Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Атырау – мұнайлы өлке

Атырау – Қазақстандағы ескі қалалардың бірі. Оның іргесі 1640 жылы қаланды. Қаланың Гурьев аталуы орыс көпесі Михаил Гурьевтің есімімен байланысты. Ол 1640 жылы өз туыстарымен Жайық бойына көшіп келіп, балық аулау кәсіпшілігін ашқан.

Атырау – мұнай өндіру, балық аулау, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өндіру, құрылыс материалдарын өндіру жағынан өте дамыған өңір. Атырау қаласы – облыс орталығы. Облыстың Мақат, Доссор, Қосшағыл, Құлсары т.б. мұнай өндірістерін дүние жүзі біледі.

Атырау алқабы мәдени ескерткіштерге өте бай. Хан ордасы Сарайшық кесенесі салынды. Күй атасы Құрманғазы, Дина Нұрпейісова осы елден шыққан. 1955 жылы қаланың Гурьев аты Атырау болып өзгерді.

Облыс құрамында бір қала, жеті әкімшілік аудан бар. Соның ішінде Мақат және Жылыой мұнайлы аудандары. Ал Атырау қаласы – мұнай-газ өңдеу өнеркәсібінің орталығы. Атырау өңірі түрлі пайдалы қазбаға, бай, соның ішінде, ілеспе газдары бар тұз үсті және тұз асты мұнай кен орындары ретіндегі көмірсутегі шикізаттары, Атыраудың кен орындары елді мекендерден өте алыс жатыр. Ең жақын деген Сарықамыс поселкесінің өзі 70 шақырым. Одан кейінгі жақын жер 90 шақырымдағы “Опорный” темір жол станциясы.

Исатай ауданының орталығы Аққыстау кеніші мұнайшылардың қалашығына айналды. Аққыстауда 15 пәтерлік көп қабатты үйлер салынып, пайдалануға берілді. Сол сияқты Елемес, Сазтөбенің басында жұмысшыларға арналған жатақханалар салынды.

Атырауда ұлттық және шетелдік көптеген белгілі компаниялар табысты жұмыс істеп жатыр: “Қазақойл – Ембі”, “Қазақстан Каспий Шельф”, “Теңізшевройл”, “Жайық мұнай”, Agip, Chevron, MobiI, British, Gas және т.б..

Облысымызда көптеген мұнай-газ өндіруші өндіріс орындары бар: Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау химия зауыты, “Ембімұнайгаз”, “Теңізмұнайгаз”.

108-тапсырма:

1 Мәтінді оқып, көшіріп жазыңыз.

2. Облыс, қала, әкімшілік, аудан, мұнай, жұмысшы, жатақхана Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.Сөздерін орысшаға аудару.

3. Мұнай, қала, ұлт, жатақхана сөздеріне сөйлем құраңыз.

4.Атыраудың кен орындары елді мекендерден алыс жатыр. Осы сөйлемдерге фонетикалық талдау жасаңыз.

Сырға толы Сарайшық

Сарайшық - Атырау қаласының солтүстігінен 50 километр жерде Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан орта ғасырлық қала. Тарихи деректерге қарағанда қала іргесі ХІ ғасырда қаланған. Ол - Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым Қытаймен байланыстырған маңызды діни саяси-экономикалық орталық. Сарайшық - Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны. Ол Шыңғыс ұлы Бату Сарайынан кейінгі екінші астана, кезінде Кіші Сарай есептелінген. Сарайшық қаласының гүлденген дәуірі - ХІІІ-ХІҮ ғасырлар аралығы. Қасым ханның тұсында Сарайшық қазақ хандығының алғашқы астанасы болды.

Сарайшықта болған орыс ғалымы А.Левшин қала тарихы туралы былай деп жазды: “ХҮІ ғасырдың аяқ шенінде казак қарақшыларының қайқы қылышы Каспий теңізінің бойымен шырқ үйіріле отырып, Жайық өзенінің сағасына дейін жетті. Осы жерде казактар өзі тұтқынға алған адамдардан 50 шақырымнан азырақ жерде татар хандарының астанасы Сарайшық тұрғанын біледі. Осыншамалық тиімді жердің /сауда керуендері өтетін/ казактарды еліктірмеуі мүмкін бе? Олар қайықтарға мініп, Жайықты бойлай жоғары көтерілді де, Сарайшыққа тұтқиылдан тап беріп, оны жауыздықпен жағып жіберді және тек тірі адамдарды ғана айуандықпен қинап қойған жоқ, сол сияқты өлілердің де молаларын қазып, оларды тонады”. Бұл 1850 жылы болған еді. Одан әрі А.Левшин: “Осы жылдың жазында патша ағзамның казактары Сарайшыққа келіп, ұрыс салғанын және қаланы өртеп, жерден өліктерді суырып, табыттарды тонағанын Ұрұс хан да айтқан болатын” деп еске алады. Осындай деректерді тарихшы Г.Карамзин де жазып қалдырған. Ғасырлар бойы жасаған тарих ондаған жыл ішінде нағыз тағылықпен жойылды. Кейін Ресей патшалығы гүлденген қала орнына отаршылдық бекініс салып, ол сол мақсатқа сай Қазан төңкерісіне дейін сақталып келді.

109-тапсырма:

  1. Мәтінді оқып, мазмұнымен таныс.

  2. Жоспар бойынша әңгімеле. а) Сарайшық - орта ғасырлық қала.

ә) Шапқыншылық пен тонауға ұшыраған Сарайшық.

б) Сырға толы қаланың зерттеулері.

3. Сарайшық туралы қосымша мәліметтермен таныс.

Сөздік

солтүстік – север

оң жағалауында – на правом берегу

қала іргесі – фундамент города

ХІ ғасырда – в ХІ веке

байланыстырған - связывал

маңызды – значительный, важный, содержательный

діни - религиозный

саяси-экономикалық – политико-экономический

орталық - центральный

қарақшылар – разбойники, пираты, грабители, бандити

тұтқиылдан тап берді –внезапно атаковали

табыттарды тонаған – грабили могилы

қаланы өртеді – сожгли город

отаршылдық бекініс салды – строили коллонизаторские укрепленияй

қазан төңкерісіне дейін – до октябрский революций

сақталып келді - сохранился

Лексика сөз мағыналарын, сөз байлығын зерттейді. Кез-келген сөздің мағынасы болады.

  1. жаңбыр, жел – табиғат құбылысының атауы

  2. ақ, қара – түс атауы

  3. екі, бесінші – санды білдіреді.

  4. келу, бару – қимылды білдіреді.

  5. ертең, бүгін – мезгілді білдіреді.

Тура мағына Ауыспалы мағына

Қара шаш қара жүрек

Суық тамақ суық хабар

Қисық ағаш қисық адам

Ұзын жол ұзын хабар

Ақ көйлек ақ сезім

108-жаттығу. Мына сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп, ауыспалы мағынада тұрған сөздерді бір бөлек, тура мағынада тұрғандарды бір бөлек жазыңыздар.

Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); суық (су, сөз хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қарын, ауыз, су); бет (моншақ, әжімі, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, орамал); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос)