Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

59. Соөж Асанәлі Әшімов

Актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келді. Ол 1961 жылы Алматы консерваториясын бітірген.

Асанәлі Әшімов студент кезінде әртүрлі фильмдерде ойнаған: олар Кенжетай (“Ботагөз”), жанай (“Асау Ертіс жағасында”), Бектасов (“Бір ауданда”), Болат (“Ұшы қиырсыз жол”) рольдері.

Ол консерваторияның актерлік факультетін бітірген соң “Қазақ фильм” киностудиясында Мұрат (“Менің ұлым”), Ескендір (“Торап”), Тұрар (“Тұлпардың ізі”) сияқты әр алуан бейнелер жасады. Аснәлі Әшімов 1964 жылы Қазақ академиялық драма театрына шақырылып, 1987-1988 жылдары осы театрдың көркемдік жағын басқарды. Театрда Серке Қожамқұлов, Сәбира Майқанова, Шәкен Айманов, Хадиша Бөкеева сынды өнер тарландарының шеберлік мектебінен тәлім алды.

Асанәлінің театрдағы тұңғыш ролі М. Әуезов пен Л. Соболевтің “Абай” спектакліндегі - Айдар ролі. Содан кейін Кебен (“Еңлік-Кебек”), Шуақ (“Қарақышпақ Қобыланды”), Қозы, Қодар ( Ғ. Мүсіреповтің “Қозы-Көрпеш - Баян Сұлу”) сияқты әр түрлі қоғамдағы әр қилы мінезді бейнелерді сомдады.

Бұлардың бәрі махаббат пен терең сезімнің ұштасуынан туған тосын образдар ретінде қазақ сахна өнерінің тарихында қалды.

Сонымен қатар Асанәлі Әшімов - қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актер. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз- Жібек”), Шадияров (“Атаманның ақыры”) рольдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті.

1979- 1982 жылдары педагогикалық қызметпен шұғылданды. Ол 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті.

2000 жылдан бастап өткізілетін “ Жыл таңдауы”- жылдың үздік адамдарын іріктеу фестивалінің 2001 жылғы “Алтын адам ” символдың мүсін белгісінің иегері болды.

(Ұлттық энциклопедиядан)

294-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

295-тапсырма. “ Актер, театр” деген сөздермен сөз тіркестерін атаңыздар.

296-тапсырма. Асанәлі Әшімов ойнаған бір фильм туралы өз пікіріңізді айтыңыз.

297-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Приз фестиваля, режиссерское творчество, первая роль, человек года, обладатель приза, глубокое чувство, сыграть роль.

298-тапсырма. Сахна, сахнагер, қойылым сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

60. Л/т. Қасиетті іс

Г/т. Құрмалас сөйлем

Экология алдымен адамның өз басынан –адам жанының экологиялық тазалығынан басталса керек. Ол үшін табиғат пен адамның бөлінбейтін біртұтас дүние екендігі жайлы атам заманнан қалыптасқан таным-нанымдар, халықтың табиғат тәлімдерін шымшымдап баланың бойына сіңіру керек деп ойлаймын.

Менің әлі күнге дейін есімде, кішкене кезімізде әр көктем сайын аталарымыз ауылдағы ойын баласын тегіс жинайтын. Оларға естияр бірнеше жігіт-желеңді бас етіп, бұлақтардың көзін ашуға жіберуші еді. Сонда ата-әжелеріміз «Бұлақтың көзін ашу- Меккеге сапар шеккендей қасиетті іс, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады, су мол болса, астық та көп, гүл де жайқалып өседі. Адамдар мен жануарлар тоқ болады, тоқ болса, бір-біріне қастық жасамай бейбіт жүреді. Бастаудың көзін ашсаңдар, өмір-тіршіліктің де көзін ашқандарың » дейтін. Осыны естігенде тіршіліктің тірегі бізге қарап тұрғандай қанаттанып, бірімізге-біріміз қалмай бұлақтар мен тұнбалардың көзін ашып, су ағатын жылғаларды тазалауға кетуші едік.

Үлкендер жаңа шыққан көк шөпті, жабайы гүлдерді «көктей солдырма, көктей соласың» деп жұлуға, таптауға тыйым салатын. «Құмырсқаның илеуін, құстың ұясын бұзба, үйге жамандық кіреді, өйткені сен өзгенің мекенін бүлдірдің», - дейтін әжелеріміз.

Жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып соғатын күшін ғажап бір сезімталдықпен түсінген сол үлкендеріміз «обал!», «сауап», «күнә», «тәубе», «алғыс» деген адамның арын сақтайтын ұғымдармен түсіндіруші еді. (К.Ахметова. «Кәусар бұлақ»)

299-тапсырма.

1. Оқып шығыңыз және көшіріп жазыңыз.

2. Мәтіннен есімдікті табыңыз.

3.Фонетикалық талдау жасаңыз:

Бұлақ, тіршілік, сауап.

4. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз:

Экология алдымен адамның өз басынан –адам жанының экологиялық тазалығынан басталса керек.