқы - өнер сүйген, оны ерекше қастерлеген халық. Ерте кезде-ақ қазақ даласында ән мен күй, өлең мен айтыс, сәулет пен зергерлік өнерлері мықтап дамыған. Театр, көркемсурет және кино өнерлері кейінгі жылдары ғана өрістей бастады.

1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш драма театры ашылды. Оның беташары М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пъесасы болды. Театрдың алғашқы ұйымдастырушылары және әртістері Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Қуаныш Жандарбеков т.б. еді. Театрды ең алғаш басқарған драматург әрі режиссер - Жұмат Шанин.

Кино өнері қазақ жеріне отызыншы жылдары ғана келді. Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, В.С.Ивановтың бірігіп жазған «Аманкелді» фильмі 1938 жылы экранға шықты. Кинотаспада Е.Өмірзақов сомдаған бейне мәңгі есте қалды.

Қазақ бейнелеу өнері Әбілхан Қастеев есімімен тығыз байланысты. Алматыдағы Мемлекеттік ұлттық өнер мұражайына Ә.Қастеев есімі берілген. Бұл мұражайға қазақ суретшілері мен мүсіншілерінің үздік туындылары қойылған. Қазақ сурет өнерінің майталмандары Әбілхан Қастеев, Қанапия Телжанов, Гүлфайруз Исмаилова, Айша Ғалымбаеваларды көптеген елдер біледі. Сондай-ақ, қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың жасаған «А.Иманов» (1958 ж.), «С.Сейфуллин» (1965 ж.), «Ш.Уәлиханов» (1966 ж.) мүсіндерінің алатын орны да ерекше.

Қазақ халқы - әнге бай, сөзге шешен халық, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Әміре сияқты күміс көмей әншілері мен Құрманғазы, Дина, Тәттімбет сынды тамаша күйшілері болған. Әміре Қашаубаев 1925 жылы Францияның Париж, 1927 жылы Германияның Франкфурт қаласында ән салып, өзінің таңғажайып даусымен Еуропа халқын таң қалдырған.

Әдебиет саласындағы М.Әуезовтің прозасын, М.Мақатаевтың поэзиясын, Ғ.Мүсіреповтің драмасын т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын көпшілік сүйсініп оқиды. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы дүние жүзінде жоғары бағаланып, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

250-тапсырма. Қазақ өнері мен мәдениеті туралы әңгімелеміз.

50. Л/т. Мәдениет – халықтың ең үлкен рухани азығы

Г/т. Толымды, толымсыз сөйлем

Тілдік этикет тәлім-тәрбие ұғымымен байланысты. Этикет дегеніміз – адамдардың тұрмыстағы өзара қарым – қатынасына байланысты ережелер жиынтығы. Тілдік этикет , әрине , сөйлесу мәдениетімен етене жақын.

Қоғамымызда қалыптасқан көптеген ережелер мен рәсімдер бар. Мысалы, сөйлесу кезінде парасатты кісі көбіне мынадай ережелерге сүйенеді.

1.Өзінің тыңдарманына ақжарқын қарап, оған сөзімен, іс -әрекетімен ол ренжитіндей қылықтар көрсетпеуі тиіс.

2. Сыпайылық сақтап, тыңдаушысының жасын, қоғамдағы орнын, әлеуметтік сипатын, т.б. ескеруі керек. Дер кезінде алғыс айтуды, кешірім сұрауды, құттықтауды, қолдауды ұмытпауы тиіс.

3. Сөйлесу кезінде «мен» есімдігін тым көп қолданбаған жөн.

4. Тақырыптың ауқымын, әңгіменің түйінін ұмытпай, әңгіме кезінде әр түрлі: қимыл – белгілерді (мимика, дене қозғалысын) қолданбағаны дұрыс.

5. Әңгіме тақырыбы сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ қызықты болуы ләзім.

Ал тыңдаушы өзін төмендегі ережелерге сәйкес ұстайды:

1. Егер біреу оған тіл қатса, жұмыстарын ысырып қойып, әлгі кісіні жақсылап тыңдап алуы керек.

2. Тыңдарман әлгі кісіге деген құрмет сезімін танытып, әңгіме тым ұзаққа созылған жағдайда шыдамсызданбағаны жөн.

3 . Сөйлеушінің сөзін, ойын бөлмеу – екі жаққа бірдей басты шарт болып есептеледі.

4. Әріптесінің пікіріне қосылатын немесе қосылмайтынын білдіріп отырудың еш сөкеттігі жоқ.

Тілдік этикет адамдардың қарым –қатынасында тіл қату, сәлемдесу, танысу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, тілек білдіру, шақыру, мақтау т.б. бәрін реттеп, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Сөйлеу актісі сәлемдесу рәсімімен басталады. Сондықтан ол тілдік этикеттің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. (Ж..Нығмет. Қазақ тілі хрестоматиясы

251-тапсырма.

1. Сөздерді оқыңыз, жазылуына назар аударыңыз: тәлім-тәрбие, әлеуметтік, ауызекі, саптау, сыпайылық, ауқым.

2. Мәтінді аударыңыз.

3. Қарамен терілген бөлімдерді дәптерге жазыңыз.

4. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз: ... мәдениет, ... ұғымымен, ... жағдайы , ... рәсімімен , ... сөзін, ... сұрау.

5. Бұйрық райлы етістіктердің жасалуына көңіл бөліңіз.

6. Мына сөздерден бұйрық райлы етістіктер жасаңыз: саптау, білу, сөйлесу, бөлу, араласу, қоштасу, танысу, кешірім сұрау.

7. Осы тақырып негізінде әңгімелесіңіздер.

8. Берілген тілдік этикет ережелерін жаттап алыңыздар.

Толымды сөйлем (Полное предложение) – ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. Мысалы: Астананың ауа райы қыста өте суық болады. Биылғы бітіруші түлектер арттарына жақсы істер қалдырды.

Толымсыз сөйлем (Неполное предложение) – айтылуға тиісті тұрлаулы, я тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.

Мысалы: - Балам, қайдан келдің? – Астанадан.

Толымды түрі: -Балам, (сен) қайдан келдің? – (Мен)Астанадан (келдім.)

214-жаттығу Толымды және толымсыз сөйлемдердің жасалуына назар аударыңыздар.

Кітап оқуды өзім де жақсы көремін. Қазыкеннің де бала жастан көп оқитынын білем. Осыған әкесінің қайсарлығы мен ақындығы жұққан ба деп те ойлап қоятынмын. Бұл жөнінде алғаш сөйлеген Жандос еді. Ол Әсияға қазақша сыбырлады.

Қасындағы Мырзаханға Құнанбайдың жалғыз айтқаны:

- Майырды Керекуде тосыңдар. Тосып алып, содан әрі бірге тартыңдар! – деді.

- Өзі әйтеуір азбай ма екен? – деп Мырзахан қадалып еді.

- Азбас. Азып сонша ен бопты! – деп, біраз отыра түсіп: - бірақ әлі өзіміз көрсететінбір қайрат та бар. Дер кезінде айтармын. Беліңді әрдайым бекем буғайсың, - деді.