Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Негізгі деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:

181-жаттығу

1. БҰҰ-ның басты органдарын ретімен орналастырыңыз.

а) Қауіпсіздік Кеңесі, Халықаралық Сот, Экономикалық және әлеуметтік Кеңес. Хатшылық. Бас ассамблея.

Мәтін ішінен дипломатиялық және халықаралық терминдерді теріп жазыңыз.

182-жаттығу

«Құпияны ашу» ойыны.

Сұрақ: Қазақстан алғаш рет қандай халықаралық ұйымға мүше болды?

183-жаттығу

а) «БҰҰ-ң құрылуы және оның бүкіл әлемдік маңызы» деген тақырып бойыша сұхбаттасыңыз.

ә) БҰҰ туралы өзіңіз білетін мәліметтер жайында әңгімелеңіз

Орта деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:

184-жаттығу

Мәтінді оқып, мазмұнын есте сақтаңыз (запомните)

Президент Н.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Қазақстанның сыртқы саясаты туралы сөз сөйлейді және Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастама көтерді. Нью-Йоркте БҰҰ Бас Хатшысы Б.Галимен кездесті. Алматыда БҰҰ Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды.

ҚР маңызды сыртқы саяси оқиғаларының хронологиясынан: 13.10.1992ж.

185-жаттығу

а) Газет лексикасымен жұмыс.

Мен оқитын мақаланың тақырыбы «Қазақстан және Бірікен Ұлттар Ұйымы» деп аталады, айдары: «Мемлекетаралық сапар»

Тақырып пен тақырыпшаны қайталап оқыңыз.

  1. Мақаланың тақырыбы мен тақырыпшасын оқи отырып, мақала-мәтінін оқығанға дейін сөздер тізімін жасаңыз.

  2. Осы сөздердің орыс тіліндегі баламасын беріңіз.

186-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңыз.

ә) 1-ші сөйлем: Екі мемлекеттің басшылары келіссөз ... .

2-ші сөйлем: Түрлі халықаралық құжаттарға ... ... .

б) «Сапар» сөзімен берілген сөздерді қатыстырып тіркес жасаңыз.

Ресми, мемлекетаралық, дипломатиялық, үкіметаралық, іс.

187-жаттығу. Досыңызбен, көршіңізбен екі мемлекет арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы сұхбаттасыңыз.

Аралық бақылау.

1. Бұл тілдердің қайсысы БҰҰ-ның ресми тілдерінің қатарына кірмейді?

А) Неміс, жапон, корей

В) Араб, қытай, ағылшын

С) Испан, орыс, француз

2. Қазақстан БҰҰ-ға қашан қабылданды?

А)1994 жылдың 12 қарашасында қабылданды.

В) 1945 жылдың 24 қазанында қабылданды.

С) 1992 жылдың 2 наурызында қабылданды.

3. Біріккен сөздер қай қатарда?

А) ынтымақтастық, бейбітшілік, хатшылық

В) ізашар, шекара, желтоқсан

С) бүлінушілік, бостандық, әлеуметтік