Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

40. Л/т. Қазақстанның білім беру жүйесі. Білім саласындағы жаңа бағыттар

Г/т. Сөйлем

Бүгінгі таңда елімізде стратегиялық бағыттар белгіленіп, 2020 жылға қарай білім­ді ел, саналы экономика және жоғары білікті жұмысшы күшін қалыптастыру межесі көзделіп отыр. Яғни, білім беру ісін дамыту еліміздің келешектегі гүлденуінің басты кілті, тұғырнамасы болуы тиіс. Бұл үшін білім беруді түбегейлі түрде жетілдіру қажет, демек, білімге салынатын қаржының мөлшерлі және тұрақты түрде көбеюі дегеніміз – білім беру сапасының артуы болып шығады. Білім тек экономикалық жағынан тиімді ғана болып қоймай, әлеуметтік тұрғыдан да пайда әкеледі. Елдің даму үдерісінде адами құндылық­тар­дың өркендеуі стратегиялық маңызды мақсат болып саналады. Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесінің көркеюі адам капиталының рөлін бағалауға, тең білім алу мүмкіндіктерін туғызуға, жоғары білім беру стандарттарына қол жеткізуге көңіл бөле отырып жүргізуді қарастырады. Осы орайда Елбасының “Болашақ” бағдарламасы адам капиталын дамытуға зор үлес қосқан жобалардың бірегейі болып табылады. Егеменді елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, Ыбырай Алтынсарин анықтама беріп кеткендей, “Мектептің басты жүрегі – мұғалім”. Қо­ғам үшін мектеп – білім мен тәлім-тәр­бие­нің ұясы, келешектің тағдырлар тоғысы, ұрпақтар сабақтастығының тірі куәсі. Мұғалім қандай болса шәкірті де сондай болмақ.

 217-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыздар.

Сөйлем

Біршама тиянақты ойды білдіретін бір не бірнеше сөзден немесе сөз тіркесінен тұратын грамматикалық бірлікті сөйлем дейміз.

Мысалы: Қыс. Қыстың ұзақ түні. Қыстың ызғарлы ұзақ түні. Қыстың ызғарлы ұзақ түнінде ақ қарды сықырлата басып келеміз. Қыстың ызғарлы ұзақ түні болса да, ақ қарды сықырлата басып, көңілді жүріп келеміз. Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер хабарлы, сұраулы, лепті және бұйрықты сөйлемдерге бөлінеді.

Белгілі бір оқиға, құбылыс, адам не нәрсе туралы хабарлай айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Мысалы: Бүгін ауа райы жанға жайлы. Көп жасағаннан сұрама , көп оқығаннан сұра. Абайдай данышпан адам дүниеге сирек келеді.

Сұраулы сөйлем – бір нәрсе, бір мәселе жайында жауап алу мақсатында жұмсалады. Бұл сөйлемдер қазақ тілінде екі түрлі жолмен жасалады: 1) ма/ме, ба/бе, па/пе сұраулық шылауының бір тұлғасы арқылы: Сіз оны білесіз бе? Ол ауылға кетті ме?

2) Сұрау есімдіктері арқылы жасалады. Сен оқуды бітірген соң кім боласың? Сіз қай жақтан келіп едіңіз?

Бұйрықты сөйлем деп іс-қимылға итермелеу, орындауға ұмтылдыру мақсатында айтылған сөйлемді айтамыз. Мысалы: Сәлемімді түгел жеткізсін! Бұйрықты сөйлем негізінен -шы/-ші жұрнағының бір тұлғасы арқылы жасалады. Сәл тоқтай тұршы. Сіз отыра тұрыңызшы.

Лепті сөйлем - адамның көңіл күйіне байланысты әр түрлі сезімді білдіру үшін қолданылады. Қарашы, қандай биік ағаш! Шіркін, Ақмоншақ! Көркі ғой біздің ауылдың! Лепті сөйлем одағайсыз көтеріңкі дауыспен айтылып, хабарлы, бұйрықты, сұраулы сөйлемдерден бола береді. Балалар, келіңдер мында! Жаным-ау, қайда ғана жоғалып кете қалдың?!

175-жаттығу. Сөйлемдердің түрлерін ажыратып, тыныс белгісін қойыңыздар.

Артық – білім кітапта Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған Тоқтар Әубәкіров – тұңғыш қазақ ғарышкері Мереке құтты болсын Бұл кім Тез кел Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар Көктем орнын берсе екен, кешікпей жаз келсе екен Қыс келіп, күз ауса екен, құс кетіп, кар жауса екен Көлдерге сең ықса екен, көктем ерте шықса екен Жеміс пісіп толса екен, күз тезірек болса екен

176-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердегі жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыздар.

1. Тіл тағдыры – ел тағдыры. 2. Ел тағдырында үлкен шежіре бар. 3. Елтаңба, Әнұран, Ту – Тәуелсіздік белгілері. 4. Ұлттық рәміздер халықтың тарихы мен болмысы туралы айтады. 5. Біз құпия құжатпен таныстық. 6. Қазақстанның валютасы – теңге - 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. 7. Инфляцияның алғашқы сынағынан сүрінбей өткен жаңа ақша – теңге – ел ішінде беделге ие болып келеді. 8. Сіз мына жазуды байқамадыңыз ба? 9. Ғарышты игеру – ХХ ғасырдың үлкен жетістігі.